Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы - Экология негіздері: Күзге алғыс айтайық

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Өткізілген күні: 18. 11. 16ж
Тәрбиеші: Ниетбаева Г. А
Білім беру саласы: Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Күзге алғыс айтайық»
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, күздің ерекшеліктерін айтып отырып, сөздік қорларын молайту. Күз байлықтары - көкөніс, жемістер туралы түсініктерін толықтыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Балаларды жылы жүзбен қарсы алады. Бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.
Мына сұлу әлемде адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге күн сәулесін төгеді.
күнге қарап қол бұлғайық,
күн күлімдеп, нұр төкті.
Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге сәлем!
Сәлем! Сәлем! Сәлем!
Бір-бірімізге жылы лебізімізді жолдаймыз.
-Балалар, сендердің бүгін көңіл-күйлерің қалай?
Ендеше, тамаша көңіл-күймен оқу қызметімізді бастайық.
-Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?
-Қандай ай?
-Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Дұрыс ақ, балалар.
-Күздің бізге берер сыйы қандай?
-Күзде нелер піседі?
Балалар көкөніс пен жемістердің сендерге берер пайдасы мол. Олардың құрамындағы витаминдер сендердің тезірек өсулеріңе көмектеседі.
Тосын сәт:
мен бір дыбыс естіп тұрмын. Біреу асығып келе жатқан сияқты. (Есік ашылып, бағбаншы атай кіреді)
Бағбаншы атай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бақшамдағы жеміс-жидектерді, ағаштарды күзетемін. Сендерге көптеген жеміс-жидектер алып келдім. Сендер маған өз білгендеріңді айтып берсеңдер, мына жемістерді сыйға тартамын. Асығыспын барар жерлерім бар.
-Балалар, сендер күз мезгілі, құстар, жемістер туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Қане тыңдап көрелік:
-Бағбаншы атай: мына балалар тақпақты өте жақсы айтады екен.
-Олай болса атайдың сыйын алмас бұрын,
Д\ойын:
«Дәмін татып, ажырат» ойынын ойнап жіберейік.
Шарты: тәрбиеші жемістерді жуып, бөліктерге бөліп үстел үстіне бетін жауып қояды. Балардың көздерін жауып, жемістің бір бөлігін аузына салады, қандай жеміс екенін айту керек. Осы кезде жылап Күнбағыс келеді.
- Тамаша
-Қазір күз мезгілі,
-Қараша айы,
-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.
-Күзде жемістер мен көкөністер өседі.
Балалардың тақпақтары
Ойын барысында беленділік танытты.
-Иә, көмектесеміз.
Балалардың жауабы.
- Балаларға сұрақ қою арқылы оқу қызметін қорытындылайды. Бүгін сендерге Атай мен Күнбағыс өте риза болды. Көңілдерінен шықтыңыздар. Бәріңізге көп көп рахмет. !