Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шығарма кестесін толтыру стратегиясы

Сабақтың тақырыбы: Батырдың нар тұлғасы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар Ұлы Отан соғысы, Б.Момышұлы туралы білімдерін
арттырады.
Міндеттері:
1.Б.Момышұлы туралы, оның шығармашылығы туралы біледі, әңгіменің мазмұнын
игереді, көркем тіліне назар аударады.
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны
қалыптастырады.
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.

Қолданылған әдіс тәсілдер: “Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы, “Екі
түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы, “Автор орындығы” стратегиясы,
эссе жазу.
Көрнекіліктер: Шығарма кестесі, екі түрлі түсініктеме күнделігі, плакаттар,
ақ парақтар.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
1. Біз өткен сабақта қандай шығармамен таныстық?
2. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?

І..Қызығушылықты ояту.
“Шығарма кестесін толтыру” стратегиясы.

|Шығарманың |Шығармада кездесетін |Тұрақты |Ерлік, батырлық, |
|аты |мақал-мәтелдер |тіркестер |қырағылық туралы |
| | | |мақал-мәтел |
|“Жауынгердің |Білекті бірді жығады, |Түсін жылыту, |Ер жігіт елі үшін |
|тұлғасы” |білімді мыңды жығады. |сәті түсу, |туады, елі үшін |
| |Төтреу түгел болса |сыбағасын |өледі. Айлалы |
| |төбедегіні алады. |бердік, ет |батыр алдырмас. |
| |Қоянды қамыс, ерді намыс|жеп, сорпа |Батыл болмай, |
| |өлтіреді. |ішкендей |батыр болмайсың. |
| |Мың қабат торқаңнан, |болды, беті |Батыр бір оқтық. |
| |тоқтышағымның терісі |қайтты, |Батыр мың қол |
| |артық. |шүйдеден соғу,|бастайды, шешен |
| | |жолы болу, |тар жерде сөз |
| | |түкірген |бастайды. Ерлік |
| | |түкірігі жерге|білекте емес, |
| | |түспеу.т.б. |жүректе. |

ІІ. Мағынаны тану.
1.“Екі түрлі түсініктеме күнделігі” стратегиясы.

|Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, |Сол әсер еткен үзінділер жайлы |
|үзінділер |пікірің |
|Сен полк командирі болдың, |Генерал Бауыржан атамызға сенім |
|ол-полктің ақылы, миы, басы. Өз |артып, ақ батасын беріп аттандырды. |
|ұлтыңның “білекті бірді жығады, |Ал атамыз бұл сөзерді есінен |
|білімді мыңды жығады” деген мақалы |шығармай өз қармағындағы әскерлерді |
|әр уақытта да есіңде болсын,-деп |ақыл-парасатымен басқара біліп, отан|
|қайталады әскери ақсақал. |алдында борышын адал атқарды. |
| | |
|Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның|Бауыржан атамыз айтқан мақал |
|қара құрымдай қаптаған күшінен |соғыстың қиын-қыстау кезінде |
|қобалжыған кезде, қуат та, медет |жауынгерлерге рух берді. Ата- |
|те, себеп те болған қазақтың ер |бабаларымыздың айтқан бір ауыз |
|намысына тидіре айтқан екі ауыз |сөзінің құдірет – күшін көрсетіп |
|мақалының күші еді. |берді. |

2. “Автор орындығы” стратегиясы
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар ой-пікірін жазады.
- Жауынгердің тұлғасы қандай болуы керек?
Оқушылар алдарына берілген бір бет ақ параққа 1-2 минут ішінде өз ойларын
жазып, орындыққа отырып оқиды, қалған оқушылар бір сұрақ, бір пікір айтады.
3.Ой толғаныс.
Эссе. “Қанмен жазылған кітап…”
Қорытынды:
Сабақты Б.Момышұлының “Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын
сүюші адаммын” деген сөзімен қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
6 сұрақ, 153 бет.
Ұлы Отан соғысы туралы өздіктеріңнен шығармалар оқыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Б.момышұлы "жауынгердің тұлғасы"
Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Презентацияларды безендіру, көрсету
Мағжан Жұмабаев Туған жер өлеңі
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. нүкте, сұрау белгісі
Асан қайғы
Мамандық таңдау – маңызды іс
Ұлы жібек жолының пайда болуы, дамуы
Оқыту үшін бағалау
Сабақтың атауы. Сабақтың мақсаты
Пәндер