Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу

Өзін-өзі тану 9-сынып 4-сабақ _________________
Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық - өмір негізі.
Мақсаты: Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* Салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
* Салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
* Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбатты - оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай <<нашақорлық>>, <<ішімдік>>, <<темекі>> торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьгп жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін <<Салауатты өмір салты>> кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі -- салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол -- әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
Ал зиянды әрекет дегеніміз - қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері. Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы <<шаш ал десе бас алатын>> саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.
Қазақ халқының сөз байлығында <<арақ>> деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.

Мәтінмен жұмыс
Р. Пернеханқызының <<Қателіктің арты өкініш>> атты әңгімесін оқып, талдау.
-Ғабит неліктен өкінішті жағдайға тап болды?
-Ғабитке қандай кеңес берер едіңіз?

Жаңа ақпарат
Денсаулық сақтаудың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін тиянақтап, жинақтау мақсатында оқулықта берілген ақпаратпен танысып шығу.

Назар аударыңыз
Салауатты өмір салты-организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, шынығу мүшелері жүйесінің қызметін арттырады; сыртқы ортамен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы дұрыс тамақтану, гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға негіз болады; дұрыс мінез-құлық, өз қасиеттерін басқара білу адамның жақсы өмір сүруіне көмектеседі.

Тапсырма
Поль Брэгг ұсынған денсаулықты нығайтуға байланысты ем түрлерін күнделікті өмірде қолданасың ба ? Оған қандай емдерді қосар едің ? Солардың негізінде өз күн тәртібіңді жаса.

Жүректен жүрекке
Сабақты аяқтап, қорытындылау мақсатында оқушыларды жүректен-жүрекке шеңберіне шақыру. Барлығы қосылып, <<Көңіл көктемі>> әнін айтады.

Дәптермен жұмыс
9-бет. 2-тапсырма.

Үйге тапсырма___________________________________

Ұқсас жұмыстар
Адамдардың сезімі
Жеке бастың салауатты өмір сүру салты
Салауаттылық - өмір негізі. 9 сынып
Жақсы адамдар
Сақ болыңыз: нашақорлық!
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Өмір,қымбатсың маған жайлы
Салауатты болсаң, сау боларсың
Салауатты өмір салты. 10 сынып
9 сынып сабақ жоспары
Пәндер