Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үйге тапсырма. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару.
Сабақтың мақсаты:
Бәрі: Түбірдің мәнін таба біледі.
Көбісі: Квадрат түбірдің қасиеттерін ескеріп көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара біледі.
Кейбірі: Көбейткішті квадрат түбірдің таңбасының алдына шығарып амалдарды орындай біледі .
Сабақтың нәтижесі:
Бәрі: Түбірдің мәнін таба алады.
Көбісі: Түбірдің қасиеттерін ескеріп көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара біледі.
Кейбірі: Көбейткішті квадрат түбірдің таңбасының алдына шығарып амалдарды орындай алады.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: "Миға шабуыл " әдісі, СТО стратегиясының элементтері, топтық және жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, " Айналмалы бекет" әдісі , "Ыстық орындық ",БҮҮ кестесі. Модульдердің кіріктірілуі: СТО, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, топтық тапсырма кеспелері, бағалау парағы.
Сабақтың жоспары:
I. Психологиялық дайындық.
oo II. Кіріспе.
1. "Миға шабуыл" әдісі.
(сәйкестендіру)
oo III. Негізгі бөлім.
oo 1." Айналмалы бекет" әдісі
Деңгейлік тапсырмалар
oo IV. Қорытынды.
oo 1."Ыстық орындық ",
oo 2. Рефлексия.
oo 3. Бағалау, үйге тапсырма.
1. Психологиялық дайындық кезеңі. Оқушылар ортаға шығып шаттық шеңберіне тұрады және әрқайсысы өз армандарын айтып арманға жету жолын айтып шығады.
Геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді.
2." Миға шабуыл " әдісі арқылы топтарға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.

oo 3. " Айналмалы бекет" әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.Мунда оқушылар 3 түрлі фламастер алып ортаға берілген флипчартқа әр топ өз есептерін шығарады.Шығарып болғансоң тапсырманы келесі топқа тексеруге береді, ол топ тапсырманы өздерінің фламастерімен тексеріп , дұрыс немесе қате екенін көрсетеді , осылайша үш топтата тапсырмаларды шығарады.
oo Өз тапсырмаларының дұрыстығын дәлелдегісі келген оқушылар ортаға шығып интербелсенді тақтаға есеп шығарады.Шығару жолын түсіндіреді.
oo
oo
4. Қорытынды. Оқушылар оқулықтағы ережелерді қаншалықты білетіндіктерін байқау мақсатында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі:

мұнда оқушылар ережені толықтыру керек және берілген түрлендіру қалай аталатынын анықтау қажет. Топтар ақылдасып ,әр топтан оқушылар шығып өз ойларын ортаға салады.
5.Бағалау. Өзін-өзі бағалау ,топтық бағалау, бағалау парақшалары арқылы бағаланады.
6. Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан біз нені білдік ?
Нені үйрендік ?
Білемін:
Білдік:
Білгім келеді:
7. Үйге тапсырма: № 80, № 81.

Ұқсас жұмыстар
"мінез-құлық мәдениеті" көмекші мектеп бағдарламасы бойынша сабақтар
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Форма макеті терезесі
Ақпаратты компьютерде сақтау
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Еүоб пен екое табуға есептер шығару
Ән Желтоқсан желі Хорда жаттығу
Оқушы мен оқушы
Пәндер