Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту

<<____>> __________ 20 ж.
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулу, сөздік қорларын дамыту. Еңбекке деген қызығушылықтарын ояту және үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.
Пән аралық байланыс: сауат ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар, мамандық түрлері.
Бөлімі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қазір бізде тіл дамыту оқу іс-әрекеті. Бүгінгі оқу іс-әрекеті ерекше, бізге қонақтар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.
Қонақтармен амандасу.
Армысың,қайырымды аспан-ата!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім! Армысыздар, қонақтарым ,достарым!
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атаңдар, қазір нешінші айы, қалай аталады?
Аптаның нешінші күні, қалай аталады?
Өткен сабақты есімізге түсірейік. Не жайында айтылды? <<Жеті қазынаның бірі>>, оның ішінде ит туралы ертегіні естеріне түсіру.
Тосын сәт.
Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті. Ашып көрейік. (хатты ашу)
-Бұл хатты бізге Жұмбақбай ата жіберіпті. Мен сендерге оқып берейін.
Жұмбақтарды шешеді. (Слайд)
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылды.
Тағы қандай мамандық иелерін білеміз?
Қабылдайды.

Амандасады.

Шаттық шеңберін жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Естеріне түсіреді, сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылық танытады.

Жұмбақтарды шешеді.
Білгендерін айтады
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін осы мамандық түрлеріне, атқаратын қызметтеріне тоқталайық. Өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтайық.Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Ендеше Жұмбақбай атаның тапсырмаларын орындап көрейік. Дайынсыңдар ма? Мұқият болайық.
1-тапсырма:
<<Суреттерге қарап әңгіме құрастыр>>. Бірнеше суреттер берілген. 3-4 бала осы суреттерге қарап, әңгіме құрастырып айтулары керек.
ІІ-тапсырма:
Дәптермен жұмыс. <<Кімге не керек?>> дидактикалық ойыны. (әр мамандық иесінің қажетті заттарын сызықпен қосып көрсету керек)
Сергіту сәті.

ІІІ-тапсырма:
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту.
ІV-тапсырма:
<<Дұрыс па, бұрыс па?>> ойынын ойнайық.
Дұрыс болса қолдарын көтеру керек, бұрыс болса көтермеу керек.

Жақсы балалар, біз Жұмбақбай атаның жіберген барлық тапсырмаларын орындадық.
Енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. Мен сендерге әріптер көрсетемін, ал сендер сол әріптерден басталатын мамандықтың түрін айтасыңдар.
Қабылдайды.

3-4 бала әңгіме құрастырады.

<<Кімге не керек?>> дидактикалық ойынын ойнайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Балалар тақпақтарын айтады.

Дұрыс болса қолдарын көтереді, бұрыс болса көтермейді.

Қабылдайды, айтуға тырысады.
Рефлексивті түзету
Қорытындылау мақсатында біз сендермен <<Кім болам ?>> дидактикалық ойынын ойнаймыз.
- Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек. Міне, мамандықтың бәрі жақсы екеніне көзіміз жеткен сияқты. Қандай маман иесі болса да, аянбай еңбек етеді. Біз олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек .
-Ендеше еңбек туралы мақал-мәтел айтайық.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Оқу іс-әрекетін мына өлең жолдарымен аяқтаймын.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. - демекші, сендер де өскеде дені сау, білімді, еңбекқор, ақылды болып, осы Қазақстанымыздың көркейіп, өсуіне өз үлестеріңді қосып, армандаған маман иесі болатындарыңа сенемін.
Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалау. Жұмбақбай атаның сыйлықтарын таратып беремін.
2-3 бала әңгімелейді.

Мақал - мәтелдерді қайталап айтады.

Қабылдайды.

Сыйлыққа қуанады.

Күтілетін нәтиже: Мамандықтың бәрі жақсы
Біледі: Мамандық иелерінің атауларын, атқаратын қызметін біледі.
Игереді : Жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып, мақал-мәтелдерді айтуды игереді.
Меңгереді: Сурет бойынша әңгіме құрастыруды, ойын анық, нақты жеткізуді, үлкендердің еңбегін бағалауды меңгереді.

Тәрбиеші: Тәңірбергенова Л.Н.

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
<<Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының
№3 Явленка орта мектебі>> КММ-сі

Мектепалды <<А>> сыныбында тіл дамытудан <<Мамандықтың бәрі жақсы>> тақырыбына өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне өзіндік талдау.
19 ақпан 2016 жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: <<Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулу, сөздік қорларын дамыту. Еңбекке деген қызығушылықтарын ояту және үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу>> болды.
Оқу іс-әрекетін қонақтармен амадасу, шаттық шеңберімен бастадым. Келесі кезекте өткен оқу іс-әрекетін қайталау болды. Балалар өткен оқу іс-әрекетін естеріне түсіріп, бір бала <<Жеті қазынаның біріне>> жатанын ит туралы ертегіні айтып берді. Бірақ аздап қыналғандығы байқалды.
Мотивациялық қозғаушы ретінде оқу іс-әрекеті мамандыққа байланысты болғандықтан хат таратушының бізге жіберген Жұмбақбай атаның хат әкелуін қолдандым. Балалар қызығушылық танытты. Жұмбақбай атаның жіберген хатын балаларға оқып, оның бізге бірнеше жұмбақтар жібергенін, оларды шешсек бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылатынын және оның тағы да тапсырмалары бар екенін, оларды орындасақ жіберген сыйлықтарын алатынымызды білдік.
Жұмбақтарды шешкен сайын интерактивті тақтадан мамандықтың түрлерін көрсетіп отырдым. Сөйтіп осы көрген суреттердің барлығы бір сөзбен қалай айтылатынын тауып, бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылды. Тақырып ашылған соң мамандық туралы қысқаша ақпарат беріп, сұрақ-жауап арқылы балалардың ойы қозғалды.
Әрі қарай тапсырмалар орындалды. 1-тапсырма: <<Суреттерге қарап әңгіме құрастыр>>. Бұл тапсырманы сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсатында алдым. 3 бала шығып көріп тұрған суретке қарап әңгіме құрастырды. Аздап қиыншылық болды.
ІІ-тапсырма: Дәптермен жұмыс. <<Кімге не керек?>> дидактикалық ойыны. Бұл жерде ойлау қабілеттерін, зейіндерін арттыру мақсаты көзделді. Тапсырманы дұрыс орындап шықты. Тағы қосымша тапсырма болған, бірақ уақыт үнемдеу мақсатында қолданған жоқпын.
Екі тапсырмадан кейін музыканың сүйемелдеуімен сергіту сәті орындалды.
Одан кейін ІІІ-тапсырма: Мамандықтар туралы білетін тақпақтарын балалар ортаға салды. ІV-тапсырма: <<Дұрыс па, бұрыс па?>> ойыны ойналды. Бұл жерде де балалрдың зейінін, шапшаңдығын арттыру мақсаты көзделді. Әрине қателескен балалар болды.
Жұмбақбай атаның жіберген барлық тапсырмаларын орындап болғаннан кейін, өзімнің тапсырмамды ұсындым. Барлық балаға сауат ашудан өткен әріптер таратылып, оларға осы әріптен басталатын мамандықтың түрін атау ұсынылды. Бұл жерде сауат ашу оқу іс-әрекетімен байланыстырылып, есте сақтау қабілеттерін арттыру болды. Бұл тапсырманы 4 бала дұрыс орындады. Қалған балаларға көмектесуге тура келді.
Қорытындылау мақсатында <<Кім болам ?>> дидактикалық ойынын ойнайдық. Балалардан тек қана кім болатындарын сұрап үлгердім. Жоспар бойынша кім болатындарын және не үшін ол мамандықты таңдағандары туралы қысқаша әңгіме айту болатын. Уақыттың аз қалуына байланысты қысқартуға тура келді. Қорытынды сұрақтар ретінде үлкендердің еңбегі туралы айтылып, үлкендердің еңбегін құрметтеу керектігіне тоқталып, 2-3 еңбек туралы мақал-мәтел айтылды. Оқу іс-әрекетін Абай Құнанбаевтың өлең жолдарымен аяқтап, Жұмбақбай атаның жіберген сыйлықтары таратылды. Өз тарапымнан да балалардың сабаққа қатысуларын бағалап, атап өттім.
Жалпы айтқанда осы оқу іс-әрекетінде мамандықтың түрлерімен олардың атқаратын қызметтері туралы білімдерін тереңдеп, ойлау қабілеттері артып, еңбекті қадірлей білу, жалқау болмай еңбектену керектігіне көздері жетіп, сурет бойынша әңгімелеу барысында толық және байланыстыра сөйлеуге дағдыланды. Осыған орай қойылған мақсаттарға жеттім деп ойлаймын. Әрине кемшіліктер болды. Келешекте осы кемшіліктерді жойып, бұдан да жақсы жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Мектепалды <<А>> сыныбының тәрбиешісі: Тәңірбергенова Л.Н.

<<Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендердің бірнеше жұмбақ жасырдым. Олардың шешсеңдер және бір сөзбен қайлай айтылатынын тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын табасыңдар. Сонымен қатар менің тағы да бірнеше тапсырмаларым бар. Олардың барлығын орындасаңдар, менің жіберген сыйлықтарымды аласыңдар.>>

1-тапсырма:
<<Суреттерге қарап әңгіме құрастыр>>. Бірнеше суреттер берілген. 3-4 бала осы суреттерге қарап, әңгіме құрастырып айтулары керек.

ІІ-тапсырма:
Дәптермен жұмыс. <<Кімге не керек?>> дидактикалық ойыны. (әр мамандық иесінің қажетті заттарын сызықпен қосып көрсету керек)

ІІІ-тапсырма:
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту.

ІV-тапсырма:
<<Дұрыс па, бұрыс па?>> ойынын ойнайық.
Дұрыс болса қолдарын көтеру керек, бұрыс болса көтермеу керек.

Жұмбақтар.

:: Мектептің жүрегі, білімнің тірегі. ( Мұғалім)
:: Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
:: Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді. ( Тігінші)
:: Зымыранды ерттеген, ай жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)
:: Тәртіп заңын сақтайды, ел сенімін ақтайды.
(Полиция қызметкері)
:: Өскен шашты жаратпайтын, қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз)
:: Дабылға тез жететін, жалынға сүнгіп кететін.
Тайсалмайтын батыр кім? Жасқанбайтын батыр кім?
(Өрт сөндіруші)
:: Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір. (Аспазшы)
:: Жалтылдап қалағы, салатын кім қаланы? (Құрлысшы)
:: Тұрады әркез сауда сатып, таразы, шотпен достасып.
(Сатушы)
:: Ол көлікті тізгіндейді,жол жөнекей қасынан жолаушы бір үзілмейді. (Жүргізуші)

Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр

А Т Ғ С Д П М Ш Қ Ш Н

Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың бәрі жақсы Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру
Жақсы балалар
Мамандық таңдауым –маңызды мәселе
Сауда саласындағы мамандықтар
Мектепке. Мектептен. М.Дулатов
Мамандық таңдау
Мамандықтар классификациясы
Қыс қызығы жайлы ақпарат
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз
Тәрбие сағат тақырыбы
Пәндер