1-сынып математика пәні: Ондықтарды салыстыру сабақ жоспары

Математика. 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды салыстыру

Сабақтың мақсаты: 1. Өткен сабақтағы білімдерін жетілдіру, әрі қарай дамыту. Толық ондықты белгілейтін сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, зейінін, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту

3. Таза жазуға, жылдам ауызша есептеуге, жолдастыққа тәрбиелеу

Әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі: оқулық, суреттер(Дымбілмес, Тапқышбек), карточкалар, ойын

Түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

-Амандасу. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабақ мақсатымен таныстыру.

-Көңіл-күйлерің қандай?

Жақсы, көңілді

Ой қозғау

Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері:

-Балалар, біз бүгін сабақта қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінеміз. Өлең жолдарын бірге қайталайық.

Қайырымды жүрекпен

Мейірімді тілекпен

Ізгілікті ниетпен

Қамқор болып өсемін

Оқушыларды топқа бөлу .

І топ-«Ондықтар» ІІ топ- «Бірліктер»

Ауызша есептер шығарту.

-Өткен сабақты еске түсіру.

Ондықтармен кім санап берер екен?

Жаңа сабақ

-Бізге қонаққа Тапқышбек келді.

-Кәне, Тапқышбектің тапсырмасын орындайық

Тапқышбектің бірінші тапсырмасы:

N1. Сандарды ретімен жаз:

Кему өсу

70 40 60 30

100 80 50 10 20 90

100 40 60 30

90 70 50 80

10 20

Тапқышбектің 2-ші тапсырмасы : N3. Салыстыр:

4 онд * 1 онд 3 онд + 1 онд * 4 онд - 1 онд

7 онд * 5 онд 9 онд - 3 онд * 4 онд + 2 онд

Сергіту сәті

Кәне қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып, ұшып алайық

1, 2, 3

Орнымызды табайық

Тапқышбектің 3-ші тапсырмасы:

N4. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр.

Маржанда - 7

Данада - ? 3-еуі артық

Шешуі: 7+3=10

Жауабы: Данада 10 шар бар.

Кроссворд шешу.

9-5= +2= -3= +7= +0= -1= -3= +1=7

Сабақты қорытындылау.

-Сабақ ұнады ма?

Оқушыларды бағалау, мадақтау

Үйге тапсырма: N2

Пангалиева Сағима Сайынқызы

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі.

Қарауылтөбе ауылы

Ақжайық ауданы

Батыс Қазақстан облысы

C:\Users\IT\Desktop\20150330_190753.jpg


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру және ондықтармен санауды дамыту
1-сынып математика: кестелік қосу және ондықтарды қосу мен азайту
3-сынып математика пәні: Есептерді салыстыру - ашық сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Ондықтарды қосу және азайту - сабақ жоспары
1-сынып математика: Әріпті өрнектерді есептемей салыстыру
1-сынып математика пәні. Пысықтау сабағы: Ғарыш әлеміне саяхат
2-сынып математика: ондықтарды қосу мен азайту әдістері (26+30, 56-30)
№25 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып математика пәні ашық сабағы: Сандарды салыстыру (артық және кем таңбалар)
1-сынып математика: қосынды мен бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz