Балабақша мен бастауыш сыныптарға арналған сергіту сәттерінің жинағы

сергіту сәттері

1. Саябаққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Ең үлкенін, тәттісін,

Себетке біз саламыз.

2. Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

3. Жапырағы жайқалған,

Сабақтары салалы.

Жерге ырғалып шайқалған,

Өсімдіктер жатады.

4. Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

5. Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп

Жапырақты жамылып,

Жата қалды көбелек.

сергіту сәттері

1. Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орайды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ жол салсақ.

2. Мен қанатты жазамын,

Суға сүңгіп аламын.

Суда жүріп жүземін,

Оң қанатты бір қағып,

Сол қанатты бір қағып.

3. Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Біз тынығып аламыз,

Әсем сурет саламыз.

сергіту сәттері

1. Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолынды соз алға,

Қол ұшына қара да.

Ұшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын

Шеңбер жасап тындасын.

2. 1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4-алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып.

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

3. Алып атам күрегін,

Аула қарын күреймін.

Еденді де жуамын,

Шаң тозаңды қуамын.

4. Жай қолыңды оң жаққа,

Жай қолыңды сол жаққа.

Қол айналдыр бұлжытпай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да,

Он шақты рет қайтала.

5. Бас бармағым-атам,

Үйдің данасы.

Балан үйрек-әжем,

Ошақ анасы.

Ортан терек-әкем,

Отау тынысы.

Шылдыр шүмек -шешем,

Шаңырақ ажары.

Титти бөбек-мен,

Бәрінің назары.

сергіту сәттері

1. Қолға алып шарды,

Үрлеймін мен былай.

Үф-ф-ф,

Үрлеймін деп қатты.

Жарып алдым шарды пх . . .

2. Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

3. Қане балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Балықтарға ұқсап біз,

Жүзіп-жүзіп аламыз.

4. Жапырақтай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

5. Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желмен бірге ырғалған.

6. Апам үшін күнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй ішін,

Жуам ыдыс-табақты.

Жылай қалса бөпемді,

Жұбатамын ойнатып.

7. Қәне, қайсы алақан,

Біз кішкентай балапан.

Аралардың нәрі,

Бау-бақшаның сәні.

Тік, тік, тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

Менің тұрақты мекенім,

Сәнді етіп жүремін.

8. Орнымыздан тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Достық үйін құрамыз.

9. Далам қандай тамаша,

Тауға шығам таласа.

Ойға түсем зымырап,

Қозы лақтай шапқылап.

Құлын тайдай тебісіп,

Сергіп қалдым келісіп.

10. Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей болып өріліп.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып керіліп.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптағы сабақаралық сергіту жаттығуларының жинағы
1-4 сыныптарға арналған қазақ тілі диктанттары жинағы: әдістемелік нұсқау
Балабақша мен бастауыш сыныптарға арналған тәрбиелік сабақтар мен сайыс сценарийлері: Кабинет аруы, Жыл мезгілдеріне саяхат, Үй жануарлары
Дүниетану пәні: 3-4 сыныптарға арналған тест жинағы (2012-2013 оқу жылы)
5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті сауалнама жинағы
Математика 5-9 сыныптарға арналған көптаңдаулы есептер жинағы
Камералық музыка: бастауыш сыныптарға арналған ашық сабақ
Бастауыш сыныптарға арналған театрландырылған танымдық сағат: Кітаптар ауруханасында
Зерде интеллектуалдық ойыны: бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама, мақсаты мен кезеңдері
Бастауыш сыныптарға арналған шешендік өнер оқу-әдістемелік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz