5-сынып: Натурал сандардың 3-ке және 9-ға бөлінгіштік белгілері

Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты:
Жаңа білім : • Натурал сандардың 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілерін қолданып, есептер шығаруда тақырыпты толық меңгерту.
Жаңа түсінік : • Тақырыпты игеру барысында қосындының санға бөлінгіштік ережелерін біледі және санның цифрларының қосындысы сол санға бөлінсе, натурал сан да бөлінетінің түсінеді.
Қолданым әрекеті : • Натурал сандардың 9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгілерін қолданып, есептер шығаруда тақырыпты толық меңгерту.
Құндылық: дұрыс әрекет
Сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру
«Натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілері жайлы не білеміз?»
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау,
топпен жұмыс жасау
Оқулықпен жұмыс Тапсырмалар беріледі.
1) 27*, 47*, 67*, *67 ; 2*9; 8*2; 46*
2) 2, 7, 6; 6, 8, 4; 9, 3, 6; 4, 8, 9
3) 12, 29, 45, 57, 61, 72, 83, 99
4) 142, 71, 104, 88, 1000, 575, 820 тақ, жұп сандарын теріп жазыңдар
Тапсырма (1, 23) 143 бет
Есептер шығару№619, №623
*орнына тиісті цифрды қойып 3, 9-ғабөлінетін сандар құрастыр
Карточкалармен жұмыс
Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.
Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады.
Натурал сандардың 3-ке, 9-ға бөлінгіштік белгілерінің ұқсастығын және айырмашылығын жазу
1. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді?
2. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді?
Стикерлерді толтыру