Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Суретке қарап дыбыстық талдау жасату

Білім беру саласы: Қатынас
Пәні: Сауат ашу және жазу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: З дыбысы және әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: З дыбысы және әрпімен таныстыру. З дыбысына
сөз, сөйлем құрастырту арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, баспа әріп жазуға қолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға үйрету.
Көрнекілігі: кеспе әріптер кассасы, түрлі түсті суреттер, жұмбақтар жинағы, з
дыбысының баспа және жазба түрі.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректі,
Сөздің бәрі ақ тілек.
а) Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз?
- Әріптерді не істейміз?

Өлең жолдарын қайталап, сәлемдеседі.

Сұрақтарға жауап беріп, өтілген сабақтар бойынша ойын ойнайды.

Ұйымдастыру-ізденістер
Негізгі бөлім.
Жұмбақ шешу.
Ләззатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ. ( З әрпі)
Жауабын айтқаннан кейін балалар сол дыбысқа сөз ойлап айтады.
<<Сөз ойла, көп ойла>> дидиктикалық ойыны.
Ойын шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. Суретке қарап дыбыстық талдау жасату.
Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2. Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыз-ыз-ыз
Анар-сүйкімді қыз.
Әліппе дәптермен жұмыс.
а) Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
ә) З дыбысын екі жолға толтырту.
б) З дыбысын ауада жазу.
Өз бетімен жұмыс.
Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрату.
Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.
Сөздік жұмыс.
Қазына- түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық.
Сергіту сәті:
Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік,
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп,
Зу-зу, зу-зу, зу-зу. ( Қимылмен көрсету)

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Сөздерді буынға бөледі.

Суреттерді атап, з дыбысының орнын анықтайды.

Үлгі бойынша з дыбысының әріп таңбасын жазады.

Қимылмен көрсетеді.

Рефлексивтік-түзетушілік
Қорытынды.
Тақтаға әріптер тізбегі жазылған плакат ілінеді. Осы әріптерді ретімен қосып оқыту арқылы бірнеше сөз құрату.
Қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е
Құрастьрған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Мадақтау.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: сөздерді анық айтып, байланыстыра сөйлей алады.
Түсінігі: з дыбысына қатысты сөз, сөйлем ойлай білуі.

Ұқсас жұмыстар
Инеліктен үйреніп
Зз дыбысы және әрпі
Ұйқасын тап
Ертегілер еліне саяхат, ашық сабақ, ересектер тобы
Ө дыбысы мен әріпі. 1 сынып
"Ж" дыбысы мен әрпі
Бүгінгі өткен дыбыстың бас әрпі және кіші әрпін жазу
Дауыссыз дыбыс
Тәрбиеші әрекеті
Бақа мен бала
Пәндер