Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Заттың аты

Пән: қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға зат есімнің жіктелуі жайлы түсінік беру, жекеше, көпше түрлерімен таныстыру,жіктік жалғауы жалғанған сөздің баяндауыш қызметін атқаратынын ұғындыру. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, көріп,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік. Сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу. Еңбек сүйгіштікке, әр мамандық иелерін сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Не білу керек: зат есім, зат есімнің септелуі мен тәуелденуін, сөйлем мүшелеріне талдау;
Не істей білу керек: зат есімдерді жіктей білу керек.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыстары.
Қолданылатын технология: сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: презентация
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару, дайындау.
I I. Психологиялық дайындық.
Балалар, сабақты бастамас бұрын, тәлім сөздермен бастайық:
1 оқушы: ( ) - Әрбір адам?
Бәрі: Туысым, досым, жұрағат.
2 оқушы: ( ) - Әрбір сөзің?
Бәрі: Шындық, бірлік, адалдық.
3 оқушы: ( ) - Әрбір ісің?
Бәрі: Тірлік, тірек, адамдық.
Мұғалім: -Әрбір сабақ?
Бәрі: Үйрену, ұғу, ұлағат.
<<Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды>> деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы А.Байтұрсынов.
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әрбір ісімізге мұқият болайық. Бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге атсалысып, білімдеріңді көрсетуге тырысайық!
I I I. Үй жұмысы. Өткен тақырыптар туралы не білеміз, еске түсірейік.
Өткенге шолу. <<Мина алаңы>> ойыны
1. Зат есім дегеніміз не? .
2. Зат есімде қанша септік бар?
3. Зат есім неше жақта тәуелденеді? І -менің, ІІ-сенің, сіздің, ІІІ-оның
4.Септіктерді ата
5.Оқушы сөзің септеп айтып бер
6.Зат есімнің сұрақтарын ата
7.Доп сөзің тәуелде

- Үйге берілген тапсырманы <<Семантикалық карта>> толтыру әдісі арқылы тексеру.
Мұғалімнің бағалауы: <<өте жақсы>>, <<керемет жауап>>, сөздерін қолданып отырамын.
Р/с
Түрлері Мысалдар
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
1
Сұңқардан

+

2
Дидарыңа

+

3
Мәтінді

+

4
Оқушылар
+

5
Кітаптың

+

6
Көлікпен

+
7
Мектепте

+

8
Кітаптан

+

9
Айтысқа

+

Жер су атауы
Заттың аты
Кім?
Нелер?
Ой қозгау. Жануарлар атауы
Жекеше
Адамның аты
Кімдер?
Көпше
Не?

IY.Жаңа сабақ.
Зат есімнің жіктелуі.
Ойын. <<Күн көзін ашайық>>
(Күн бетін жауып тұрған бұлттардағы сұрақтарға жауап алу)
Жіктік жалғауда
неше жақ бар?
Зат есімнің
жіктелуі деген не?

Жіктік жалғауы зат есім сөйлем мүшесінде ненің қызметін атқарады?
Әр жақтың қосымшаларын атау

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және көркем жазу жұмысмен жағастырайық.
Дәптермен жұмыс. Дәптерге күнді жазу. Көркем жазу.
Қаңтардың жиырма төрті
Сынып жұмысы.
Оқулықпен жұмыс
1- жаттығу. Берілген сөздерді көшіріп жазу. Қай жақта тұрғанын айту.1-ші қатар жекеше түрде жіктеулі сөзді, 2 - ші қатар көпше түрде жіктелген сөзді жазу.
Сазгерсің, кітапханашымын, оқушымыз, баламын, жалаушымыз
2-жаттығу .Жұмбақты оқып ,шешуін табуЖұмбақ шешуі болған сөздері жекеше түрде жіктеп жазу.
1-топ
Шың басына өрмелеп,
Ұмтылар күнге дөңгелек (Асқарпаз)
2 топ:
Құрып қойып өрмегің,
Ұршықтарын ойнатып,
Сәнді мата өрнегің
Жасайтын кім жайнатып(Тоқымашы)
3-жаттығу. (суреттерімен)
Футболшы Суретші Құрылысшы
I қатар II қатар
Футболшы сөзін Суретші сөзін
жіктеп жазады. жіктеп жазады.
жекеше көпше
Iж.
IІж.
С.т
ІІІж.
Құрылысшылар - елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді. Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып келеді.

Сергіту сәті:
Сен күшті, әдемі,ақылды және денің сау болып өсуді армандау Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға, салауатты өмір салтын ұстанып,бойымызды сергітіп алайық.
(Сәйкестендіру тесті)
Сәйкестендіру тесті
ақын - сіңдер
студент - міз
аспаз - быз
әнші - сыңдар
күйші - піз
ұста - бын
бала - сың

4-жаттығу. Метограмманы шешу. Ауызша. Асты сызылған сөздер нені білдіретінін айту.
Бойында өсем тоғанның,
Кіргізем дәмін тағамның. (ЖУА)
Соңыма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын.
( ЖУАС)

Сән берем әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге. (МАТА)

Әріпті бастапқы сызса егер,
Жөн сілтер ұстазбыз өмірге.(АТА)

Қорыту:
Сөздер
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
Айтамын

Келесің

Бара жатыр

Жаздым

Оқиды

Барасың

Ойнады

Қыдырасың

Шабасың

Келеді

Ендеше осы зат есім Зат есім туралы білетінімізді қорыту үшін тапсырмаларды орындаймыз.Алдарыңыздағы тесті белгілеп, бағалау.
Пысықтау сынағы.
1.Зат есім дегеніміз заттың ------- білдіреді.
a) қимылын ə)санын б)атын в)түрін
2.Заттың атын білдіретін сөз табы қатарын көрсету.
a) қалам, дәптер, бала
ə) ойнады, күледі
б) әдемі, сұлу
в) бес, оныншы. Екі
3. "Отаншылмын " сөзі қай жақта жіктеліп тұр.
a) II жақ ə) III жақ б) I жақ
4. Қазақ тілінде неше септік бар?
a) 10 ə) 7 б) 9 в) 5
5.Әжем көп жасаған қария кісі.Әжем сөзі зат есімнің қай түріне жатады.
a) зат есімнің септелуі ə) зат есімнің жіктелуі
б) зат есімнің тәуелденуі в)сын есім
6. Ұланы... ұлы елдің. Тиісті қосымшалар қатарын белгіле.
а) - мын ә) - дер б) - тін в) - те
Үйге тапсырма 6-Жаттығу 24 - бет
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Сөз таптарын қайталау
Құндылықтардағы байланыс
Заттың күйлері
Сөз таптары жайлы
Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса
Заттың тығыздығы
Газ көлемін есептеу
Молярлық көлемді пайдаланып моль арқылы газ массасын есептеу
Зат есімді тап
Дененің массасы. Заттың тығыздығы
Пәндер