Өзін-өзі тану сабақтарында оқушыларды шабыттандыру және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

ШҚО, Глубокое ауданы

«№1 Предгорное орта мектебі» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:

Утепова Дарья Сабырбековна

Эссе.

«Мен шабыттандырамын . . . »

Шабыт-адамның белгілі бір іс үстіндегі, көңіл күйінің, ерекше бір ынталы, ықыласты сәті. Ақын өлең жазуда, әнші ән айтуда, тігінші киім тігуде ерекше сезімге бөленіп, ляззат алып, шабыты одан сайын асқақтай береді. Ал мұғалімнің шабыты- әрине өзінің шәкіртіне білім нәрімен сусындатқанда келмей ме?

Мұғалім мамандығы шабытты еңбек, қажырлы, қайратқа толы. Ал, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі тіптен ерекше, рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерге толы болуы қажет.

Баланың бойына жас кезінен нәзіктік, батылдық, еңбексүйгіштік, сенімділік, мейірімділік, ұстамдылық, сабырлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіріп дамыту-әр отбасы мен ұстаздың міндеті. Осы қасиеттердің бәрін дерлік «Өзін-өзі тану» сабағында бар ынта- ықыласыммен, махаббаты-мен беруге тырысамын. Ұстаз ол әрқашанда өзінің шәкірттеріне үлгі.

Адам қатарына қосу, адамға лайық өмір сүру, адам ретінде қалыптастыру-менің мақсатым. Ол үшін жақсы мінездің, жан сұлулығының, жақсылық жасаудың мәнін түсіндіре білуім керек.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында топтық, шығармашылық жұмыстар, тренингтер өткізіп оқушыларға көптеген мәселелерді түсіндіріп яғни, адамдармен, қоршаған ортамен жағымды, әдепті қарым-қатынас жасау, адам мен табиғаттың үйлесімді байланысын түсіндіру, еңбек ету, дұрыс сөйлей білу, орынды тыңдай білуге үйретемін.

Осы аталғандар бала бойынан табылып, іс-жүзінде жүзеге асып жатса, әрі қарай сабақ беруге деген шабыттың келе беретіні айқын.

«Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дегендей мен оқушыны шабыттандыру үшін оны түсінуге, жалықпай тыңдауға, жақсы қасиеттерін тауып айтуға әрқашанда дайынмын. Ол менің болашақта ұлы ұстаз болуына бірден бір себеп. Себебі, бір оқушыны «Сен жарадың, бірақ келесі жолы одан да жақсы жазуға тырыс», «Ойыңды жаздың ба? Жаза алмадың ба? Не себепті жаза алмадың? Мүмкін, жазғаныңды оқуға ұялып жасырып қалған боларсың? Жоқ, олай етуге болмайды. Тіпті сен айтатын ой қайталанып жатса да, сен өз орныңды білдіріп, пікіріңді есту біз үшін өте маңызды болып тұр . . . Қәне, дайынсың ба!», «Сенен бұдан да керемет дүниелер туындайды» деген жылы сөздермен әрбір балаға адамгершілік, сенімділік ұялатуға тырысамын. Әр оқушының жеке пікірі, көзқарасы маған өте маңызды. «Өзін-өзі тану» пәні оқушы үшін адами құндылық пен қасиеттерді меңгертумен қатар, жаңашыл ойлай алатын тұлға қалыптасатынына сенімім мол.


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: өзін-өзі таныту және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану: Мен осындай баламын - балаларда адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның адамгершілік және рухани құндылықтарын қалыптастыру
Қызыққа толы әлем: әлемдік кереметтер арқылы өзін-өзі тану мен құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы: Менің ұстаздарым - сыйластық пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Өзін-өзі тану пәніндегі мұғалімнің рухани-адамгершілік рөлі
Өзін-өзі тану (3-сынып): Ойнаудағы адамгершілік, достық пен сыйластықты қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағының жоспары - Бақыт құшағында: ішкі тыныштық пен өмірлік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану сабағы: Адамның мәңгілік қасиеттері және рухани-адамгершілік тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz