Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүлінген факс

<<Интеллект сайысы>>
Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру арқылы қорыта отырып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту сонымен қатар адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өтілген сабақтардағы алған білімдерін қорытала отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды.
Ресурстар: Слайд, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Пікір алмасу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиет, тарих, география.
Барысы:
Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал туғызу.
Ойын кезеңдері:
Миға шабуыл!
Терминдер анықтамасы.
Почта ойыны.
Мақал- сөздің мәйегі.
Бүлінген факс.
Тіл - өнер!
Логикалық сұрақтар.
Миға шабуыл!
Оқушыларда тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады.
Әр санда әріп жасырылған. Сол берілген әріптен басталатын сөздер мен сұрақтарға жауап беру қажет.
Берілетін сандар:
1-Б; 2-С; 3-Д; 4-Т; 5-М; 6-К.
<<Б>> жауапты сұрақтар:
1. Адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамның мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы? (Бақыт)
2.Өмірді жайлаған жер қыртысы? (Биосфера )
3.Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және жеке өнімді өткізу үшін талас? (Бәсеке)
4.Ағылшын тілінен аударғанда <<іс>> ұғымын білдіреді? (Бизнес)
5.Қосарлы азаматтығы бар адам (Бипатрид)

<<С>> жауапты сұрақтар:
1.Адамдардың бұқара қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінің ерекше түрі? (Саясат)
2.Аумағы жағынан дүниежүзінде оныншы мемлекет? (Судан)
3. Сатып алушылардың тауарды белгілі бір бағамен сатып алу қабілеті? (Сұраныс)
4.Уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын қоғамдағы саяси белсенді адамдардың ұйымы? (Саяси партиялар)
5. Парламенттің жоғары палатасы? ( Сенат).
<<Д>> жауапты сұрақтар:
1.Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі? (Диаспора)
2.Жаңалығымен жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы? (Дарын)
3 .Халық билігі? (Демократия)
4.Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме? (Декларация)
5.Заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару? (Диктатура).
<<Т>> жауапты сұрақтар:
1. Белгілі бір әлеуметтік ортаның құндылықтарын тасушы индивид (Тұлға)
2.Адамдар қауымының рудан жоғаоы сатысы? (Тайпа)
3.Ата анасы және балалары бар отбасы? (Толық отбасы)
4.Қазақ құқық жүйесіне өзгеріс енгізген хан? ( Тәуке хан)
5. Демократияға қарама қарсы жүйе? (Тоталитаризм)
<<М>> жауапты сұрақтар:
1.Тұлғаның саналы қызметінің негізгі және себебі? (Мотив)
2.Қоғамның саяси экономикалық,мәдени әлеуметтік, жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын институт? (Мемлекет)
3.Айналадағы нағыздықты жаңартуға бағытталған адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі? (Мәдениет)
4.Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы? ( Монархия)
5.Бір әйел мен бір ер адамның некелік одағы? ( Моногамды отбасы)
<<К>>жауапты сұрақтар:
1.Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған,адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен құралдардың жиынтығы? ( Капитал)
2.Ата анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүрі жатқан отбасы? (Кеңейтілген отбасы)
3.Тәуелсіздіктерін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер одағы? (Конфедерация)
4.Аумағы жағынан екінші орынды иеленетін мемлекет? (Канада)
5.Заңдардың ішіндегі ең негізгісі? (Конституция).
Терминдер анықтамасы.
Берілген термин сөздердің жауабын табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Саясат - мемлекеттік билікке жетуге және оны пайдалануға бағытталған іс әрекет.
2. Менталитет - жеке тұлғаның, тұтасымен алғандағы қоғамның ойлау ұстанымы мен тәртібіндегі тарихи қалыптасқан ерекшеліктері.
3. Конституция - мемлекеттің саяси жүйесінің құрылымы мен ұйымдастырылуын айқындайтын негізгі құжат (Ата заң) .
4. Сайлау құқығы - азаматтардың өкілетті органдарды сайлауға және оларға сайлану құқығы.
5. Бюрократия - айрықша өктемдікке ие болған, өркөкірек қасиеттерімен ерекшеленетін басқару аппараты.
6. Инфляция - баға деңгейінің ұзақ уақыт бойында жоғарылау процесі.
Тауып көр!
Әр ұяшықта топ атына байланысты сұрақтар берілген .Сол сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы 10 ұпайды иеленеді.
Адам тобына:
1.Адам дегеніміз кім? (Жерде тіршілік ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі)
2.Халық ұғымына сипаттама бер? (Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы.)
3.Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары? (Антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия, физиология, психология.)
Қоғам тобына:
1. <<Қоғам>> сөзінің анықтамасы? (Материалдық дүниенің бір бөлшегі ретінде адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады.)
2.Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар қалай аталады? (Қоғамдық қатынастар)
3.Бағыты жағынан қоғамдық қатынастар қандай топтарға жіктеледі? (Адам мен адам,қоғам мен қоғам, қоғам мен табиғат арасындағы.)
Құқық тобына:
1.Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей нормалар жүйесі).
2.Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа бөледі? (Адамның табиғи және тумысынан жазылған құқықтары, азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар, экономикалық, әлеуметтік мәдени құқықтар)
3.Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерін қалай атайды? ( Әлеуметтік нормалар)
<<Почта ойыны>>
Қазір почта ойынын ойнаймыз.
1.Азамат(ша) Оналбаева Сапура Қайратқызы
Туған жылы: 11 тамыз 1993 ж.
Туған жері: қала, ауыл Қарашоқы
Аудан, қала: Кербұлақ
Облыс: Алматы
Республикасы: Қазақстан ( Туу туралы куәлік)
2.Осы құжат Оналбаева Сапура Қайратқызына берілді, ол 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне түсіп, 2011 жылы 030640 математика мен физика мамандығының жоғары кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. ( Диплом)
3.Осы құжат Оналбаева Сапура Қайратқызына беріледі ол 2008 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебін бітірді. (Жалпы орта білім туралы аттестат).
Мақал - сөздің мәйегі.
Бұл кезеңде топтарға сөздер беріледі. Сөздерді мақал арқылы жеткізу керек.
Адам тобына: куә, ар, заң.
Қоғам тобына: жала, дау, әділ.
Құқық тобына: ұры, айғақ, ант.
Мақалдар:
1.<<Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар>>.
2.<<Ар алтынмен өлшенбейді. Жігіттің құны - жүз мың жылқы, ары - мың жылқы>>.
3.<<Заңның құрығы бәрінен ұзын>>.
4.<<Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің>>.
5.<<Би екеу болса, дау - төртеу. Дау мұраты - біту>>.
6.<<Әділ - істің арты игі>>.
7 .<<Ұрының арты қуыс. Ұрлық - түбі қорлық>>.
8.<<Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң айғақ болар>>.
9.<< У ішкен бір өлер, ант ішкен мың өлер.>>
Бүлінген факс.
Біздің мектепке факс келіпті. Бірақ факс бүлінген екен. Сендер бұл факсті шешуге көмектесіңдер.
Адам тобына : <<Бүлінген факс>>
Зіб стіктүсол заққатанс дасынлыоб мызратұ. Дебіз пөк тарұлт утат рімө ідерүс.
Біз солтүстік Қазақстан облысында тұрамыз. Бізде көп ұлттар тату тәтті өмір сүреді.
Қоғам тобына: <<Бүлінген факс>>
Діңбіз ныотамыз-зақстанқа.
Мызкалипубрес кенүл, тығабита шамата, ріеж ңек ріә айб.
Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең, әрі бай.
Құқық тобына:<<Бүлінген факс>>
Тіқұрмерт дартазұс!
Дердісіз ллеинктет саысйнаы мызрақыша.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді интеллект сайысына шақырамыз.
Тіл - өнер!
Жұмбақты шешіп, жауабын үш тілде айт.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (Монитор, Монитор,Monitor)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі, пробел, blank)
3.Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (Кактус - cactus - тікенекгүл)
5. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап - книга - book)
6. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп - мяч - ball)
7. Жүз теңгең болғанша,
Жүз....... болсын. (дос - друг - friend)
8. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып - замок - lock)
9. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорып жүретін досы.
(ит - собака - dog)
Берілген мақалдардың қазақ тілінде, ағылшын тілінде нұсқасын табу.
Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды. (Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. (Сәбіз - морковь - carrot.)
1. (Шипалы дәрі ащы болады).
A good medicine tastes bitter.

2. A little learning is dangerous things.
(Аз үйрену қауіпті іс)

3.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
Friend not takes enemy much, a mind not takes dispute much
Логикалық сұрақтар.
1.Егер түнгі сағат 12-де жауын жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күннің ашық болуын күтуге бола ма?
Жауап: жоқ 72 сағаттан кейін түн болады.
2. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?
Жауап: Су ағаштың түбінде
3. Адам бөлменің ішінде болғанда қай уақытта оның басы болмауы мүмкін?
Жауап: Терезеден басын далаға шығарып қарағанда
Қорытынды : Жеңімпаз топты анықтау.
Марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
Енгізу құрылғылары
Сөзді тап
Сабақтың тақырыбы. Сабақ тақырыбы
Темір банкі
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ақпаратты сығу. вирусқа қарсы программалар. 7 сынып
6-ға көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Сабақтың жүру барысы
Математика ханшайымы
Компьютерлік вирустардан қорғау жайлы ақпарат
Пәндер