Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Біз боламыз ғарышкер
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: <<Мен ғарышкер боламын>>
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Көрнекіліктер: суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, қызықты сәт, сұрақ - жауап.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Аспан Ата!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансыңдар ма, достарым!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
-Айтыңдаршы балалар біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз? Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? (аспан, ғарыш)
-Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де, көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Ю.Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады, аспанда көптеген планеталар бар оның ішінде ғарышкерлер барып зерттеп келген 8 плпнета жерді қосқанда 9 планета бар, бірақ ол планеталарда тіршілік жок екен, тек біздің жер планетасында тіршілік бар екен.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді.Мынау Байқоңыр ғарыш айлаңы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген.Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Кане есімізге түсірейік,кім айтады?
Р.Ерасыл
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын.
Аружан.
Арман қуып жасынан, көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан, аспанда еркін самғаған.
Сапарға енді ғажап тым,
Тоқтар тартты алысқа - туған ұлы қазақтың
Тұңғыш ұшты ғарышқа.
Динара
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан
Аспанда еркін самғаған.
Фатима.
Самғап ұшу аспанда,
Қауіпті де қатал-ды:
Ерлігі елден асқанда,
Ол ғарышкер атанды.
Аяна.
Талай істе ғажап, тың,
Құлаш ұрды алысқа.
Туған ұлы қазақтың
Тұңғыш ұшты ғарышқа.
- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болуы керек?
- Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?
- Балалар сендер ғарыш кемесінің әуеге ұшуын тамашалағыларың келедіме? Олай болса бәріміз мына ғажайып тақтаға назар аударайық.
(Бине ролик көрсетіледі.)
-Мынау Байқоңырдағы ғарыш алаңы, Мынау ұшқалы жатырған зымыран. Көрдіңіздерме, зымыран өте үлкен, ұшқан кезде астынан от шашырап, қатты дыбыс шығарды. Бұл ұшқан ғарыш кемесі ғарышта ұзақ болады, бірнеше айлап, зерттейді. Аспан жақын көрінгенімен ол өте алыста. Ендеше ғарыштан жер бетіне оралып, қонғалы жатырған әуе көлігін тамашалайық.
- Балалар жаңа ғана ғарыш кемесі Байқоңырға қонды, оның ішінен біздің ғарышкер ағамыз түсіпті. Ол бізге қарай бет алып келе жатыр. (ішке ғарышкер кіреді)
-Ой туған жердің иісін-ай! Қандай тамаша!
-Сәлеметсізбе ғарышкер аға! Аман есен туған жерге оралуыңызбен.
-Сәлеметсіздерде балалар?
- Бізге аспан әлемі туралы айтып бересізбе?
- Ендеше айтсам айтып берейін,
-Сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнайды ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды? Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз бар, ол қалай аталады? (Күн) Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. Ғарышта біз спутниктер, кометалар, астероидтар мен метеориттер бар. Спутниктер бізге қызмет етеді, қазіргі біздің қолданып жүрген жаңа ақпараттық технологиялардың бәрі спутниктің арқасы. Теледидар, интернет, ұялы телефон бәрі спутник арқылы жұмыс жасайды. Мысалы теңізде кеме адасып кетсе, оны спутник арқылы табады. Тіпті ауа райын да спутник арқылы болжап отырады. Метиоридтер олар ғарышта ұшып жүретін тастар. Ғарышта планеталар өте көп, бирақ оларда тіршілік жоқ, тек біздің жер планетасында тіршілік бар. Жалпы айтқанда 9 планета бар.
-Балалар біз ғарыш туралы көп мағлұмат алған сияқтымыз. Сендерге ұнадыма? Ендеше ғарышкер ағамызға ризашылығымызды білдіріп, тақпақ өлеңдерімізді орындап берейік.
Ән: <<Ғарышкер боламыз>>
Балалардың тақпақтары:
Иса
Көк пен жерді жалғаған, космодром- Байқоңыр.
Корабльдер самғаған, Космодром - Байқоңыр.
Қанаттылар мекені - Қазақ жері, Байқоңыр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім, Байқоңыр!
Айжан.
Көк түбінен - ғарыштан -
Оралғанда алыстан
Жезқазғанның төріне -
Сарыарқаның беліне,
Парашютін космонавт
апыл-ғұпыл тастап - ақ,
жата қалып, ұйысып
өскен шөпті бас сапты.
Туған жердің иісін...
Дәмін...
Нәрін аңсапты.
Ерген.
Бет түзеймін алысқа -
Бағытымнан аумаймын!
Шетсіз-шетсіз ғарышқа,
Корабльмен зулаймын!
Қорықпаймын қиыннан,
Бойлап ғарыш сырына.
Нұрдаулет.
Көз жіберсем қиырдан,
Туған өлке қырына!
Сырын ашып ғаламның,
Туған елдің бағына.
Құшағына даламның,
Ораламын тағы да!
Ахмедияр.
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын...
Мен ғарышкер боламын!
Ғарышкер мен де боламын,
Болам десем, боламын.
Таудай үлкен талабым,
Мен бармақтай баламын.
Көктің жүзін барлайтын
Үлкен ғалым боламын
Болам десем, боламын.
- Балалар сендерге рахмет, көңілім бір көтеріліп қалды. Алыс сапардан келгенде туған жердің иісін сағынып, шаршап келе жатыр едім. Туған жердің қадірін алысқа кеткенде біледі екенсің, балалар сендерге айтар өсиетім, туған жерді қадірлеңдер!
-Ғарышкер аға біз сізге көп рахмет айтамыз. Жеріміз аман еліміз тыныш болсын, сіздің айтқан әңгімеңізді балалар ешқашан ұмытпайды.
Қ/ойын: <<Күн мен жаңбыр>>
Балалар музыкалық әуен арқылы билеп, асыр салып ойнайды, жаңбыр жауғанда қолшатырдың астына тығылады.
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Ғарышкер ағамыз бізге нелер туралы айтты?
-Қандай планеталар туралы айтты?
-Кай планета жердің серігі деп аталады?
-Бізге қандай өсиет айтты?
-Иә балалар, ғарышкер ағамыз бізге туған жерді қадірлеу керек екенін айтты. Олай болса отанға деген құрметіміздің белгісі ретінде, мақал-мәтелдер айтып берейікші.
Балалар отан туралы мақал - мәтелдер айтады.
<<Отан отбасынан басталады>> <<Бұлбұл - гүлзарын сүйеді, адал адам-отанын сүйеді>> <<Ел-елінде, гүл-жерінде>> <<Орағың өткір болса қарың талмайды, отаның берік болса, жауың алмайды>> т.б.
-Балалар мен сендермен <<Кім тапқыр>> ойынын ойнағым келіп тұр, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табасыңдар.
Жұмбақтар:
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
Ұшқыш емес,бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар?
(Ғарышкер)
1. Бір тілім болып туады,
Күннен күнге толады,
Дөп-дөңгелек болады.
(Ай)
2. Көк жиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым кең керіп.
(Аспан)
3. Басшысы жалғыз,
Сақшысы сан жүз.
(Ай мен жұлдыз)
Ойын: <<Жер шары және ғарыш>>
- Ал енді мына тақтада не бинеленгенін айтыңдаршы?
-Ия бұл жер шарының ғарыштағы бейнесі. Жер шарын нелер қоршап тұр?
-Жерге жақын қандай планеталарды білесіңдер? Соларды жер планетасының жан жағына жабыстырамыз. Ол үшін мына киынды суреттердің ішінен табамыз.
Жарайсыңдар балалар, ойынды өте жақсы ойнайды екенсіңдер, ендеше тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:
1. - ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
2.- ға, - ға, - ға
Біз ұштық Айға.
Билингвальды компонент.
Ғарыш- космос, ғарышкер-космонавт, туған жер - родина.
Қорытынды сұрақтар.
-Балалар біздер қандай мерекені тойладық?
-Ғарыш деген не?
- Ғарышкер деген кім?
-Ол нені зерттейді?
-Күн қандай планета?
-Сендер өскенде ғарышкер болғыларың келедіме?
-Ғарышкер болу үшін не істеуіміз керек?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, ғарышкер болу үшін ер жүрек батыр болу керек, деніміз сау болу керек, спортпен шұғылдану керек, білімді болу керек. Мен сендердің ғарышкер болатындарыңа сенемін. Тек осы бағыттарыңнан таймаңдар, сендерге көп-көп рахмет. Осымен бүгүнгі оқу іс әрекетіміз аяқтала келді, сау болыңыздар.
Балалар қонақтар мен қоштасып, музыкалық әуенмен залдан шығып кетеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz