Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әнуар - ұлтын сүйген, ұлтжанды азамат

Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық тілші
эссе

Әнуар Әлімжанов - қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық тілші. Әнуар атамыздай дүниежүзінің 32 елін аралап, жүздеген мақалалары ағылшын, француз, неміс, хинди, жапон, қытай тілдеріне аударылған, әлемдік, азаматтық мәні зор қызмет атқарған бірде-бір қазақ жоқ екен.
<<Ел аралаған сыншы болар, тоғай аралаған үйші болар>> деген емес пе, ол жұмыр жердің төрт пұшпағын аралап жүріп, ауыр тағдырлы елдердің қасіреті мен қайғысын, қуанышы мен жетістігін өз мақалаларының өзекті тақырыбы ете біліпті.
Орта Азия, Ауғаныстан, Индияны жайлаған ұлттар мен ұлыстар өмірін, <<Алаулы найза>> ұстаған негрлердің азаматтық күресін жырлап, <<Ақ дос, сары дос, қара дос>> деп әлем халықтарының арасына достықтың алтын көпірін орнатып, қазақты әлемге танытуы - оның азаматтық ұстанымын, озық ойлы, ұлтжанды күрескер, қайраткер азамат екенін дәлелдеп тұрған жоқ па!
<<Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, жат білер>> деп дана халқымыз айтқандай, тынымсыз еңбегінің арқасында халықаралық Неру, Лотос сыйлықтарына ие болған екен.
<<Атаның баласы емес, адамның баласы>> болған Әнуар атамыз тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзат баласының мұңын мұңдап, сөзін сөйлеген публицист жазушы болғаны бүкіл қазақ үшін үлкен бақыт деп ойлаймын.
Әнуар - ұлтын сүйген, ұлтжанды азамат.
Тың жерлерді игеру кезінде берілетін көмектен қазақтардың шеттетілгеніне қарсы өткір үн қатуы, әл-Фарабиді ұлт мақтанышына айналдыруы, Қозы мен Баян махаббатының бесігі, Абай туған киелі өңірдегі полигонды жабу туралы Семейде, Ұлыбританияда айтқан батыл сөздері елін сүйген үлкен жүректі азаматтың аузынан ғана шықса керек.
Ешбір елді, ешбір ұлтты бөлектемей, сыздаған жарасының аузынан табылған, жомарт жүректі қаламгер өзінің кіндік қаны тамған Қарлығашын, көгілдір таулары мен ардақты ауылдастарын өз шығармаларына үлкен сүйіспеншілікпен арқау етуі де оның азаматтық бейнесін көркейтіп тұр емес пе!?
Мен, мектепте оқып жүрген әрбір жас өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын танып, олардың өнегелі өмірінен үлгі алуы тиіс, оны мақтан тұтып, бағалай білулері керек деп ойлаймын. Әнуар атамыздай ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік!

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды тарих сабақтарында отансүйгіштікке тәрбиелеу
Қазақ Совет энциклопедиясы
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Елін сүйген, елі сүйген- елбасы туралы ақпарат
Пәнге деген қызығушылық - оқып - үйренудегі жетістік негізі
Менің тұңғыш Президентім ( Тәрбие сағаты )
Елбасының туған күнін ардақтау
Мемлекетіміздің аты
Оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыру
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Пәндер