Қысқа мерзімді психологиялық түзету-дамыту сабақ жоспары: Мен өмірге құштармын

Психологиялық түзету-дамыту жұмысының қысқа мерзімді сабақ жоспары

Дайындаған педагог-психолог: Гульайм Ергешева

Тақырыбы: Мен өмірге құштармын

Мақсаты: жағымды эмоциялық көңіл-күйді орнату, қарым-қатынас дағдысын дамыту, ішкі күйзелістен арылту.

Күтілетін нәтиже: құрбылармен жағымды қарым-қатынас қалыптасады, ішкі күйзелістен арылады.

Әрекет кезеңі
Жаттығулар
Психолог әрекеті
Оқушы әрекеті
Әрекет кезеңі: Мотивациялық қозғаушы
Жаттығулар:

Сәлемдесу

3 мин

Психолог әрекеті:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Әрбір адам-өмірге келген қонақ. Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, оқиды, қонаққа барады, алға қойған мақс аттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл -өмір. Ал бұл өмірде адамдар бір-біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек деп ойлаймын. Осыған байланысты, біз бүгінгі сабағымызды « Мен өмірді сүйемін» деген сөзден бастайық.

Психолог бірінші сөзді бастап айтады, балалар жалғастырады

Тренинг ережесі айтылады:

  • Тыңдау әдебін сақтау;
  • Ашық көңілді болу;
  • Белсенділік таныту;
  • Сыйластықта болу;
Оқушы әрекеті: Әр оқушы өз есімін айтып «Мен өмірді сүйемін» деп айтады
Әрекет кезеңі: Негізгі бөлім ұйымдастыру-іздену
Жаттығулар:

«Жақсылық тілеу» жаттығуы.

2мин

Топқа бөлу

«Атамекен» ойыны

10 мин

«Мен саған өкпелімін» жаттығуы

10 мин

«Ішкі қүшті ояту»жаттығуы

5 мин

«Энергия бөлісу»

2 мин

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі»

8 мин

Психолог әрекеті:

Екі алақанды бір-біріне ысқылаймыз, алақанда ыстық пайда болған соң, өздеріңе қаратып, іштей айтамыз: «Мен өзіме жақсылық тілеймін: ата-анама, бауырларыма жақсылық тілеймін; туысқандарыма жақсылық тілеймін; достарыма жақсылық тілеймін; мектебіме жақсылық тілеймін; еліме жақсылық тілеймін; бүкіл Қазақстаныма жақсылық тілеймін; Жер-Анама жақсылық тілеймін» деп аяқтаймыз.

Үстел үстіне қызыл, жасыл стикерлерді қояды, балаларға таңдау ұсынылып, топқа бөледі.

Ойын шарты түсіндіріледі: 1 топ «Атамекен»өлеңін айтады, би билейді; 2 топ «Атамекен» өлеңіне байланысты сурет салады . дайын болған топ үш рет шапалақ ұрады. Өзінің жұмысын жақсы орындаған топ мадақталады

Оқушыларды бөліп екі шеңберге тұрғызады. Жаттығу шартын түсіндіреді. Сыртқы шеңбердегі адам ішкі шеңбердегіге «Мен саған өкпелімін»деп айтады. Ішкі шеңбердегі бала «неге?», деп сұрайды, жауабын сыртқы шеңбердегі бала қайтару керек. Шапалақ белгісімен балалар орнын ауыстырады

Жаттығу жұппен жасалады. Қолды «құлыпта ұстау». Екінші адам сол құлыпты бұзу қажет (өзінің қолдарын « құлыптан» шығарып алу керек) Тырнауға, тістеуге болмайды.

Нұсқау: Бір-бірінің алақанына шапалақтау, жұбына күш беру

Қандай да бір фраза таңдалады, мысалы: «Ойпырмай, мен қандай кереметпін». Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы фсқа адамның ырғағын қайталамау. Жақсы шыққан фразаға құттықтау. Ең соңында бәрі бірге әндетіп айтадыразаны кезекпен айту ( сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы, көнілді, мұңлы, ашулы, созыңқы, тез, жылап, күліп т. б. ) Басқа адамның ырғағын қайталауға болмайды. Жақсы шыққан фразаға шапалақтау. Ең соңында бәрі бірге әндетіп айтады

Оқушы әрекеті:

Балалар жаттығуды психологтың нұсқауы бойынша орындайды

Стикерді түсіне қарай таңдап екі топқа бөлінеді

Ойын 7-8 рет қайталанады. Балалар орнын ауыстырып тұрады.

Екі шеңберге тұрып бір-бірінің алақандарына шапалақтайды

Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа ырғақпен айтады

Әрекет кезеңі: Рефлексті-қорытындылаушы
Жаттығулар:

Кері байланыс

5 мин

Қорытындылау

Психолог әрекеті:

Сендерге не ұнады? Не ұнамады? Көңіл-күйлерің қандай? Өздеріңді калай сезініп тұрсыңдар? Стикерге жазып «Өмір ағашына жапсырыңдар»

Психолог сөзі:

Ең бастысы- жүректерін таза болсын;

Өмір-сендердің мүмкіндіктерің, пайдалана біліңдер;

Өмір-сұлулық, сүйсінбе біліңдер;

Өмір-арман, жүзеге асырыңдар;

Өмір-парыз, орындай біліңдер,

Өмір-ойын, ойнай біліңдер;

Өмір-байлық, бағалай біліңдер;

Өмір-махаббат, ләззат ала біліңдер;

Өмір-құпия, сырын ашыңдар;

Өмір-қайғы, көтере біліңдер;

Өмір-күрес, жеңе біліңдер;

Өмір-бақыт, баянды ете біліңдер! деп бүгінгі тренинг- сабағымызды аяқтаймыз.

Оқушы әрекеті: Балалар стикерге жазып «Өмір ағашына »іледі

Ұқсас жұмыстар
Дизартрия: психологиялық аспектілер мен мектепке дейінгі балаларға арналған түзету принциптері
Зиятында ауытқушылығы бар балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау және түзету
Мектепте өзін-өзі өлтірудің алдын алу: оқушыларға арналған өмірге баулу жаттығулары мен психологиялық қолдау
Сенім және инклюзивті білім: 10-сыныпқа арналған психологиялық-педагогикалық түзету сабағы
Бала психикасын қорғау және түзету: ата-аналарға психологиялық кеңес пен психогигиена
Табиғатқа құштармын: 1-сыныпқа арналған табиғатты қорғау мен қиянат жасамау құндылығы бойынша сабақ жоспары
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама: қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау: қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөкей Орда ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі ашық сабақ: Құстар - біздің досымыз
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Алгоритм, оның түрлері мен қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz