Кештің мақсаты

Б. Онтаев атындағы жалпы орта мектебі

"Физика-математика ғалымдары жайлы деректер".

(Ғылыми-танымдық, сазды кеш) .

Ұйымдастырушы:Нысанбаева Жанат Бактыбаевна

Қатысушылар:6-11 сынып оқушылары

C:\Users\ДУМАН\Desktop\Рисунки\1385397806_741951753aedeb40e484e5347da21dd2.jpg

Монтайтас 2017ж.

«Физика-математика ғалымдары жайлы деректер".

(Ғылыми - танымдық, сазды кеш ) .

Кештің мақсаты:

Барлығы: Ғалымдардың еңбегімен танысады.

Басым бөлігі: Өз беттерінше ізденеді.

Кейбірі: Ғылыми көзқарасы өзгереді, ой-өрісі дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Барлығы: Ғалымдардың еңбегімен танысады, оқуға көңіл бөледі .

Басым бөлігі: Өз беттерінше ізденіп мәлімет жинақтайды.

Кейбірі: Ғылыми көзқарасы өзгереді, ой-өрісі дамиды, қызығушылықтары артады.

Кіріктірілген модулдер: СТО, АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

  1. Кешті өткізуге дайындық:

А) Кешке қатысатын оқушыларға физик, математик ғалымдар жайлы рефераттарын даярлайды.

Ә) Кешке қатысатын оқушылар ғалымдардың өмірімен байланысты көріністерге дайындалады.

Б) Кеш өткізілетін орынды безендіріп, сахнаны дайындау.

  1. Кештің барысы:

1-Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді кеш қонақтары! «Физика-математика ғалымдары жайлы деректер" атты (Ғылыми - танымдық, сазды кешімізге қош келдіңіздер.

2-Жүргізуші:

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Біреуінің дөңгеленген биі бар.

Биші қыздар әсемдікпен бұралғанда

Жанарың жалын атпай тұра алған ба?

(Қыздар тобы, би билейді)

1-Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім , - деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика, физика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математика және физика пәндерімен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-Жүргізуші:

Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін, дей келе кезекті оқушыларға берелік

1-Жүргізуші: Ал енді ұлы ғалымдардың еңбектерімен танысайық.

Аль Фараби ( слайд, реферат. Тұрсынбай Ақерке 7 "А" сынып)

2-Жүргізуші: Математика ғылымы -ермек емес балалық

Математика ғылымы -көрегендік даналық Космос кезген ракеталар дәл бүгін Ешкімгеде таңсық емес жаңалық

Эвклид (слайд, реферат. Сейіт Нурила 10"Б" сынып )

1-Жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты

Ақыл ойлар әлемді арбап алды

Математика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

Пифагор( слайд, реферат. Тағайбек Дамира 10 "Б" сынып) Көрініс. ( Пифагор мен грек қалаларының бірінің билеушісі арасындағы диалог)

2-Жүргізуші: Архимедті патша үйіне

«Алтын тәжді» зертте деп шақырды.

Көп қиналып, күні түні ойланып, ол өзін ваннадағы толы суға батырды

Салмақ, көлем, тығыздықты

Суда жасап есептеп

Қуанғаннан «Эврика!»-деп айқайлап ваннаға түскен күйде көшеге жүгіріп шығыпты. Осылайша, сол сәтте гидростатиканың негізгі заңы: Архимед заңы ашылған.

1) Архимед ( слайд, Архимедтің еңбектері жайлы реферат. Слайхан Ақдидар 10 "Б" сынып)

2) Абдрайым Гүлнүр іс-тәжірибе жасап көрсетеді.

1-Жүргізуші : Білгенге білім-байлық бағасы артық

Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан

Үйренсең өнер білім өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Фалес ( слайд, реферат. Төрехан Балжан 10 "

2-жүргізуші: Рене Декарт. ( слайд, реферат. Абду Нәзік 11 "А" сынып)

1-Жүргізуші : Байқалмай біз отырған бір әнші бар

Өнеріне өзгелер тәнті шығар. ( ән айтылады. Төлентай Диас 7"А")

2-жүргізуші:Карл Гаусс. ( слайд, реферат. Балабек Ақерке 8 "А")

Интерактивті тақтада флипчартта 6 сынып оқушылары Қыдырбек Шұғыла 1-ден 10-ға дейн және 1-50-ге дейін сандардың қосындысын табудын тиімді жолын көрсетіп, түсіндіреді .

Керімбек Олжас 1-100-ге дейін сандардың қосындысын табудын көрсетеді.

Слайдта оқушыларға есептер беріледі, тапсырмаларды Гаусс әдісін қолданып шығару керек.

1-Жүргізуші : Николай Лобачевский . (слайд, Н. Лобачевскийдің еңбектері жайлы реферат)

2-жүргізуші: Орынбек Жаутіков . (слайд, О. Жаутіковтің еңбектері жайлы реферат)

1-жүргізуші Сергіту сәті . ( логикалық тапсырмалар)

Жіберілген санды табыңдар:

  1. (112) 39 9 ( 45) 81

8 (36) 64

  1. (…) 49 10 (…) ?

234 (333) 567

345 (…) 678

2-жүргізуші: Мұхтарбай Өтелбаев. ( слайд, М. Өтелбаевтің еңбектері жайлы реферат Назым 11"Б")

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хаям, Әл Фараби жолын қуса

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса

1-жүргізуші: Исаак Ньютон.

1) Cлайд, Ньютонның еңбектері жайлы реферат .

2) Құрал Руслан алмамен іс-тәжірибе жасап, түсіндіреді.

2-жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң-тілімен Жылағанда жүрегім күн тұтылып Қуанғанда күлкімен түн түрілген.

Асқар Жұмаділдаев. (слайд, А. Жұмаділдаевтің еңбектері жайлы реферат)

1-жүргізуші: Ал енді "Кім жылдам " ойынын ойнап жіберейік.


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік әлеміне саяхат
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Кештің барысы
Тақырып Шебердің қолы ортақ
Информатика әлемі жайлы ақпарат
Кештің көрнекілігі
Ана тілін білмеген адам
Төртінші қонағымыз
Топтың өнері
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, Анаға қарап қыз өсер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz