Ф дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары

Сабақтыңтақырыбы: Ф фдыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты :

а) білімділік :оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту, оның сөз ішіндегі ерекшелігі мeңгерту;
ә) дамытушылық: сөйлеу мәнерін, оқушылардың байланыстырып, сөйлеу дағдыларын, сөзді кқорларын, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік : Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, сауатты жазуға, оқуға дағдыландыру. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету.
Сабақтыңтүрі : жаңа білім беру

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер, буындар, үлестірмелер, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс : тіл дамыту, дүниетану
Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын әзірлеу, тексеру;
ә) психологиялық дайындық жұмыс
Ой ашар
Қайырлы таң, достым,
Қайырлы күн болсын
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
Сабақта бір-бірімізге сәттілік тілейік.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Ой сергіту.

а) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау) .
ә) Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту. Түсініктерін сұрау.
б) әліппе серігі
в) Вокзал мәтінінің мазмұнын айту
IIIЖаңа сабақ .

Жұмбақ шешу.
. Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа, Бірде алға, Желаяқ көп бала,

Сендерге футбол ойыны ұнай ма? -Оны қалай ойнаймыз?

-Қандай футбол командаларын білесіңдер?Қандай әлемге әйгілі футбол жұлдыздарын білесіндер? (Пеле, Зидан, Роналдо, Дель Пьеро, Шевченко, Буффон, Пуйоль, Жумаскалиев)
Қостанайлық-Тобол, Астаналық-Астана, Алматылық-Қайрат, Қарағандылық-Шахтер. командалары бар. Бізде төрт топ бар. Тобол, Астана, Қайрат, Шахтер .
-Сонымен, сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
-Қәне, айтып көрейікші?-Ф-ф
-Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс? Үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта. Орыс тілінен енген дыбыс.
-Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
Ф әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру . Видио фильм көрсету .

Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс.
1 топ Қайрат (Футбол сөзіне дыбыстық талдау)

2топ Астана (Футбол сөзін буынға бөлу)

3топ Шахтер (Футбол сөзімен сөйлем құру)

4 топ Тобол (Ф дыбысынан басталатын адам аттарын айту)

V. Оқулықпен жұмыс .
Ф дыбысы бар сөздерді оқып, сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап, тұтас оқуға үйрету, түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Бағандағы сөздердің мағынасын түсіндіру.

Ферма- шаруашылық орталығы

Фирма - мекеме

Фото - сурет

Факс-телефон арқылы жіберілетін хат

Телефон - сөйлесу құралы

Телеграф-телефон соғу орталығы.

Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту:
Әлемге аты тараған
Отырарда тұрағы
Әл-Фараби дана адам
Ілімнің сөнбес шырағы

Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.

«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.
-Біздің Қостанай қаласында қандай фабрика бар?

Баян-сұлу кондитерлік фабрикасы неше түрлі тәттілерді шығарады.

Сергіту сәті :
1, 2, 3
Бойға жинап күш
Қолға қалам аламыз
Әсем етіп жазамыз

VI. Жазу дәптерімен жұмыс .
а) Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.
Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп?
ә) Ф әрпінің баспа, жазба түрімен таныстыру.
б) Тақтада жазылуын көрсету, түсіндіру.
в) ф әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу.
г) Отыру ережесі.
ғ) Бір жол кіші әріп, бір жол бас әріп.

VII. Шығармашылық тапсырмалар .
а) Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет. .
Футбол, ферма, телефон, фабрика
ә) Сөздердегі дауысты дыбыстардың астарын сызып көрсет.
Туфли, фирма, факс, физика, марафон
б) Қай буынды жоғалттым? Ойыны: те-ле-,, , , фут-,, , , фо-,, , , фар-,, , .
в) «Қай әріпті жоғалттым» Ф,, , рма, ф,, , кс, теле,, , он, ф,, , брик
. Сабақты қорытындылау .
-Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?

-ф дыбысы қандай дыбыс?

-ф дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-футбол ойынының қандай пайдасы бар? Спортпен шұғылдану неге пайдалы ? Денсаулық- зор байлық. Ал біз деніміз сау ұрпақ болуымыз керек екенін ұмытпайық.


X. Марапаттау.
XI. Үйге тапсырма
:Ф дыбысы берілген бетті оқу.


Ұқсас жұмыстар
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ф дыбысы мен әрпі
1-сыныпқа арналған ашық сабақ: Ф дыбысы мен әрпі
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Ұлттық кейіпкерлер және Ф дыбысы мен әрпі
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Гг әрпі мен дыбысы
О дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пп дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Г дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Х дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған К дыбысы мен әрпі бойынша сабақ жоспары
Ү дыбысы мен әрпі: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz