Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бұнда балаларға арналған өлеңдері
<<Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға>>Әдеби-сазды кеш
Өткізген Сауле Ақылжанқызы Төлеубаева - Талдықорған қаласы, <<А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебімектепке дейінгі шағын орталығымен>> коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты кітапхана меңгерушісі.
Мақсаты: 1.Оқырмандарға қаламыздың тұрғыны, журналист,балалар жазушысы Әли Әпекұлы Ысқабай жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдері мен шығармашылығымен таныстыру, яғни өлеңдерін, жұмбақ, жаңылтпаштарын жүрекпен оқыту арқылы икем-дағдыларын арттыру,тілін жаттықтыру, сөздік қорын байыту.
2. Оларды туған жерді қастерлеуге, тілін сүюге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, кітап оқуға баулу,табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: кітап көрмесі, бейнефильм, слайд-шоу
Кеш қонақтары: Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, журналист, жазушы Әли Әпекұлы Ысқабай және Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Абылай Жұмаділұлы Қармысов, мектеп директоры, мектеп ұстаздары, оқушылар.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар!
2-жүргізуші: Бүгін <<Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері>>,Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты,әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға журналист,жазушы Әли Әпекұлы Ысқабайға арналған <<Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға>> атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Қаламым бар қолымнан түспейтұғын,
Үстелге кел, отыр деп күштейтұғын.
Талай қағаз беттерін шимайлады ол,
Тыным таппас әдетпен істейтұғын.
2-жүргізуші: Қаламыздың Құрметті азаматы,75 жылдық мерейтойын толағай табыстармен қарсы алып отырған Жер Жаннаты Жетісудың бірегей перзенті Әли Әпекұлы Ысқабай бүгін біздің білім шаңырағымызда қонақта ( Бейнефильм)
1-жүргізуші:Туған өлкем- Жиделі күн шуақты,
Бал дәуренім осында бүршік атты
Арнайы іздеп келгенде тым алыстан
Жанарымнан сағыныш ыршып жатты.
Таза ауасын жұтпақ боп қанғанымша
Ат арытып өлкеме барғанымша,
Көкіректі кернейді сағынышты,
Бір мезетте те бермейді жаңға мұрша.
Кіндік кесіп, бастаған ғұмырымды
Мен қалай ұмытармын тұғырымды
Көп жылдарды жылжытып оздырыппын,
Дөңгелетіп өмірлік шығырымды.
2-жүргізуші:Әли Әпекұлы 1939 жылы мамыр айының 6-сы күні Алматы облысы, Балқаш ауданындағы Іле өзенінің Балқаш көліне тақау сағасындағы <<Құйған>> ауылында дүниеге келген. Сол өңірдің құмына аунап, суына шомылып жүріп ер жеткен азамат. Әкесі- Әпекұлы Ысқабай, анасы-Жазықбике Өтелқызын еске алғанда
1-жүргізуші:Жан әке,жалғасыңмын, ұрпағыңмын,
Тағасы тастан таймас тұлпарыңмын.
Қиянға ұя салып, шыңды шолған,
Түлеген темір қанат сүңқарыңмын.
Танытады әкемдей пейілін кім?
Көрсетеді шешемдей мейірін кім?
Көңіл жүдеп, құлазып, шаршағанда,
Қамқор жасап аударар зейінің кім?-деп толғана еске алады.
2-жүргізуші: Орта мектепті бітіргеннен кейін, <<Жиделі>> совхозында жұмысшы болып істеді. 1958 жылы Балқаш аудандық <<Балқаш еңбеккері>> газетінің редакциясына қызметке шақырылып, әуелде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы міндеттерін атқарып жүрді.
Жүрек тебірентіп, жан тербетер ойларын тапқыр да,ұтқыр тілмен жеткізетін сөз өнеріне бейімділігі ерте танылды. Ізгі мұрат, асқақ арманмен Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін 1966 жылы бітіріп, кәсіпқой журналист атанды.
1-жүргізуші: Әли Әпекұлы Алматы облысына қарасты Қаратал, Көксу, Шелек аудандық газеттерінің редакторы, Талдықорған облыстық <<Октябрь туы>> және <<Жерұйық>> газеттерінде бас редакторының орынбасары, <<Социалистік Қазақстан>> газетінің Манғыстау облысындағы меншікті тілшісі, <<Алатау>> баспа полиграфиялық корпорациясының Талдықорған облыстық өндірістік бірлестігінің бас директоры,Алматы облыстық <<Жетісу>> газетінің бас редакторы міндетін және <<Алатау>> газетінің бас редакторы міндетін атқарды.
2-жүргізуші:Бүкіл саналы ғұмырын, шығармашылық қызметін Жетісудың кіндік каласы-Талдықорғанда өткізіп келе жатқан ақын, жазушы, драматург Әли Әпекұлын есімін кең-байтақ елімізде білмейтіндер некен-саяқ.Әли аға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ақын, прозашы, балалар әдебиетінің өкілі ретінде осы уақытқа дейін оқырмандар тарапынан сұранысқа ие болған 20-дан астам кітап шығарды. Ол кісі Қазақ КСР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, көптеген медальдардың иегері.
1-жүргізуші: <<Қара шаңырақ>> өлеңінде
Бітірдім де мектепті-онжылдықты,
Сәті түсіп болды ма жолым құтты,
Ата дәстүр салтымен отау тігіп,
Шымылдыққа түсірдім қалыңдықты.
Кемесінде тіршілік тербетіліп,
Арман туын жүрекке-төрге іліп,
Иықтасып көтердік өмір жүгін,
Мұрат тұттық жүруді өрде күліп.
Шүкіршілік, ұл сүйдік,қыз да сүйдік,
Қолымызда бар-жоғы қысқа билік.
Береке-құт құтайды. Жетіп жатты.
Бермесек те өзгеге, тысқа сыйлық.
Ошақ отын маздаттық алаулатып,
Дастарханды кең жайдық танаулатып.
Түзу шығып түндіктен түтініміз,
Әулет даңқын биіктен жалаулаттық.
Бүгінде Әли аға мен Елеусіз тәте екеуі сәнді өмір сүріп, ұлағатты ұл,инабатты қыз өсірген, өрісі алты алашқа кеңінен жайылған мәуелі бәйтеректей жемісті де өнегелі отбасы екендігін сүйсіне қараймыз.
2-жүргізуші: Жырларымның әрбір жолы- бастан кешкен жылдарым,
Көзіңменен оқыма тек, жүрегіңмен тыңдағын.
Оңда тұтас өңір бар,
Оңда алтын, көмір бар,
Онда кінәз көңіл бар
Өмір бар!-деп жырлаған Әли ағамыздың еңбектеріне мектеп кітапханасында<<Өнегесі мол өрелі жан>> атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Осы көрмеге қойылған кітаптармен таныстырып өтіледі:
<<Мәдени мұра>> бағдарламасы бойынша Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен баспасөз саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен бесаспап қарымды қаламгер Әли Ысқабайдың 75 жыл толуына орай, өнегелі өмір иесінің шығармашылығы көрініс тапқан жаңа кітап оқырмандарына жол тартты. Осынау тағы бір тағылымды басылым-мерейтойлық кітап тұсаукесері болды. Бұл <<Тіршілік тынысы>> атты кітабында өмірінен алынған оқиғаларды шығармасында өлеңмен суреттеп жазған және көрнекті ақын-жазушылар,оқырмандардың ой-пікірлері,толғаныстары және қаламгерге деген жылы лебіздері жинақталған. Қаламгердің бітім-болмысын,кісілік келбетін,журналистік шеберлігін шыңдаудағы ізденістерін, толысу мен кемелдену барысындағы бағыт-бағдарын баяндайтын өзіндік қолтаңбасын саралап, сыр шертетін жазбалар да оқырман назарына ұсынылып отыр.
Кітап мазмұнына үңілсек, <<Өмірімнің өзгеріссіз өрімдері>>, <<Жеті ғажайып>> тарауында әр жылдары жазылған танымал ел тұлғалары,туған жер мен ел туралы жырлары,тәуелсіз елдің тыныс-тіршілігін тілге тиек еткен. <<Шуақты лебіз легі-шынайы көңіл тілегі>> тарауында Әли Әпекұлының шығармашылық қызметімен қатар адамгершілікке тұнған бейнесі, кісілік келбеті жайлы жылы лебіздерін Бексұлтан Нұржекеев, Сәкен Иманасов, Жанат Елшібек сынды белгілі қаламгерлер, қызметтес болған ардагер журналистер және аға талантын үлгі тұтқан шәкірттері, оқырмандары, ілтипат сезімдерін білдірген. (слайд)
<<Пікірлер мен талдаулар>> тарауында оқырман қауымның ерекше ықыласына ие болған <<777 жұмбақ>>, <<Әліппе- жаңылтпаштар>> кітаптарына тіл мамандарының пікірлері, берген бағалары жинақталған.
<< Менің інім>> Балаларға арналған өлеңдер жинағы. Алматы. <<Жазушы>> баспасы, 1961 жыл.
Мұнда кішкене оқырмандардың көңілділігі, аңғалдығы мен тапқырлығы, сан қилы мінездері мен қылықтары шынайы көрсетілген. Кітапта туған жерді,Отанды, табиғатты сүюге үндейтін тақпақтар топтап берілген.
<<Тайқасқа>> кітабы Алматы. <<Балауса>> баспасынан 1992 жылы шыққан
Мұндағы шығармалар ауыл адамдарының күнделікті тыныс-тіршілігін баяндайды.Әкесі мен баласынын атбегілікке құмарлығы нақты көрініс тапқан. Олардың бейнесін ашып көрсетіп бойлары құштарлыққа,мақсат-мұраттарға толы екенің көрсетеді. Бұл кітап оқырманды рухани байлығын молайтуға септігін тигізеді.
<<Бесік жыры>> кітабы Алматы. <<Полиграф>> комбинаты, 1996жылы 112 бетті болып шықты.
Бесік жырынан бастап оқырмандарды еңбек сүйгіштікке,кішіпейілдікке,адамгершілікке үндейді. Халқымыздың салт-дәстүріне үйлес, ұлттық бояуы қанық тақпақтар,санамақтар,жаңылтпаштар,жұмбақтар,ойын өлеңдер жинақталған
<<Солдат ағаға хат>> Алматыда, <<Жалын>> баспасынан 1997 жылы шыққан.
Бұл кітап бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларына арналған. Балалардың оқуына жеңіл тақпақтар нақты мысалдармен берілген.
<<Қаһарман ұл-Бақтыораз>>Талдықорған. 1998 жыл <<Офсет>> баспаханасында шыққан.
Кітап Ұлы ОТАН соғысындағы ерен ерлігі жарты ғасырдан кейін танылған Ресей мен Қазақстан <<Халық қаһарманы атанған>>Бақтыораз Бейсекбаевтың батырлығын баяндайтын,жарқын бейнесін сомдайтын дастаннан тұрады. Батырдың қаһармандық ержүректігі Тәуелсіз біздер үшін үлкен өнеге әрі мұра болады.
<<Бейтаныс қыз>> Алматы. Санат>> баспасы.1998жыл. 304 беттен тұрады.
Бұл кітапқа енген шығармалардың басты кейіпкерлері еңбек адамдары,қатардағы қарапайым жандар,бүгінгі замандастар. Олар арқылы ауылдағы ел тірлігі мен тұрмыстарындағы ортақ қиындықтары мен тіршіліктің ұнамды-ұнамсыз тұстары шынайы суреттелген.
<<Жұбайым>> , <<Жетісу таңы>> атты кітаптарында
Әли ағаның сөзіне жазылған сазгерлердің әндері мен пародиялары,ойын өлеңдері мен сықақтары жинақталған.
<<Айдостың арғымағы>> Алматы. <<Дәуір>> баспасы 2004 жыл. 352 бетті
Бұнда балаларға арналған өлеңдері.Тәуелсіз Қазақстанымыздың елдігі мен ерлігі, ынтымағы мен татулығы,адамдардың ыстық ықыласы,асқар арманы,өрісті де өрелі ойлары, адамгершілігі жыр арқауына айналған.
<<Ана алақаны>> Алматы. <<Арыс>> 2007 жылы 288 бетті болып шыққан.
Бұл кітап балаларға арналған әңгімелер жинағы. Қай әңгімені оқысаңызда, баланың пәк көңілін дөп басып шынайы суреттеген.
<<777 жұмбақ>>. Алматы. <<Дәуір>> 2008 жыл.158 бет.
Бұл кітапта біріңғай жұмбақтар топтастырылған.Оларда аспан әлемі мен табиғат құбылыстарының көріністері, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, тұрмыстық, шаруашылық бұйымдары, оқу - білім құралдары және басқа да тақырыптар қамтылған.Жұмбақтардыңшешуін табу баланы ойландыруға,танымдық қасиетін дамытуға, салыстырмалық пен тапқырлыққа үйретуге,ой-қиялды өрістетуге игі ықпал етеді.
<<Әліппе-жаңылтпаштар>>. Алматы. <<Дәуір>> баспасы. 2010 жыл.208 бет.
Әріптерге құралған әліппе-жанылтпаштар балалардың сөздерді жаңылмай, қателеспей тез әрі шапшаң айтуына, тілді жаттықтыруға,үйретуге қажетті құрал ретінде пайдалануға болады.
<<Ойлы сөздің оғашы жоқ>> және>>, <<Уақыт уысында>> Алматы. <<Дәуір>> баспасы 2009.480бетті
Қаламгердің көп жылғы өмірден көрген, ойға түйген тұжырымдары күнделікті тіршілік барысында туындаған орайлы ойлары мақалдар, мәтелдер,нақылнамалар,ғұмыр қағидалары іріктелініп жинақталған. Отан,туған жер,ел мен ер жайлы толғауларын тобықтай түйіндеулер арқылы мәйекті сөздермен мәнерлі етіп жеткізеді.
<<Зейіні зерек зиялылар>> Алматы. <<Дәуір>> 2009. 480 бет.
Бұл кітап эссалармен мақалалар жинағы.Қоғамның дамуы жолында адал еңбек етіп,халқының құрметіне бөленген,аброй-ожданың таза ұстап, адами қасиеттерді жоғары бағалаумен біртуар тұлғаға айналып,есімдері жүрек төрінен орын алған зейіні зерек зиялылардың ғұмыры мен еңбектері баяндалады.
2-жүргізуші:Али ағамыздың жұмбақтарын шешіп көрейік.
1-жүргізуші:Қалам мені жеткізді тілегіме,
Нұрын септі жыр құйды жүрегіме.
Мың-мың алғыс айтамын қаламға алтын,
Тірлігімде айналған тірегіме.
2-жүргізуші:Али ағамыздың жазған өлеңдерін біздің мектеп оқушыларының орындауында тындаңыздар:
Айтуған Бақнұр <<Алтын қалам>>
Болатқызы Жансая <<Күн көзі жердің жүрегі>>
МаханбетАружан <<Көктем көріністері>>
Нүсіпжан Тамырлан <<Жауынгер>>
Марат Айгерім <<Ақорда>>
Тоқтарбекова Райхан <<Бәйтерек>>
Рахимбаева Маржан <<Хан шатыр>>
Аман Диана << Ана тілім>>
Серікқызы Ақерке <<Домбыра>>
Болатұлы Елдар << Сәуір шуағы>>
Төребек Айтолқын <<Ауылды аңсау>>
Мұқатай Бағдара <<Ғұмыры қыдыр қарттары бар>>
Көрініс <<Лақ пен қозы>> Ринат, Аружан 5сынып оқушылары
1-жүргізуші: Әншісі мен жыршысын, күйшісі мен бишісін алақанда тербеткен Жетісу елі бүгін тағы төл перзентінің қылқаламынан шыққан шығармашылығымен танысып жатса Жетісу жерін әнге бөлеп, сазбен тербеткен сазгерлері де Әли ағамыздың көптеген өлеңдеріне ән жазып жүр.
Әли Ысқабайдың сөзіне жазылған<<Астана-Бәйтерек-әні Садық КӘРІМБАЕВТІКІ
<<Түркістан нұры>>-әні Амангелді Тоқымбековтікі
<<Байрағым биік тұр>>-әніСерікжамал Әжібекованікі
<<Жан-жарым>>-әні Әли Алпысбаевтікі
<<Алматы мен Астана>>-ән іӨмірсерік Араповтікі
<<Жаны жайсан достары>>-әні Мұратхан Егінбаевтікі
<<Жұбайым>>-әніАлмахан Кенжебекованікі
<<Құдаша>>-әні Бақберген Асқарбаевтікі
<<Біз ұланбыз бақытты>>-әні Жанкелді Немеребайдікі
<<Жетісудің кіндігі>>-әні Арман Аманжоловтікі
<<Жұлдыз қала>>-әні Арман Аманжоловтікі
<<Жерошақ>>-әні Жекен Талиповтікі
2-жүргізуші: <<Жерошақ>>-әні Жекен Талиповтікі, сөзі Али Ысқабайдікі орындайтын қаламыздың құрметті азаматы,Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері,Әміре Қашаубаев конкурсының лауреаты Абылай Жұмаділұлы Қармысовтың орындауында тындаңыздар.
1-жүргізуші:Бар байлығым -достарым,төңірегім
Пейіліне олардың егілемін,
Кеуде керіп,шаттанып кеткен сәтте
Нөпір нөсер нұрыңдай төгілемін
Осындайда ұмытқан кәрілігін
Күмбірледі күмбездей көкірегім.
2-жүргізуші:Көрнекті ақын-жазушылар мен кітапқұмар оқырмандардың қаламгер шығармаларына білдірген ой-пікірлері,толғаныстары және жылы лебіздері , тілектері:
1.Қалижан Бекхожин. Ақын, драматург, аудармашы.Қазақстанның халық жазушысы.
Бақанастық Әли Ысқабай өлеңдерің оқып танысып шықтық. Ақынның өлеңдерінде жақсы талап ізденгіштік талғам сезіледі. Өлеңдік көрік, ізденіске қарай тақырыбының да мәнділігі ұнамды.
2. Мұзафар Алімбаев. Ақын.Қазақстанның Халық жазушысы.
Ыспарлаған қалам иесі Әли Ысқабай енді жанрында күшін сынауға кірісіпті <<іздегенге інжу ілігер>> деген. Бұл бағыттағы ақын қадамдары, иншалла сәтті екен.
3.Қадыр Мырзалиев. Ақын. Қазақстан Халқының жазушысы.
<<Тақырыпты бір жүйеге, бір ойға бағындырып шоғырлау, топтау оңай жұмыс емес, әрине. Ал Әли Ысқабай бұл міндетті де сәтті орындап шыққан. Пікір тізгінің қолдан шығарып жібермей бабымен баяндап, келтіре жеткізеді.
4. Тұманбай Молдағалиев. Ақын. Қазақстанның Халық жазушысы.
<<Балдырған>> журналының әдепкі санынан бастап тұрақты байланысын үзбеген белсенді авторларымыздың бірі Әли Ысқабай балаларға арналған әдеби жанырлардың бәріңе қалам тартып, өзінің талантын ұштауды сәтті жалғастырып келеді. Әлидің редакцияға жіберген туындыларын жалықпай оқимын. Оның бір ерекшілігі- сан қырлы әдеби жанырдың шебері. Сан қырлылығы көңілге қонымды жеткізетіндігімен ұнайды.
5.Сәкен Иманасов. Ақын. Қазақстанға енбегі сіңген қайраткер.
АлиЫсқабай журналистика мен көркем әдебиетті берік ұштастырып алып кележатқан қаламгер. Газет қызметінде де Әли салған із әлі сайрап жатса керек. Өйткені, бұл салада да бағы жанған басшы да, басқасы да болып қызмет атқарған азамат.
6.Бексұлтан Нұржекеев. Жазушы. <<Парасат>> орденінің иегері.
АлиЫсқабай- мен үшін әдебиетті де адамгершілікте де өз орны, өз сыйы бар өте сыпайы адам. Ол кісінің орынсыз сұғанақтық жасап жүргенің өмірі көрген емеспін. Қашанда жымиып қана жылы амандасып, көзімен ғана көңілін аңғартып, бар пейілімен бас изеп қала береді. Оның жақсы ақын ғана емес, жақсы адам екенің де сезген сайын ерекше сүйсініп,сырттай риза болып жүремін.
7. Мүхтар Шаханов. Ақын. Қазақстанның халық жазушысы.
Қазақтың қанатты азаматтарының бірі Әли Ысқабайға үлкен құрметпен қараймын.
8. Темірхан Медетбек. Ақын. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері.
Әли Ысқабай бүгінде жетпістің жағалауына аяқ басып, жалпақ жонына көз тігіп, кеудесін кең кере тыныстап, бойын биік тік ұстап, қаламын ұштап әлі де талай шаруаның бетін қайтаруға қайратын жүмсауға бағыт-бағдарын барлаған жандай тұлғаланып тұр.
9. Тұрсын Сыдықов. Философия ғылым докторы. Педагогика Ғылымдары академиясының академигі.
Салалы ғұмырында әдебиетке адалдығы, ардың ісін Әлидің де бәрінен жоғары қоюы.
1-жүргізуші: Сократ айтпақшы, байлық пен атақ-даңқ ешқандай абырой әпермейді-демекші, тек қалам қуаты ғана жеткен жеріңе дейін көтеретінің көкірегіне мықтап түйгенінен болар. Сол көзқарасы, ұстамдылығына, табандылығына, қайсарлығы арқылы <<ардың ісіндегі>> жетістіктері үшін Әли Әпекұлы атына ғана жылы сөз мақтау айтсақ еш әбестігі,артығы жоқ.
2-жүргізуші: Шынасыл Шотбақұлы <<Зейіні зерек майталман>> Арнауын 7 сынып оқушысы Төребек Жұлдыз оқиды.
1-жүргізуші: Кенжехан Рақыш. Арнау <<Әлекеннің биігі>> 7сынып оқушысы Тыныбекова Айғаным оқиды.
2-жүргізуші: Сахнаға бүгінгі біздің қонағымыз Әли Әпекұлың шақырамыз.
Құрметті Али аға балалардың сізге қояр бірнеше сұрағы бар (СҰРАҚТАР)
1-жүргізуші: 6 сынып оқушысы Айдынова Арайлымның орындауында Түманбай Молдағалиевтің өлеңіңе жазылған ән << Бақыт құшағында>> сізге арналады.
2-жүргізуші: <<Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері>>, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты,әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға журналист,жазушы Әли ағамызға
Оралмас көктем мейлі ізде қалмай,
Шуағын мол төксіңші күзде арай.
Жетпістің де серігі бола алдың,
Ентікпей еркін басшы жүзге қарай,-деп досыңыз Сатыбалды Қазтаев айтқандай ауырмай-сырқамай жасыңыз жүзге келсін,отбасыңызға амандық, қаламыңыз ұштала берсін,шығармашылық табыс тілейміз. Келгеніңізге рахмет.
Сөз алып сөйлегендер:педагог- ұйымдастырушы Жапарова Рауфа Тілепалдықызы
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанов ЗормамедЗардинұлы
Мектеп кітапханасының меңгерушісі Толеубаева Сауле Ақылжанқызы
Жүргізуші: Осымен әдеби-сазды кешіміз аяқталды, уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz