Биоақпараттану және синергетика технологиясы бойынша 8-сыныпқа арналған ауызша сабақ жоспары: Қабдеш Жұмаділов Қаздар қайтып барады

Бағдат Қаражигитова

Астана қаласы

№ 70 мектеп-лицейдің

мұғалімі

БИОАҚПАРАТТАНУ ЖӘНЕ СИНЕРГЕТИКА

ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША

АУЫЗША -1 САБАҒЫ

Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

8 - сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтін мазмұнын өздіктерімен жете түсіне білуге жетелеу, логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі мотивация

1. Карта бойынша жұмыс жасау ретін түсіндіру. 63% анықтау, жазу ( бала санына байланысты анықталады)

2. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беру.

3. ООМ ( орынға отырғызу матрица) бойынша жұмыс

А В С Д Е F

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:


II. Үй тапсырмасы:
тексерілмейді

III. Жаңа сабақ:

2. Кілтті сөздерді тақтаға жазу, мағынасын түсіндіру.

Тірек сөздер: Тарбағатай сілемдері, тағдыр, Күргейтас, қоржын, аманат, кәсіп.

1. Есте сақтау 7 сөз - 30 сек.

2. Тірек сөздер жабылады. ( Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс)

3. Дәптерге есте сақтаулары бойынша жазу, сөздердің ретін сақтамай жазуларына болады ( уақыт есте сақтау уақытына тең 30 сек), уақыт аяқталғанда қаламды қою.

4. Көршісімен дәптер ауыстыру. (Тексеру, санау, дәптерді қайтып беру)

5. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға

ООМ ұяшығына алғашқы плюс белгісі қойылады.

6. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, сұраққа жауап алынатыны ескертіледі.

Мәтінді оқып шығу үшін уақыт беріледі. (8-сынып үшін мәтіннің бір парағына 4 мин)

7. Қарама-қарсы сұрақтар қою: ООМ ұяшығына екінші плюс белгісі қойылады.

  1. Оқиға қай мезгілде болды? (күз мезгілі)
  2. Басынан бұлт кетпейтін шың? (Етікші шыңы)
  3. Қарт нені талшық қып келе жатты? (бір уыс малта)
  4. Өзенге түсе беріс алаңқайда нені көрді? (адамның қу басын)
  5. Қарт Алладан неше күндік ғұмыр сұрады? (2 күндік)
  6. Сөмкені неден жасады? (ешкінің терісінен)
  7. Малта неден жасалады? (сүттен)
  8. Қарт қайда бет алды? (туған жеріне)
  9. Қарт малтаны неге құйып алды? (торсыққа)
  10. Осы сапарға неше жыл дайындалды? (40 жыл)
  11. Қарт немересін қалай бақты? (арқасына көтеріп жүріп)
  12. Немересі мектепке барғанда не істеді? (той жасады)
  13. Қартты осындай қиын шешімге жетелеген қандай күш? (туған жеріне деген сағыныш)
  14. Түс кезінде қартқа не кездесті? (көкжал қасқыр)
  15. Қарт қандай жерді паналады? (құз жартасты)
  16. Қандай әрекет жасады? (бірнеше үлкен тасты қасына әкеп алды)
  17. Өзеннің ағысы қандай? ( өте қатты)
  18. Өзен қалай ағып жатты? (долдана ағып жатты)
  19. Таулы өлкеде күн қалай батады? (ерте)
  20. Төлеутай кім? (немересі)
  21. Туыстары қалай қайтыс болды? (қалың сүзектен)
  22. Қарт немен айналысты ?( аңшылықпен)
  23. Түздегі қарттың ермегі? (қара мылтық)
  24. Үйдегі ермегі? (қара домбыра, немересі)
  25. Қарттың бойындағы ең асыл қасиет? (шыдамдылық)
  26. Неге қатты өкінуші еді? (немересін сақтай алмағанына)
  27. Қарттың соңғы арманы? (туған жерге жету)
  28. Немересі қалай өсті? (зерек болып)

8. Сын тұрғысынан сұрау «Иә» немесе «жоқ» және толық жауап алу

ООМ ұяшығына үшінщі плюс белгісі қойылады.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Қабдеш Жұмаділовтің Қаздар қайтып барады әңгімесін талдау
8-сыныпқа арналған ауызша сабақ: Шыңғыс Айтматовтың Найман Ана шығармасын талдау (Биоақпараттану және синергетика технологиясы)
5-сынып математикасы үшін Биоақпараттану және синергетика технологиясы негізіндегі Алгоритм картасы сабақ жоспары
Қ. Жұмаділовтың Қаздар қайтып барады әңгімесі арқылы туған жерге сағыныш пен шетелдегі қандастардың отанына оралуын талдау
Мектептегі оқу, даму және тәрбиелеу үрдістерінде Биоақпараттану және синергетика технологиясын қолдану
5-сыныпқа арналған модульдік сабақ үлгісі: Сәкен Жүнісов - Ақырғы бәйге; Тұманбай Молдағалиев - Бауырлар; Қабдеш Жұмаділов - Қозыкүрең (6 сағат)
Мата туралы түсінік: жүн мен жібек маталардың қасиеттері (Биоақпараттандыру және синергетика бойынша ауызша сабақ)
Қабдеш Жұмаділов Қозыкүрең әңгімесіне арналған 5-сынып қазақ тілі мен әдебиеті сабағы (II сағат)
6 сынып математикасы: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу (Биоақпараттану және синергетика, Биоинтернет картасы)
8-сыныпқа арналған Құрақ құрау технологиясы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz