8-сынып. Квадрат үшмүше тақырыбына есептер шығару - ашық сабақ

Сынып: 8 «Д»

Сабақтың тақырыбы: «Квадрат үшмүше тақырыбына есептер шығару»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін одан әрі жетілдіру, тиянақтау, жүйелеу

Дамытушылық: теориялық білімін практикада ұштастыру отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру, топпен, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру

Тәрбиелік: оқуға саналы көзқарасқа, мүмкіндігіне сенуге, мақсатына жете білуге, өз еңбегін бағалай білуге үйрету.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, слайдтар, мақал- мәтелдер

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Топқа бөлу

ІV. «Кім есепке жүйрік?»

V. Сергіту сәті

VІ. «Ойнайық та, ойлайық»

V. Кері байланыс «Бес саусақ әдісі

VІ. Үйге тапсырма

VII. Бағалау.

І. Ұймдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасы тақтаға шығарылады, сол кезде басқа оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады:

  • Квадрат үшмүше дегеніміз не?
  • Келтірілген үшмүше деп қандай үшмүшені айтамыз?
  • Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу формуласы қалай жазылады?
  • Қандай жағдайда квадрат үшмүше сызықтық көбейткіштерге жіктелмейді?

Үй тапсырмасы тексеріліп болған соң, оқушыларға ах 2 , вх, с парақшалары беріліп, топқа бөлінді.

ІІІ. «Кім есепке жүйрік?» Оқулықпен жұмыс

І топ ІІ топ ІІІ топ

№235 (1) №235(2) №235(3)

№236(3) №236(2) №236 1)

№237(2) №237(3) №237(1) )

Есептерді тақтаға шығарады.

ІV. Сергіту сәті

І топ

  • Жиналысқа келген адамдар бір- бірімен қол алысып сәлемдескен. Солардың бірі барлығы 66 қол алысу болғанын санаған. Сонда жиналысқа неше адам қатынасқан?

х 2 \frac{х}{2} (х-1) =66Жауабы: 12 адам

ІІ топ

  • Екі топқа бөлініп
  • Маймылдар ойнап жүр екен
  • Сегізден бірінің квадраты
  • Жүреді ойнап жырада
  • Қиқу салып он екісі
  • Ойнап жүрді жағада
  • Барлығы қанша санап көр,
  • Маймылдардың тобында?

1 8 х 2 + 12 = х \frac{1}{8}х^{2} + 12 = х\ \ \ \ \ \ \ \ Жауабы: 16 және 48 маймыл

ІІІ топ. Төмендегі сурет бойынша квадрат үшмүше құрастырып, түбірлерін тауып, оларды көбеіткіштерге жікте.

V. «Ойнайық та, ойлайық»

Мақал- мәтел ішіндегі екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері болатындай, яғни Виет теоремасына кері теорема бойынша квадрат үшмүше құрып құрып, оларды көбейткіштерге жікте

1. Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю.

2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал.

3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел боса, төбедегі келеді

VІ. Кері байланыс

VІІ. Үйге тапсыма: №237(4, 5, 6)

VІІІ: Бағалау.

Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы

«Квадрат үшмүше тақырыбына

есептер шығару»

ашық сабақ

8 «Д» сыныбы

Өткізген: Казиева Нургуль Рысмухановна


Ұқсас жұмыстар
8-сынып: квадрат үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу
8-сынып математикасы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару - интерактивті сабақ жоспары
Квадрат үшмүше және оны көбейткішке жіктеу: 8-сынып алгебра сабақ жоспары
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып есептер шығару: ашық сабақ
Квадрат үшмүше және оны көбейткішке жіктеу: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
10 Б сыныпқа арналған Туынды тақырыбына есептер шығару - ашық сабақ жоспары
8-сынып алгебра: квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формуласын қолдана отырып есептер шығару
Квадрат үшмүше: түбірден көбейткішке - жіктеудің ұтымды формулалары
8-сынып Алгебра: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу және есептерді шығару
8-сыныпқа арналған сабақ жоспары: квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz