ЖИТС (АИВ): эпидемиологиясы, жұғу жолдары және мектептегі алдын алу шаралары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Т. Иманбеков атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Ергебекова А. А.

Аудандық семинар сабақ. Тақырыбы: «ЖИТС-21 ғасыр дерті» (пресс-конференция) .

І-бөлім

Кіріспе.

«Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі пресс-конференциямыздың тақырыбын «ЖИТС-21 ғасыр дерті» деп алып отырмыз.

Қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі - оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе. Сондықтан әрбір адам осы ауру туралы жан-жақты білсе, мұндай дерттің алдын алуға болады.

Мақсаты: оқушыларды ЖИТС (жүре п. б. иммундық тапшылық синдромы) немесе ЖЖБА-дан сақтану әдістерін үйрету, төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттілігін дамытатын қажетті білім, білік, дағды /ББД/ қалыптастыру.

ІІ-бөлім

1 жүргізуші: ЖИТС (СПИД) - жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС - ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

2 жүргізуші: Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

1 жүргізуші: 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

2 жүргізуші: 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

1 жүргізуші: Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

2 жүргізуші: ЖИТС - бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

1 жүргізуші: ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын емжоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

2 жүргізуші: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Баяндама: есіркті туралы.

1 жүргізуші: Соңғы жылдары республикамызда ЖИТС-ке қарсы арнайы қызмет жүйесі ұйымдастырылған. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жұмыстарынатқаратын 18 орталық, 64 зертхана бар. Олардың жұмыс бағыттары:

1. Вирус жұқтырған адамды іздестіру.

2. Ауру адамды дәрілерлік бақылауға алып, вирустың әрі қарай дамуына жол бермеу.

Баяндама: СПИД туралы.

ІІІ-бөлім

  1. Нарколог дәрігерге сөз /мини лекция/.
  2. Спидолог дәрігерге сөз /мини лекция/.

ІV-бөлім

Пікірталас.

Сұрақтар:

  1. Вирустың жұғу жолдары?
  2. Вирусты өлтіруге бола ма?
  3. Аурудың алғашқы белгілері?
  4. Вирус қандай жағдайда берілмейді?
  5. Есірткіге тәуелділік дегеніміз не?
  6. Алдын алу жолдары /СПИД-тен/?
  7. Ол біздің елімізге қауіпті ме?
  8. ОҚО-ғы жағдай туралы не айтар едіңіз?
  9. Түлкібас ауданында СПИД-пен тіркелгендер бар ма?
  10. СПИД-пен ауырғандарға қандай көмек бересіздер?

V-бөлім

Диафильм көрсетілімі /5-мин/

(Наркомания туралы) .

VI-бөлім.

Көрініс. «Круиз» ойыны.

Бұл ойынның мақсаты ВИЧ-инфекциясының таралуы жылдамдығы және одан сақтану жолдарын көрсету. Ойыншыларға №1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8 карточкілерін және бір ойыншыға резеңке қолғап үлестіру.

Ойынның шарты: жыныстық қатынас қол алысу түрінде көрсетіледі, резеңке қолғап мүше қаптың қызметін атқарады.

№1 ойыншы ешкіммен қол алыспауы керек.

№2 ойыншы №3 ойыншымен қол алысу.

№3 ойыншы №2 ойыншымен қол алысу.

№4 ойыншы тек резеңке қолғап арқылы қол алысу.

Сонымен бір топ жолаушы Жерорта теңізіне саяхатқа шығады. Жол-жөнекей Италиядан 2 жолаушы мінеді. Келесі аялдама Грециядан тағы да 2 жолаушы қосылды. Саяхат аяқталды тосын жаңалық.

№5 жолаушы Вич-инфекциясын жұқтырған болып шықты және №5 жолаушымен қатынаста болған саяхатшылар қауіпті топқа жатады. Себебі олар ешқандай сақтану шараларын пайдаланбады.

№1 ойыншы ешкіммен қол алыспады (яғни жыныстық қатынаста болмады), сондықтан дерттің алдын алды.

№2 және №3 ойыншылар тек бір-бірімен қол алысты.


Ұқсас жұмыстар
СПИД (АИВ): тарихы, жұғу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу
СПИД - ғасыр індеті: жұғу жолдары мен алдын алу шаралары
Туберкулез: жұғу жолдары, белгілері, алдын-алу және емдеу
ЖҚТБ (АҚТҚ): анықтама, клиникалық белгілері, жұғу жолдары және алдын алу
Мектептегі дөңгелек үстел: ЖИТС-тің таралуы мен алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру
Тыныс алу мүшелерінің аурулары: себептері, жұғу жолдары, белгілері, емдеу, алдын алу және темекі зияны
ЖҚТБ (АҚТҚ): жұғу жолдары, тексеру және алдын алу - мектепке арналған сабақ
Оба ауруы: табиғи ошақтары, таралу жолдары және алдын алу шаралары
Жасөспірімдердегі суицидальды мінез-құлық: себептері, диагностикасы және мектептегі алдын алу шаралары
Жасөспірімдер арасындағы суицид: себептері мен мектептегі алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz