Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия
№81 орта мектептің қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Булеков Жарасхан
Жырлайды жүрек
(Поэзия кеші)
Сахна тақырыпқа сай безендірілген. Пистолет ортаға ілінген ақын суретіне түсіп тұрады. Музыкалық фонда ақынның өз даусымен жазылған <<Есіңе мені алғайсың>> өлеңі запис арқылы жіберіледі. Запис аяқтала бере, музыкалық фон өзгеріп, сахнаға жүргізуші шығады.
Жүргізуші: Батар күн,
Келер түн,
Атар таң,
Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын,
Осы мен осылай мәңгілік тұрармын,
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!
Жақындық сеземін - жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем - мұздардан, тастардан,
Өмірім сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған,
Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын.
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын.
Муз фон.
Мұқағали Мақатаев - қазақ поэзиясының шоқтығын биік көтерген, әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарынды ақын. Өмірде бір өзен. Өлеңде бір өзендей тұңғиық терең сыр, жырлары да өмірдің өзіндей - мәңгілік. Қырансың, аға, топтан сен бөлек дарасың,
Хантәңірі сынды заңғар боп мәңгі қаласың.
Жырларың сенің таулардай биік тұлғалы,
Шарлап жүр бүгін көк пенен жердің арасын.
1
Құрметті өнер сүйер халайық! Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған <<Жырлайды жүрек>> атты әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Муз фон.
Сырым да осы,
Жырым да осы,
Алдыңда,
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда, - деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні...
Туған күн. Оқитын Жомартұлы Дәурен
Фантазия. Оқитын Әуезхан Ақбота
Ақын. Оқитын Жомартқызы Дариға.
Қарттарды сүйем. Оқитын Дәуқараев Бекдәулет. Жүргізуші: М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушы болды. Шешесі Нағиман қарапайым шаруа адамы еді. Балалық шағынан ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық <<Советтік шекара>> газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның <<Дариға жүрек>>, <<Аққулар ұйықтағанда>>, <<Өмір-дастан>>, <<Атамекен>>, <<Райымбек>> т.б кітаптары жарық көрді.Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды.
Ән. Саржайлау. Орын Сембаева Альбина.
Арнау. Оқитын Бекболат Әсел.
Арнау. Оқитын Тағыберген Ақниет.
Ән. Сәби болғым келеді . орын. Сембаев Айтуған.
Поэзия. Оқитын Жұбатова Нұрила.
Тауда өстім. Оқитын Пірзадаева Ақнұр.
2
Жүргізуші: Ей, әлем!
Құшағыңды аш, тербет жанын -
Келеді Қарасаздан дауыл балаң!
Қалмайсың ол дауылдан сауың да аман,
Ақын ба жыр дертімен ауырмаған!
Сұрапыл сары балаңның сарынына
Құлақ сал, жауыр далам, дауыл-далам!
Мұқағали мұрасы, маржан поэзия - мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Ақынның өзі <<Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем>> деген екен.Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын жыр етеді.
Қазақстан. Оқитын Қобылан Аяжан.
Ана. Оқитын Сайлауов Шынтемір.
Жылдарым менің жылдарым. Оқитын Сердалиева Гүлмира.
Ән. Туған жер. Орын: Әмірбеков Нұрбек.
Жүргізуші: Өлең- бұл ақындардың кеудесінен еркелей де, мұңдана да, асқақтай да шығатын - көкірек тілі. Поэзия - ардың айнасы, рухтың жанары. Поэзия - жүрек тілі, кез-келген ұлттың тірі сөзінің тірегі. Поэзия - көз жасындай мөлдір, жүрек лүпіліндей ыстық.
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?
Пай-пай өмір. Оқитын Сайлауова Гаухар
Достық туралы. Оқитын Кемалашова Аңсаған.
Бақыт. Оқитын Бөлеков Жарасхан.
Ән. Туған ел. Орын: Рүстемова Гүлфайруз
3
Жүргізуші: Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Қырға шығып ырысқа кенелмеспін.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді. Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали табиғатына айнымай тартып туған ақын. Жыл өткен сайын Мұқағалидың артында қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Жыл өткен сайын ақынның шығармашылығы өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Бойымызға қуаныш, мақтаныш, рухани күш-қуат беретін өлең-жырлары жүрегімізде мәңгі сақталып, жүрегіміз мәңгі жырламақ.
Құрметті көрермендер бүгінгі <<Жырлайды жүрек>> атты әдеби сазды кешімізде өнер көрсеткен өнерпаздарды таныстырып өтейін:
1. Жомартұлы Дәурен
2.Әуезхан Ақбота
3.Жомартқызы Дариға.
4.Дәуқараев Бекдәулет.
5.Сембаева Альбина.
6.Бекболат Әсел.
7.Тағыберген Ақниет.
8.Жұбатова Нұрила.
9.Пірзадаева Ақнұр.
10..Қобылан Аяжан
11.Сайлауов Шынтемір.
12.Сердалиева Гүлмира.
13.Әмірбеков Нұрбек.
14.Сайлауова Гаухар
15.Кемалашова Аңсаған.
16.Бөлеков Жарасхан.
17.Рүстемова Гүлфайруз
Поэзияға жаны құмар, поэзияны пір тұтатын өнерпаздарға айтарымыз - бүгінгі кеште сіздердің жүректеріңізбен жырланған жырлар көрермендеріміздің асыға, сағына күтер жүрек қалауына айналсын. Келесі кешімізде кездескенше аман-сау болыңыздар!
4
Бағдарлама:
Жүргізуші
1. Туған күн. Оқитын Жомартұлы Дәурен
2.Фантазия. Оқитын Әуезхан Ақбота
3.Ақын. Оқитын Жомартқызы Дариға.
4.Қарттарды сүйем. Оқитын Дәуқараев Бекдәулет. Жүргізуші
5. Ән. Саржайлау. Орын Сембаева Альбина.
6.Арнау. Оқитын Бекболат Әсел.
7.Арнау. Оқитын Тағыберген Ақниет.
8.Ән. Сәби болғым келеді. Орын: Сембаев Айтуған. 9.Поэзия. Оқитын Жұбатова Нұрила.
10.Тауда өстім. Оқитын Пірзадаева Ақнұр.
Жүргізуші 11. Пай-пай өмір. Оқитын Әуезханова Әсия.
12.Ана. Оқитын Сайлауов Шынтемір.
13.Жылдарым менің жылдарым. Оқитын Сердалиева Гүлмира.
14.Ән. Туған жер. Орын: Әмірбеков Нұрбек.
Жүргізуші 15. Оқитын Сайлауова Гаухар
16.Достық туралы. Оқитын Кемалашова Аңсаған.
17.Бақыт. Оқитын Бөжеков Жарасхан.
18.Ән. Туған ел. Орын: Рүстемова Гүлфайруз

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz