Сыныптағы оқушылардың жолдорбасын сана

Пәні
Математика
Пәні: Күні
Математика: Мұғалімі: Кабдылуахитова А. Н.
Пәні: Сынып: 1
Математика: Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Пәні: Сабақтың тақырыбы
Математика: Заттарды санау
Пәні: Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқумақсаттары
Математика:

1. 1. 1. 1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1. 5. 2. 1 цифрды саннан ажырата алу, біртаңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу: сандық түзуде, нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде және т. б

Пәні: Бағалау критерийлері
Математика:

Барлық оқушылар:

Натурал сандарды алу жолын біледі; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

Көпшілік оқушылар:

Цифр мен санды бір-бірінен ажыратады.

Кейбір оқушылар:

Бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әртүрлі тәсілдермен көрнекі етіп көрсетеді.

Пәні: Тілдік мақсат
Математика:

Оқушылар орындай алады:

10- ға дейін тура және кері санайды; цифр мен сандарды бір-бірінен ажырата алады;

Пәні:

Түйінді сөздер мен тіркестер:

Қанша? Неше? Санау, сан, саны

Пәні:

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл

стилі:

- Терезенің жанында қанша бала отыр?

- Сенің алдында қанша бала отыр?

- Сенің артында қанша бала отыр?

- Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?

-Ал мұғаліммен бірге ше?

Пәні:

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Санауды қай саннан бастаймыз?

- Суреттегі заттарды санаңдар. Қанша . . . ?

Пәні:
Пәні: Алдыңғы оқу
Математика: Күнделікті өмірде немесе балабақшада сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі бар
Пәні: Жоспары
Пәні: Жоспарланған уақыт есебі
Математика: Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар :

Санау материалдары, 1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері

Пәні: Басы
Математика:

Ұ) Психологиялық дайындық Оқушылармен шеңбер құру.

Оқушылардың бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу .

( Оқушылардың санай алу қабілетін байқау)

1- 10-ға дейін санау

Шеңберде тұрып санамақ айту

Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз

шаттық шеңбері
Пәні: Ортасы
Математика:

(Ө) «Өзім жайлы» тақырыбы аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі борларды және т. б. заттарды санайды.

(Ұ) Оқулықпен жұмыс

Ережемен таныстыру

Санау бір санынан басталады. Заттарды бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он деп санаймыз. Заттарды санаған кезде сандарды ретімен қалдырмай санайды .

Суреттегі заттарды санау

Сынып бөлмесіндегі парталарды, орындықтарды санау.

Сергіту сәті

- Мен қанша рет шапалақ ұрсам, сендер де сонша рет қайталап шапалақ ұрыңдар.

-Алақандарыңды төрт рет соғыңдар

-Аяқтарыңмен үш рет тарсылдатыңдар

Алақай! -деп үш рет айқайлаңдар .

(Ж) Сурет бойынша «Қанша» сөзін қатыстырып сұрақ құрастыр.

Терезенің жанында қанша бала отыр?

Қанша бала тақтаның алдында тұр?

Қанша қыздың шашы ұзын? т. с. с.

(Қ) Оқушылардың сұрақтар қою дағдысын және санау дағдысын бақылау арқылы бағалау.

«Шығарып көр»

Суретке қарап қанша дәптер, қанша альбом, қанша кітап, қанша түрлі түсті қарындаш екенін анықтау.

Тірек сөздерді үш тілде қолдану

Қанша?-сколько?-how many?

Санау -считать-to count

(Ұ) Орындап көр

  • Сенің партаңның үстінде қанша түрлі түсті қарындаш барын сана.
  • Сыныптағы қыздарды сана;
  • Сыныптағы ұл балаларды бір топқа тұрғызу арқылы сана.
  • Сыныптағы оқушылардың жолдорбасын сана

Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма.

Нүктесінің саны суреттегі заттар санына сәйкес келетін кеспеқағазды анықтап, олардың арасын сызық арқылы қос.

2 тапсырма

Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя.

сандар жазылған парақшалар, қарындаш

оқулық

Жұмыс дәптері

Пәні: Соңы
Математика:

Бағалау

«Жетістік баспалдағы»

жұмыс дәптері
Пәні: Қосымша мәліметтер
Пәні:

Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз?

Математика: Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс (тәрбиеэлементтері)

Пәні: Санауда қиналған оқушыларға дидактикалық тапсырма ұсыну
Математика: Оқушылардың сұрақтар қою дағдысын және 10 көлемінде санау дағдысын бақылау арқылы бағалау
Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы қарастырылады
Пәні:
Математика:
Пәні: Қорытынды бағамдау
Пәні:

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысы )

1 . . .

2 . . .

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысы)

1 . . .

2 . . .

Осы сабақтың барасында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдің?

1 . . .

2 . . .

Тексерген: . . .


Ұқсас жұмыстар
Өмірмен байланыстырылған сабақтардың тиімділігі
Сыныпты топқа бөлу
Суреттен бірдей екі затты тап
Тәжірибені үйлестірудегі әдістер
Экономикадағы математикалық әдістердің қолданылуы
Газ қысымы
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
Мектептегі білім мен тәрбие. 7 класс
Жігіт сұлтаны
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы баланың бойында метасананы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz