Кірпінің жанұясы ертегісі арқылы сөйлеуді дамыту және қайырымдылыққа тәрбиелеу бойынша сабақ жоспары

Тәрбиеші: Искакова Кунсулу Tуребаевна

Білім саласы: Коммуникация

Кіші саласы: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кірпінің жанұясы»

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрет.

Балалардың ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыру. Қайырылымдылыкка жаксылык жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекілік : Қуыршак театры ширма.

Әдіс-тәсіл: сұрақ- жауап түсіндіру

Сабактың барысы:

Ұйымдатыру бөлімі:

Шаттық шеңбер: Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Біз тілейміз сіздерге

Әрқашанда ашық күн,

Жарайсыңдар балалар. Кәзір жылдың қай мезгілі ? Жыл мезгілі қыс. Қыс мезгілінің ерекшеліктеріне тоқталу. Қыстың қандай ерекшеліктері бар? Күн салқын, аяз, Адамдар қалың киінеді.

Мен жұмбак жасырайын, сіздер шешіңдер,

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолын тоңады,

Тағы қыс туралы не білесіңдер? (Қар)

Тақпақ: Аппақ, аппақ қар аппақ.

Қар жамылған дала аппақ.

Қырау, қырау тал аппақ.

Айналаның бәрі аппақ.

Жарайсыңдар балалар .

Балалар бүгінгі іс -әрекетіміз ертегілер туралы, сіздер қандай ертегілер білесіңдер .

Бауырсақ, шалқан, мақта пен мысық.

-Иә өте дұрыс.

Ал бүгін жаңа бір ертегі айтып берейін. Сіздер мұқият тыңдайсыңдар ма?

-ия тыңдаймыз.

Алдымен жұмбақ жасырайын

Үсті толы ине

Бір мақта іс тігіп

Қадамайды ине. (Кірпі )

Балалар мына суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар

--Кірпінің

-Иә кірпі, жұмбақтың шешуі кірпі,

Міне қазір кірпі туралы ертегі тыңдайсыңдар. «Кірпінің жанұясы» деген,

-Ерте, ерте ертеде бір кішкентай кірпі болыпты.

Оның жанұясы (әкеі, анасы, ағасы, інісі) болыпты. Бір күні кірпі жанұясымен орманға серуенге әрі қысқы азықтарын жинауға шығыпты, Келе жатып кішкентай кірпі өсіп тұрған саңырау құлақты көріп аң-таң болды, Сөйтіп тұрып жан-жағына қарасам, ешкім жоқ, Кірпі жылап ата-анасын іздей бастайды, Сол кезде аю шығады.

Аю: -Кірпі сен неге жылап отырсың?

Кірпі: жыламай қайтейін, мен жанұямнан адасып калдым, Сен маған көмектесші.

Аю: -Е көмектесуге болады, бірақ менің қарным ашып тұр, Маған берер балық бар ма?

Кірпі: жоқ-дейді

Аю: ендеше мен саған көмектесе алмаймын, ( аю кетіп қалады) Кірпі жылап өзі қалады, Бір мезгілде түлкі келеді,

Түлкі: -менің қарным ашып бара жатыр, азық болатын бірдеңе кездесер ме екен?

-Е бір дыбыс шығады ғой, не жылап отырсың не болды?

Кірпі:-мен жанұямнан адасып калдым, менің әке шешемді көрген жоксыңба ?

Түлкі: -Көрсем көрген шығармын

Кірпі:-Алақай!Қайда мені тездетіп апаршы?

Түлкі: -жоқ тоқта сен маған не бересің?

Кірпі: -менде саңырау құлақ бар,

Түлкі: -Саңырауқұлақ, жоқ-жоқ мен саңырауқұлақ жемеймін, Маған балық керек,

Кірпі: -Менде балық жоқ,

Түлкі: -Балық жоқ болса менің кетуім керек, \деп түлкі кетіп калад/

Кірпі жылап отырады, Сол кезде серуенде жүрген балалар кездеседі, Кірпі балалардан көмек ұрайды,

Қ/О: «Кім жылдам ? »

Тәрбиеші: Қане балалар кірпіге көмектесейік, балалар кішкентай кірпінің жанұясын тауып береді,

Кірпі: Рахмет балалар деп алғысын айтады,

Қорытындылау бөлімі:

Міне балалар ертегі сіздерге ұнады ма?

Кішкентай кірпіге кімдер кездесті.

---Аю, Түлкі.

---Ия

---Ал кімдер көмектеседі?

---Біздер

--Жарайсыңдар балалар. Рахмет. Біз үлкен жақсылық жасады. Әрдайым қайырымды болсақ өскенде өте жақсы азамат, азаматша болыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Сөйлеуді дамыту сабағы: Өзіңе және өзгелерге көмектесу арқылы достыққа тәрбиелеу
Тіл дамыту: Жеті қазынаның бірі ертегісі арқылы сөйлесуді, түсінуді және мәнерлі сөйлеуді дамыту
4-сынып: Алма мен Бәйтерек ертегісі арқылы тілдік дағдыларды дамыту сабақ жоспары
Наурыз тақырыбы бойынша аралас сабақ жоспары: М. Дулатовтың өлеңі арқылы оқу, тіл дамыту және тәрбиелеу
Жылы сөз - жақсы тілек: мейірімділік пен қайырымдылыққа тәрбиелеу сабағы
Тіл дамыту бойынша технологиялық карта: Түлкі мен тырна ертегісі
Ерте жас тобының сөйлеуді дамыту бойынша технологиялық карта №23: Біз көңілді көжекпіз
Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі арқылы балаларға достық пен адалдықты тәрбиелеу
Үйшік ертегісі: сызықтар мен нүктелер арқылы үйшікті бейнелеу және негізгі түстерді ажырата білуді дамыту
Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі арқылы ересек Аққу тобын табиғат пен құстарға қамқор болуға тәрбиелеу - қалалық семинар-сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz