Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Құрметті оқушылар алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар
Тақырыбы: << Сенімділік бізге күш береді>>
Мақсаты: Оқушылардың емтиханға дайындық кезіндегі сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру
Міндеті:
+ Өзіндік сенімін болуға баулу.
+ өзіндік бағалауын анықтау.
+ стресті жеңуге жол көрсету
+ оқушыларға емтиханды сенімді тапсыруға дайындау,оқу-танымдық қабілеттерін арттыру .
Сабақтың түрі: Ойын жаттығулар
Әдіс-тәсілі: ойын түрінде, топпен.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, үнтаспа, смайликтер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу. Сәлемдесейік иіліп
Жылы жүзбен жымиып
Қызығы мол сабақта
Ойнайықта күлейік.
Менің тренингтік есімім.
Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.
Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап, қортындылай келе тренинг сабақтың ережесін түсіндіреді.
ЕРЕЖЕ:
1. Құпиялылық
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
3. Белсенді боламыз
4. Бір-бірімізге ренжімейміз
<<қазір>> және <<осында>> принцпі
<<Мен қалаған есім>>
Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптасытыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.
Тренинг ережесі: Ортаға 12 оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады?
1. Ата-анаңның қалай атағаны ұнайды?
2. Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?
3. Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?
4. Достарыңның қалай атағаны ұнайды?
ІІ.Негізгі бөлім.
Дембо - Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау.
1. <<Өзіңді - өзің бағалау>> тесті
Түсіндірме: Оқушыларға тест парақшасы беріліп, шкала бойынша толтыру ұсынылады. Дембо - Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіне сенімділігін бағалау. Кез-келген Адам өз қабілеттілігін, мүмкіндігін, мінезін т.б. қасиеттерін өзінше бағалайды. Адам сапасының өсу деңгейі әр түрлі, ол адамзат қоғамында ең төменгі дәрежеден, ең жоғары нүктеге дейін бағаланады, сендер төмендегі берілген 7 қасиет бойынша өзіңіздің қасиеттеріңізді 100 балдық шкала бойынша бағалаңыз және әрбір шкалада қасиетіңіздің байқалу деңгейін белгілеңіз. Осыдан кейін әр шкала бойынша балдарды қосыңыз және 7 санына бөліп, орташа арифметикалық мәнін табыңыз.
1. Денсаулық;
2. Ақыл, қабілет;
3. Мінез;
4. Бақыттылық;
5. Ұқыптылық;
6. Ішкі дүниесі;
7. Сенімділік.
45 балдан төмен
45-74
75 - 100
Өз - өзін бағалау деңгейі
Өзін - өзі бағалау деңгейі төмен
Сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді тым төмен бағаламайсыз. Сырт көзге көріне бермесе де, өзіңізге өзіңіз сенбейсіз. Сіздің мүмкіндіктеріңіз сіз ойлағаннан жоғары
Өзін - өзі бағалау тепе - тең
Сіз өзіңізді жеткілікті реалистік тұрғыда бағалайсыз және өзіңіздің бағаңызды жақсы білесіз
Өзін - өзі бағалау аса жоғары
Сіз өзіңізді және мүмкіндіктеріңізді асыра бағалауға бейімсіз. Бұл адамдармен қарым - қатынаста белгілі қиындық тудыруы мүмкін.
III жаттығу .<<Мен кіммін>> әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың <<Кеше кім>>?, <<Бүгін кім?>>, <<Ертең кім?>> болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестендіретіндігін анықтау.
Алдыға оқушы шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім екендігін айтады. Психолог жеткізе алмаған оқушаларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айытқан сөздеріне қортынды жасайды.
IV.Жаттығу. <<Эксперимент>>
Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.
Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.
Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:
ЖОСпарҒАСӘйкесТІІС-шараЛАРАТҚАрылды
ОТансүйГІШТІКкеТӘУЕЛсізДІКтіқұрметТЕУГеөзеЛІНІҢБелсенДІАЗАМатыболУҒАтәрбиеЛЕУМАҚСАтымеНТАНЫМдыҚКОНФЕРЕнцияӨЗДЕңгейІНДЕӨтті
сынЫПЖЕТЕКШілерәРСЫНЫПтатаЛДАПТҮсіндіРУНАСИХАттаужұмЫСТАРынжүРГІЗді
V.Жаттығу. <<Жүретін орындықтар>>
Мақсаты: топпен біріге жұмыс істеуге ынталандыру, кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Ойын барысы: Ойынға 3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай жылжиды, ойында бірі біріне бөгет жасамай, итермей, музыканың қарқынына қарай бірде баяу, бірде жылдам қозғала отырып, белгіленген межеге жетулері керек. Кім басқаларды итермей, межеге бірінші жетсе, сол жеңімпаз атанады.
VI жаттығу.<<Стрессті қалай жеңуге болады?>>
Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады.1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен <<Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?>> деген сұрақ қояды. Оқушалр сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айытқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, <<Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды>>деген сөздерден кейін оқушалар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.
Релексация: <<Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?>> оқушылар өз ойын айтады.
VII.Жаттығу. Коллаж <<Менің бойтұмарым>>
Барысы: Берілген түрлі-түсті макарондарды жіпке тізбектей отырып, ішімізден жақсы тілек тілеп, өз бойтұмарымызды жасаймыз.
Арттерапия.<<Жан дүниемнің картасы>>
Барысы:Оқушылар жан дүниесінің картасын түрлі-түстермен сызба ретінде салады.Картаны қорғап тұратын бір қасиетін атайды
VIII жаттығу. Жаттығу.Медитация. <<Өз жұлдызыңызды табыңыз>>
Әдемі әуен ойнап тұрады.Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
а) оқушылар алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады
ә) жұлдыздарға болашақта өзіңізді қандай адам ретінде елестететінін жазады.
б) талқылау.
IX.Жаттығу. <<Мен саған сенімдімін>>
Мақсаты:Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту
Фразалы сөзді аяқтау: "Мен саған сенімдімін, сен...
X.Жаттығу. <<Алақан жылуы>>
Мақсаты: Алақан жылу арқылы топ мүшелері бір-біріне жақсы сөз айта білуге және сол сөздерді сездіре білуге дағдыландыру.
III.Қорытынды:
Психолог:
Сенімділік -адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады.
Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Құрметті оқушылар алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz