3-сынып (Б) - 1 саны мен цифры тақырыбындағы санау сабағының жоспары

Күні: 09. 12. 2016

Сынып: 3 «Б»

Пән: Санау

Тақырыбы: «1 саны және цифры»

Мақсаты: Оқушыларды 1 саны және цифрымен таныстыру.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды 1 саны және цифрымен таныстыру. 1 цифры мен заттардың санын сәйкестендіре білуді меңгерту. Бір цифрын жазуға үйрету.

2. Түзете-дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту.

3. Тәрбиелік: Өзара достастыққа, сыйастыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: цифрлар, суреттер

Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Нәтиже
Сабақтың кезеңдері: I. ПДК
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Шаттық шеңберіне шақыру.

-Балалар, қазір бізде қандай сабақ?

-Санау сабағында біз не істейміз?

-Дұрыс, балалар.

-Бүгін желтоқсанның тоғызы.

-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілі несімен ерекшеленеді?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қыста не болады?

Қыс мезгілінде күн суық болады, біз тоңамыз. Ендеше, қазір қолымыз-ды бір-бірімізге беріп жылынып алайық.

Сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)

Жүрегіме саламын (жүректерін ұстайды)

Достарыма сыйлаймын (оңға қарайды)

Өз бойыма жинаймын

Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқу құралдарын дайындайды.

Балалар дөңгеленіп, шаттық шеңберіне жиналады.

-Бізде санау сабағы.

-Санау сабағында біз санаймыз, түстерді ажыратамыз, дәптермен жұмыс жасаймыз.

-Қыс мезгілі.

Қыста қар жауады, күн суытады.

Оқушылар мұғаліммен ілесе отырып, қимылдарды жасайды.

Нәтиже:
Сабақтың кезеңдері: II. Негізгі бөлім
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушының іс-әрекеті:
Сабақтың кезеңдері: Өткенді қайталау (Көп, біреу)
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушыларға тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады. Әр оқушы жекелей жұмыс жасайды.

-Балалар, суретте не бейнеленген?

-Қайсысы көп? Қайсы зат біреу?

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар карточкаларды алады, суреттерін қарайды.

-Суретте балалар бейнеленген.

-Мында бір бала, мында көп бала т. б

Сабақтың кезеңдері: Тірек білімдерін жетілдіру.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. «Математикалық эстафета».

Шарты: 1-10 дейін тура санау.

2. «Сандарды үйлеріне орналастыр» дидактикалық ойыны.

Оқушылар 1-5 дейінгі сандарды ретімен үйлеріне орналастырады. Ауызша санайды, кері санайды.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар 1-10 дейін ауызша санайды.

Оқушылар кезекпен тақтаға шығып 1-5 дейін сандарды үйшіктеріне орналастырады.

Сабақтың кезеңдері: Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тақтамен жұмыс.

-Балалар, тақтада бейнеленген жануарлар сендерге таныс па?

-Олар қай ертегінің кейіпкерлері?

-Тақтада тағы нелерді көріп тұрсыңдар?

-Аттарын атандаршы.

-Олардың түстерін атайық.

Дидактикалық ойын: «Орнын тап»

Ойын шарты: пішіндерді түстері бойынша сәйкес орынға орналастыру.

Барлық пішіндерді орналастырғаннан кейін партада ақ түсті дөңгелек қалады.

-Балалар, ал бұл дөңгелекті неге орналастырмадық?

-Неше пішін қалып қойды?

-Дұрыс балалар, бір санын біз 1 цифрымен белгілейміз.

Оқушының іс-әрекеті:

Оқушылар тақтаға мұқият қарайды.

-Бұл жануарлар бізге таныс.

-Тақтада қоян, қасқыр, аю, түлкі орналастырылған. Бұлар бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері.

-Тақтада геометриялық пішіндерді көріп тұрмыз.

-Дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, төртбұрыш.

Себебең, бұл дөңгелектің түсі сәйкес келмейді.

-Бір пішін.

Сабақтың кезеңдері: Жаңа сабақты баяндау
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Бір затты 1 санымен белгілейміз. 1 сандардың басында тұрады.

Айналамызға қарайықшы, сендерді қоршаған заттардың ішінде бір заттар бар ма?

-Жақсы, балалар.

Енді 1 цифрына қарайықшы. Ол қандай бөліктерден тұрады?

Оқушының іс-әрекеті:

Сыныпта бір есік, бір компьютер.

Біздің сыныпта мұғалім біреу. Ұлан біреу, Ансар біреу, Еркемай біреу, Дильназ біреу, Ахмет біреу. Біздің мұрнымыз біреу, басымыз біреу.

-1 цифры екі таяқшадан тұрады.

Сабақтың кезеңдері: Оқулықпен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Балалар, оқулықты ашайық.

№1 тапсырма.

-Балалар, суреттегі не? Ол нешеу?

-Келесі суреттегі не? Ол нешеу?

№3 тапсырма.

-Суреттерді мұқият қарап, 1 цифрын тауып алайық.

Оқушының іс-әрекеті:

Суреттегі аю. Аю-біреу.

Шана-біреу. Шанамен сырғанаймыз.

Үйдің терезесінде, автобустың сыртында, баланың футболкасында.

Сабақтың кезеңдері: Сергіту сәті.
Мұғалімнің іс-әрекеті:

Ертегідегі қорбаңдаған кейіпкер кім еді?

Ендеше аю туралы серггіту сәтін жасайық.

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Оқушының іс-әрекеті:

-Аю

Оқушылар тиісті қимылдарды жасайды.

Нәтиже:
Сабақтың кезеңдері: Планшетпен жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті:

http://steshka.ru/wp-content/uploads/2015/03/cifra_1_6.jpg

-Балалар, 1 цифры торкөздің ортасынан бастап жазылады.

-Балалар, қазір планшетімізге 1 цифрын жазып көрейік. Ол үшін сендерге көмек ретінде нүктелер қойылған. Сол


Ұқсас жұмыстар
1-сынып математика сабағының жоспары: 7 саны мен цифры (саяхат сабақ түрі)
8 саны мен цифры: бастауыш математика сабағының жоспары
1-сынып математикасы сабағы: 7 саны мен цифры
1-сынып математикасы: 2 саны мен цифры туралы сабақ жоспары
1-сынып математикасының сабақ жоспары: 7 саны мен цифры
Бастауыш сыныпқа арналған 7 саны мен цифры тақырыбындағы аралас сабақ жоспары
Ашық сабақ: 1-сынып математика - 2 саны мен цифры (арнайы түзету мектеп-интернаты)
1-сынып математика сабағы: 10 саны және цифры (Он көлеміндегі сандар)
Ашық сабақ жоспары: 7 саны мен цифры
5 саны мен цифры және бесбұрыш: сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz