Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөз тіркесінің түрлерін ата

Қостанай облысы
Әулиекөл ауданы
Аманқарағай селосы
№2 Аманқарағай орта мектебі
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Нургожина Гүлзира Әбікенқызы
7 сынып.
Сабақтың тақырыбы:Жанасу
Сабақтың мақсаты: Сөздердің байланысу түрі жанасу туралы
түсінік беру,байланысу түрін ажырату.
ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту
оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге
тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау
Сабақтың түрі :жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:интер тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Оқушылардың
сабаққа қатысуын тексеру. 3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау
Қайталау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
2. Синтаксиис нені зерттейді?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
4. Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата!
5. Сөз тіркесінің түрлерін ата!
6. Сөз тіркесі бола алмайтындар!
7. Олардың бір-бірінен айырмашылығын ата!
8. Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық мағынасын ата!
9. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата!
10. Сөздердің байланысу түрлерін ата!
11. Деңгейлік тапсырмалар:
12. I – деңгейге: Синтаксистік қатынастарды тауып талдау.
13. II – деңгейге: Қиысу, қабысу, меңгеруді тапқызып талдау.
14. III – деңгейге: Матасуды табу.
15. Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Потанин биді көк көзі күлімдеп қарсы
алды. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Былтырғыдан гөрі
құрылысқа елеулі ештеңе қосыла қоймағандай. Екі үйдің іргесі
көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр.
Биіктігі алтыбақандай төрт аяқты тұғырлар үстінде бөренені тақтайға
тіліп жатыр. Анадай жердегі қалқан астында сүргіленген тақтайларды
жеке қалап қойыпты.
Тест сұрақтары:
1. Етістіктің тіркесін тап.
A) Жақсының ашуы. C) Жаманның ашуы
B) Басы жеткенше D) Жаманның басы
2. Тұрақты сөз тіркесін тап:
A) Дархан дала C) Мұзға отырғызып кету
B) Ғұмырнама D) Кедей-кепшік
3. Толықтауыштық қатынасты тап.
A) Пайда ойлама – ар ойла. C) Тағы да келді.
B) Өзің үшін үйрен D) Түс ауа қозғалды.
4. Қандай байланыс түрі : Мен естідім.
A) Матасу C) Қиысу
B) Жанасу D) Меңгеру
5. Меңгеруді тап:
A) Сынға түсті C) Аман келді
B) Біздің өлке D) Кең дала
6.Байланыс түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
A) Тоғыз адам – қабысу C) Оқуға лайық – меңгеру
B) Кең бөлме – жанасу D) Алатаудың Жамбылы - матасу
7. Берілген ретінде қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықта:
Ағаштың бұтағы, хат алу, қалың орман.
A) Матасу, қабысу, жанасу C) Қабысу, меңгеру, жанасу
B) Меңгеру, қиысу, қабысу D) Матасу, меңгеру, қабысу
8. Есімді тіркесті тап.
А) Үлкен үй. C) Тағы да келді.
В) Он шақты. D) Онға жуық.
9. Анықтауыштық қатынасты тап.
A) Асығып сөйледі C) Бұлардың жағдайлары
B) Балуанмен күресті D) Ғалымнан басқа
10. Пысықтауыштық қатынасты тап.
A) Жаман әдет C) Қатты қағаз
B) Жақтырмай қарау D) Жылқыны бағу.

Жаңа сабақ
Орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан сөз
тіркестерін жанасу дейміз.Мысалы:Ол биыл мектепті бітірді.

Үйге тапсырма: “Сүйікті пәнім” мәтін жазу.
Жанаса байланысқан сөз тіркестерінің астын сызу.
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Синтаксистен өткенді қайталау
Қанадй сөз
Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне қарай құрылысы
Сөз тіркесінің сыңарларын ата
Сөздердің байланысу тәсілдерін ата
Сөз ілік септік жалғауы сөз тәуелдік жалғау
Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері
Сөз тіркесіне талдау
Есімдік. жер-ана. 6-сынып
Пәндер