Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жұмысымның нәтижесі

Қазақстан тарихы пәні бойынша шығармашылық эссе

Ұстаз болу өзіңнің уақытыңды
Аямау, өзгенің бақытын аялау.
Жан Жак Руссо

<<Дүниедегі ең шабан, ең жүйрік нәрсе - уақыт>> деген сөздің жаны бар. Олай дейтініміз, уақыт бірде орнынан тапжылмай қалардай көрінсе, бірде қас - қағым сәтте өте шыққанын аңғармай да қаласың...
Әр адам тірішілік еткеннен кейін өмірде өз жолын тапқысы келеді. Абай атамыз айтқандай: <<Дүниеге кірпіш болып қаланып>> өз ізін қалдыруды арман етеді. Алаңсыз жүретін балғын балалықпен, қызыққа толы мектеп өмірімен қош айтысып, әр тарапқа қанат қағып, студент болуға асығатынбыз.
Университет қабырғасында жүріп - ақ болашақ шәкірттеріммен алғашқы кездесуімді қиялдайтынмын.
Ұстаз - өмірдің даңғыл жолында әр адамның өзіне ғана тән соқпағын салып, құрастырушы, шыңдаушы бірден - бір тұлға. Ата - ананың аялы алақанымен ақ жүрегінен шыққан мейірімге толы сөзімен ауызданған, тәрбие алған ауыл баласы, біз үшін, ұстаз - ұлы тұлға. Осы сөз ес білгелі санама құйылумен келеді. Мен де ауыл ұстазының алдын көріп, тәлімін алған қарапайым қазақтың қараторы қызымын. Өзімнің отбасым, өскен ортам - ұстаздар ортасы. Кішкене кезімнен оларға сүйіспеншілікпен қарадым және олардың ұстаздар қауымын ардақтатып өсірген тәлімі санамнан кетпей, жүрегімнің төрінен мәңгілік орын тауып, мені осы жолға алып келді.
<<Ұстаздық - ұлы іс>>, - деп кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, бұған лайық болу үлкен абырой, басты борышым деп есептедім.
Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білемін.
Қиын да қызықты, жауапкершілігі мол осы салада жұмыс жасап жүргеніме де көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен де өзімнің аз ғана тәжірибемді, үйренген білім - білігімді үлкен істермен ұштастырғым келеді. Жұмысымыз оқушылармен тікелей байланысты болғандықтан басты назарда олардың терең білім алуы, өз ойын бүкпей ашық айтып, өз елінің адал азаматтары болып қалуы қажет. Өйткені олар - ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақтатар азаматтар. Енді осы жолға жету үшін оқушылардың оқуға, білуге деген ынтасын қалай жігерлендіруге болады деген сұраққа мен былай жауап берер едім:

Мақтау Оқушыға мүмкіндік беру

Оқушыларды қалай жігерлендіруге болады?

Қарсыласымен Жеке ерекшелігіне
келісімге келу сүйену

Жұмысты
түрлендіріп ұйымдастыру Жетістіктерін мадақтау

Осы қасиеттер күнделікті сабақ үрдісінде жүзеге асып отырса, оқушының пәнге деген талпынысы күшейіп, ықыласы оянады. Мұны мен өз тәжірибемде анық байқап келемін. Жұмысымның нәтижесін былайша сипаттап берер едім:

Жұмысымның нәтижесі 1. Шәкірттерім өздерін еркін сезінеді.
2. Сабаққа қызыға қатысады.
3. Бағдарламаны толық меңгереді.
4. Мәдениетті, кешірімшіл.
5. Сабақтан қашып, ретсіз сабақ
қалдырмайды.
Мұғалім оқушыларға саналы да сапалы білім беруде басты тұлға болып саналатыны сөзсіз. Тарих сабақтарында Отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге үлкен мән береміз адам құқығын құрметтеуге, табиғи ортаны қорғауға, елін сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті. Тарихта болған барлық ізгілік пен игілік істерді жасаған адамдар екенін аса көрнекті қайраткерлердің, батырлар мен билердің өмірі мен қызметін жан - жақты ашып көрсету, дәріптеу мақсатымыз. Халқының өткенін, тарихын білу - әрбір жеткіншектің басты міндеті.
Ошағынан от кетпеген, белдеуінен бесті ат кетпеген дана халқымыз дауына қамшысын, жауына найзасын кезек сілтеген, ел басына күн туған замандарда да, қой үстне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт замандарда да ұрпағының парасатты, көкірегінің көзі ашық, ояу болуын назарынан тыс қалдырмаған. Қазір <<Білекті бірді, білімді мыңды жығар>> деген заман.
Бойдағы бар күш қуатымды, санадағы ақыл, жүректегі білімді, қуатты елдер қатарына қосылуға жетелеген құс қанатты жалаулы арман, үкілі үміттің алауын жүректерде жандырып, қиялдағы емес, нақты өмірдегі игіліктің шалқар жайлауына аман - есен көшіміздің сәні бұзылмай жетсек деген ізгі мақсатқа жұмсаудамын.
Егеменді елге білім керек. Ең өркениетті ел - білімі жоғары ел. Білім - әлемі ғажап та көрікті әлем десек, оған ешқандай сызат түспеуі тиіс.
Еліміз бен туған жеріміздің мерейін өсіретін жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі ұлағатты істе адал болу - абыройлы іс. Тарих пәні мұғалімі болу - мен үшін үлкен мақтаныш әрі бақыт. <<Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып>> жатқан шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады.
Біздің алдымыздағы оқушы - жас өсіп келе жатқан өркен. Оның түзу, дұрыс өсуіне біздің қосар үлесіміз мол. Парызымыз бен қарызымызды дұрыс орындап жүрсіз бе? Бұл сұраққа әрбір сабаққа кірер алдында мұғалімнің ойында тұру қажет деп ойлаймын.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Келтіру формулалары
Менің педагогикалық тұжырымдамам
Ғылыми жоба "бұғы туралы не білесің?"
Оқушыларды ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, сайыстарға дайындау жүйесі
Мынау менің балабақшам
Инновациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Жобалау іс-әрекетінің оқушы құзіреттілігін қалыптастырудағы тиімділігі
Ұжымдық оқытудың тиімділігі
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі . Кулон заңы
Пәндер