Мектепке дейінгі балаларға арналған таным сабағы: Көлік түрлері мен жол ережелері

Акмола обл

Степногорск қаласы

№2 «Балдырған» б/б

Тәрбиеші Жапарова М. Д

Саласы: Таным

Бөлімі: Айналамен таныстыру

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту, тиянақтау.

Балалардың қызығушылықтарын дамыту.

Жол ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Көліктердің түрлері, жер, су, әуе, желкен, кабина, желкен таяғы, терезе

дөңғалақ, т. б.

Қолданылатын құралдар: Үнтаспа, көліктер түрлерінің суреттері, айыншықтар : кеме,

ұшақ, автобус; бағдаршам және оның белгілері, сыйлықтар.

Балаларға арналған құралдар: карточкалар, қарындаш, қалам салғыш, тәрелке,

бағдаршам, билет түрлері, аяқталмаған суреттер;

Алдын- ала жұмыс: Балалармен көліктер мен саяхат сюжетті рөлдік ойынын ойнау, жол

Белгілері жайлы д/о, тақпақтар қайталау.

Іс - әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті
Балалардың әрекеттері
Іс - әрекеткезеңдері: Мотивизациялық- қозғаушылық
Тәрбиеші әрекеті:

Балалар қарандаршы бүгін бізге ДЫМБІЛМЕС келіпті. Кәне, барлығымыз амандасайықшы!

Ал, сіз бізге сонау жақтан қалай жеттіңіз?

(Дымбілмес өзінің қандай көліктер арқылы жеткенің жұмбақ арқылы жасырып айтады. Шешімдерін табу арқылы бүгінгі тақырыпты ашамыз. )

Балалардың әрекеттері:

Балалар амандасады.

Олар жауабын табуға тырысады.

Іс - әрекеткезеңдері: Ұйымдастыру -ізденушілік
Тәрбиеші әрекеті:

Балалар кейіннен қонаққа өздерінің көліктер жайлы жаттаған тақпақтарын айтады.

Ұшақ Кеме

Бұлттар менен көктегі, Теңізді жүздім балықтай,

Мен боламын туысқан. Дүниені кездім жалықпай

Озып шығам құстарды, Көліктердің бір түрі,

Қанат қақпай ұшамын. Мен боламын қайықтай.

Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.

Осыдан кейін Дымбілмеске көліктер жайлы түсінігін бекіту үшін дидактикалық ойындарды ойнауға кірісеміз.

1) Д/о: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оны классификациясын карточка арқылы көрсетеді.

2) Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.

(ұшақ, зымыран, жүк машина )

3) Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Балаларға таратылған билеттер бойынша балалар өзінің көліктеріне отырады. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.

4) Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.

5) Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»

Балалар Дымбілместің қоржынындағы белгілердің мағыналарын түсіндіреді. Бағдаршам жайлы тақпақтарын айтады:

Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айты деп үш сөзін:

Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

6) «Шындық, жалған» Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оны бағдаршам арқылы дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

Балалардың әрекеттері:

Балалар өздерінің тақпақтарын айтады.

Жер, су, әуе суреттерін көтеріп отырады.

Артық көлікті алып, неге екенің түсіндіреді.

Барлық балалар қатысып, шапшан орындауға тырысады.

Қарындашпен өз беттерінше орындайды.

Тек, қол көтеріп, толық жауап береді.

Бағдаршам көздері арқылы балалар анықтап, көрсетеді.

Іс - әрекеткезеңдері:

Рефлексивті-

түзетушілік

Тәрбиеші әрекеті:

Балалар енді Дымбілмеске өзіміздің сабаққа қатысқанымызды бағдаршам арқылы бағалауды үйретеміз. Қызыл - сабаққа қатыспадым,

Сары - сәл ғана ат салыстым,

Жасыл - сабаққа өте жақсы қатыстым.

Соңында Дымбілмес, жүк машинасының ішінде тұрған сыйлықтарын береді.

Балалардың әрекеттері: Сыйлықты алғасын, өз ризашылықтарын айтып, қоштасыды.

Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Көлік және оның түрлерін білуі тиіс;

Болуы тиіс: Жол ережесі жөнінде түсініктері болуы тиіс:

Жасай алуы: Артығын табу, жетіспеген бөлігін салу, көліктерге байланысты

тақпақтарды мәнерлеп айта алуы тиіс;


Ұқсас жұмыстар
Балаларға арналған жол қозғалысы ережелері мен жол қауіпсіздігінің негіздері
Жол тәртібі мен бағдаршам: мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу-әдістемелік сабақ
Көлік түрлері: жүк пен жолаушы көліктерін салыстыруға арналған мектепке дейінгі оқу іс-әрекеті
Балаларға арналған жол қауіпсіздігі: бағдаршамның қызметі мен жол жүру ережелері
Көліктердің түрлері мен жол жүру ережелері
Мектепке дейінгі балаларға арналған ертегі түрлері және көркем әдебиетті мәнерлеп оқыту әдістері
Көлік құралдарының жүрісі және жол қозғалысы ережелері
Дизартрия: психологиялық аспектілер мен мектепке дейінгі балаларға арналған түзету принциптері
№2 Гүлдерай тобына ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көлік түрлері мен жол ережелері
Мектепке дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбиенің маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz