Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дұрыс әрекет
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп 30 мектеп
Мерзiм 21. 10. 2016 жыл_
№ 7 сабақ
Тақырып: Еңбек- өмірдің нәрі
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: жауапкершілік, табандылық, шынайылық
Мұғалiм_С.Кайрлиева
Сынып 9 <<ә>>
Оқушылар саны 12
Мақсаты: Оқушылар өз болашақ бағытын айқындап, еңбекке шынайы араласуға, өмірде дұрыс әрекетпен жүруге бағыт беру .
Міндеттері:
Оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білу және өз жауапкершіліктерін арттыру түсініктерін кеңейту;
Дұрыс әрекет құндылығын оқушылар бойына сіңіре отырып, өзін-өзі тәрбиелеу,өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа табандылығын арттыру;
Оқушыларды өз болашағында еңбек ету үшін шынайы сүю арқылы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Үнтаспа, кітап-дәптер
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын>>.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
<<Салауаттылық - өмір негізі>> ойтолғау жазу
Талқылау сұрақтары:
1. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?
2. Дұрыс тамақтанбау қандай ауруларға шалдықтырады?
3. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс - әрекеттер жасайсыз?
4. Салауаттылық - өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?
5. Денің сау болу үшін еңбектің маңызы бар ма?
Түйіндеме:
● Өткенді ризашылықпен есте сақтаймын!
● Болашаққа үмітпен сенім артамын!
● Қазір дұрыс әрекетпен өмір сүремін!
Дәйексөз. (Әуелі қыздарға, сосын ер балаларға, сосын қосылып оқытылады.) Дәйексөз:
<<Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
(Халық даналығы)
Сұрақтар:
1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
2. Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіздер?
3. Еңбек етуде адамның қандай ерекшілігі байқалады?
4. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?
5. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
1. Мұғалім сыйы
Шалва Александрович Амонашвили - ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Тбилиси университетінің шығыстану факультетін аяқтайды, мектепте жұмыс істеді, аспирантураны бітірді, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Амонашвилидің <<Борыш>> атты еңбегі. Жаз кезі болатын. Олар жанұяларымен балаларын қуанту үшін теңіз жағалауына демалуға баратын болған. Паатаның сыныптастары келіп еңбек бригадасына колхозға жұмысқа жазып қойғанын айтады. Оны естіген қарындасы Нина жылап жібереді. Оны естіген ата-анасы да ойлана келе, таңертең директорға барып арыз жазамыз деп шешім қабылдайды. Ертесіне анасы мектепке барайын деп жатқанда баласы Паата: <<Мен колхозға жұмыс істеуге барамын, жолдастарымнан қалмаймын>> дейді. Баласы көптен армандап жүрген теңіз жағалауынан да барлық қызықтан да бас тартады. - Мен міндеттімін баруға , - деген сөзден қайтпайды. Әкесі мен анасы әңгімелесіп отырып, - біз баламызды рухани жағынан тәрбиелеп, еңбек етуге үйретпедік. Қолдап жасайтын қара жұмысты жасап көрген жоқ. Шыдай алмай қайтіп келетін шығар деп ойлайды. Сөйтіп уақыты келіп баласы шай жапырақтарын жинауға жұмысқа кетеді. Екі апта өткен соң мектеп директорынан хат келеді. Ол хатты оқығанша шыдамсызданады. Хатта былай деп жазылған: <<Сіздің балаңыздың жұмысқа деген қабілеті өте жоғары, осындай еңбекқор бала тәрбиелегендеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Хатты оқып болған соң әкесі былай деп ой түйеді. <<Біз баламызды әлі кішкентай деп жүрсек, ол ержетіп, азамат болған екен>> баламызға ауыр жұмыс істетіп үйретпесекте рухани жан дүниесіне дұрыс тәрбие бере алған екенбіз. Егер баланың жан дүниесі кіршіксіз таза болса, атқаратын іс - әрекеті дұрыс болады.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
I топ: Жауапкершілік
II топ: Шынайылық
Әр топ берілген заттарды пайдалана отырып, өз шеберліктеріне қарай бұйым жасап шығару.
Топпен ән айту
<<Атамекен>>
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
.
Үй тапсырмасы: Ш.Амонашвилидің <<Үміт>> әңгімесін оқып келу
Соңғы тыныштық сәтi.
Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz