Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұқағали - поэзия
№81 орта мектебі
М. Мақатаев туған күніне орай өткізілген кеш сценарийі
Өткізген: Булеков Жарасхан
2016 жыл.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
(Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне байланысты өткізілетін әдеби-әуенді кештің сценарийі)
Көрініс: << Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай>> орындайтын Жомартұлы Дәурен
Жүргізуші: Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген - көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!
Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз,.. пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз.
Кету үшін келгеміз.
Ия, мына жалған өмірде, өмірі де бір өзен, өлеңдері де бір өзенге айналған Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақынымыздың екінші болмысының әлемді шарлап жүргеніне де 40 жыл толыпты.
Қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны, поэзия құлагері биыл 85 жаста.
Мұқағали... Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұланғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі. Ол- туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті. Жаратушы иесі тумасынан бөлекше дарынмен даралаған ақиық ақын.
Олай болса осындай дара тұлғаны еске алу кешіне хош келдіңіздер!
Ән. <<Есіңе мені алғайсың>> орындайтын: Сембай А
Жүргізуші: Мұқағали өлеңдерінде көсемсу, шешенсу, ақыл айту сияқты мінез жоқ. Оның өлеңдері кез келген адамның жан түкпірінде жатқан сырына, мұңына жол тауып барады. Ол сенің жүрек тұсыңнан сөйлеп тұрады. Өзіңді өзіңмен сырластырады, - дейді замандастары.
Ендеше сол сырлы өлеңдеріне кезек берсек.
Поэзия оқылады: Талапбаева Рабиға
Жамбылов Бекарыс
Өтегенова А
Әуесхан Ә
Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы, - деп ақын өзі жырлағандай жарық дүниедегі аз ғұмырының мәңгілікпенен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.
Ендеше, ақын туралы замандас інісі Ораз ақын Асқар мен Шәмші аталарымыздың айтқан естеліктеріне кезек берейік.
Экранға назар аударайық.
( Шәмші мен Ораз ақын Асқардың естеліктері көрсетіледі)
Жүргізуші: <<Жөн-жосық бізге де осы керек - ақ деп,
Бармадың бір жиынға делегат боп.
Алмадың бір сыйлықты сен дегенде
Боп кетті сол құрығырдың әлігі-ақ көп, - деп ақын туралы Сабырхан Асанов жырлағандай Мұқағали көзі тірісінде сый құрметке ие болмаған еді.
Мұқағалиды ақын еткен де, мәртебесін биіктеткен де, ақындық ғарышқа самғатқан да - ос қазақтың қара өлеңі. Ақын осы қара өлеңді бағалайды, бас иеді, тағзым жасайды.
Ақынның шын аты Мұқамметқали. Бірақ пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді деп есептеген ата - анасы Мұқағали атап кеткен.
Мұқағали 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданы Қарасаз дейтін ауылда дүниеге келген екен. Мұқағалидың 13 кітабы бойынша 1834 жыр жауһарлары, 19 поэмасы бар екен. Мұқағалидың өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылыпты.
Ол шыр ентіп дүниеге келгенде бесік жырымен, ана әлдиімен көзін ашқан-ды. Сол бесіктен басталған жыр оны ақыры ақылға айналдырады. Сонымен, ендігі кезекті ақын өлеңдерін оқуға берейік.
Поэзия: Жәлелова А
Тағыбергенова А
Жомартқызы Д
Мамут З
Кемалашова А
Сайлауов Ш
Жүргізуші: Ия, Мұқағали - ғажайып, сыршыл ақын.
Ол, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
Осындай құдірет жайында ауылымыздың мәдени өміріне ат салысып жүрген Амандық ағамыздың қандай ойы бар екен?
Экранға зер салайық.
(видео көрсетіледі)
Жүргізуші: Ақын, бүкіл адам аңсаған бақыт туралы да қалам тербепті Бақыт деген не өзі?
"Бақыт деген не өзі" деп бастады топ таласты.
Біреуі оңы үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген барлық байлық емес пе,
Керегінше киіп ішсең бақыттысың де емес пе?
Бірі айтады: жоқ, бақыт деген қолың жетпес маңсап қой,
Жұрттан көрі жүрсен ерек, соның өзі жақсы атты ғой.
Бірі айтады: бақыт деген, бақыт деген,
жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеменен,
қарын тойса қарт ойнау.
Бірі айтады: бақыт деген адал жар мен перзент қой,
Ынтымаққа ырыс келген ол да соған келмек қой.
Пікірлердің таласына солай мен жолықтым.
Бақыт адам басалына келмес оңай, соңы ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Маңсап жетпес бар адамға үлістіріп алғанда,
Үміт үзбей зейтұлар, таңдап сол бір жақұтты,
Оңы алыстан іздемегін, жүректен тап - бақытты
Ән: <<Бақыт деген>> орындайтын Садуақасова М
Жүргізуші: Біз Мұқағалиды сәл де ұмытқан жоқпыз. Ұмыта да алмаспын. Қайта арамызға түскен уақыт, оның тұлғасын зорайта, асқақтата түсіпті. Жыры жалын ақын қазақ өлеңі өлкесіндегі бір асқарға-дара Алатауға айналғандай. Шынында да, ол - қазақ өлеңдерінде Қасым Аманжолов сияқты дауылдай, өртке тиген өлеңімен өмірді шайқаған құдіретті тұлға, қайталанбас кесек құбылыс,- дейді Әбділда Тәжібаев атамыз.
Ендеше Ақын туралы баласы Жұлдыз Мақатаев не дейді екен. Назарымызды экранға бұрсақ.
Жүргізуші: Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке , жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына үңілген әркімнің жансарайы кеңіп сала берері анық. Бұл орайда ақын өзін шын түсінгісі, өмірбаянын, шығармашылығын зерделегісі келетін адамдардан бүкіл жазған- сызғанын оқып шығуды өтінеді. <<Мені өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды сұраймын>> дейді. Ендеше ақын туралы осы кешке қатысып отырған Ағай-апайларымыздан сұрасақ.
Шора ағай, Бағила апай, Бақытгүл апай сөйлейді.
Жүргізуші: Жалғасы бар жырымның, жалғасы бар.
Жырларым жылдарменен жалғасыңдар, - деп ақынның өзі айтқандай, жырлары ұрпағымен бірге мәңгі жасайды. Біріміз ақынның поэзиясына табынсақ, біріміз ақынға ризашылығымызды өлеңмен өрнектейміз. Ендігі кезек, оқушымыз Ақниеттің ақынға арнауын тыңдасақ.
(Жарайсың Ақниет, талабыңа нұр жаусын!)
Ендеше қазақтың жас Жамбылы атанған Жамбыл Дүйсеновтың ақын атасына арнауын тыңдайық.
Ән: Туған өлке орындайтын Рүстем Г
Жүргізуші: Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті.
Мұқағали - поэзия. Поэзия - бұл Мұқағали.
Осынау бір-бірімен астасқан екі ұғымды бір - бірінен бөліп қарау мүмкін емес сияқты. Осы кешке Мұқағали поэзиясымен сусындап өскен Әділбек ағай, Сауықгүл апай келіп отыр екен. Ендеше Мұқағалиды сол ағай-апайларымыздың аузынан тыңдасақ.
Жүргізуші: Керемет... Жарайсыздар!
Қазір заман дамыған. Техниканың озық үлгілері молайған кез, бейнекамера дейсізбе, фотоаппарат дейсізбе, тіпті қалта телефонымен де күнделікті өмірде қызықты сәттерді түсіріп, жазып қоюға болады.Ал өткен күндерде мұндай мүмкіндіктер бола бермеген. Кеше ғана арамыздан кеткен Мұқағали атамыздың телеарналарда бейнесі сақталмапты. Тек фотосуреттері арқылы ғана танып-біліп жатырмыз. Дәтке қуат етерміз. Қазақ радиосының алтын қорындағы ақынның даусы. Ендеше бәріміз бірге құлақ түрейік
<<Қаздар қайтып барады>> (Ақынның өз даусы)
Міне қызық! Бұл кешке поэзия тыңдаймын, өлең оқимын деп 2-сынып оқушылары да келіп отыр екен. Қане келе қойыңыздар ортаға. Атың кім? Өлең білесің бе? Неше өлең білесің? Жарайды өзіңе ұнайтын біреуін оқи ғой.
Жүргізуші: Өмір деген - бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін - ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.
Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін - тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін - өлемін деп қарамау.
Мұқағали поэзиясы бір жылдың, не бір айдың, немесе бір кештің еншісі емес. Ол таусылмайтын қайнар бұлақ. Ол поэзияның Хантәңірі. Мұқағали мәңгілік ғұмыр!
(Кешіміз аяқталды, сау болыңыздар!)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz