Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі: сұрақ-жауаптар және негізгі лексика

Сұрақтар
Жауаптар
:
Сұрақтар: Сенің атың кім?
Жауаптар: Менің атым . . .
:
Сұрақтар: Сен неше жастасың?
Жауаптар: Мен . . . жастамын.
:
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Жауаптар: Мен Астрахан ауылында тұрамын.
:
Сұрақтар: Сен нешінші сыныпта оқисың?
Жауаптар: Мен үшінші сыныпта оқимын.
:
Сұрақтар: Сенің отбасыңда неше адам бар? Олар кімдер?
Жауаптар: Менің отбасымда . . . адам бар.
:
Сұрақтар: Оқу құралдарын ата
Жауаптар: Оқу құралдары: кітап, дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, бояу, қорап, түрлі түсті қарындаштар.
:
Сұрақтар: Сен қандай түстерді білесің? Ата
Жауаптар: Мен мынандай түстерді білемін: қара, ақ, қызыл, көк, көгілдір, қызғылт, сары, қоңыр, қызғылтсары, күлгін.
:
Сұрақтар: Сенің досың кім? Ол қандай?
Жауаптар: Менің досым- . . . Ол ақылды, күшті, көңілді, әдемі.
:
Сұрақтар: Киімдердің атауын ата
Жауаптар: Киімдер: тон, шалбар, күрте, жейде, көйлек, шұлық, белдемше.
:
Сұрақтар: Аңдарды ата
Жауаптар: Аңдар: арыстан, түлкі, аю, қасқыр, жолбарыс, маймыл, қоян, тиін.
:
Сұрақтар: Үй жануарларын ата
Жауаптар: Үй жануарлары: сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі, мысық, күшік.
:
Сұрақтар: Үй құстарын ата
Жауаптар: Үй құстары: қаз, әтеш, үйрек, тауық, күркетауық.
:
Сұрақтар: Сенің туған күнің қашан?
Жауаптар: Менің туған күнім үшінші желтоқсанда.
:
Сұрақтар: Аптада неше күн бар?
Жауаптар: Аптада жеті күн бар.
:
Сұрақтар: Бүгін аптаның қай күні?
Жауаптар: Бүгін аптаның жұма күні.
:
Сұрақтар: Ертең аптаның қай күні болады?
Жауаптар: Ертең аптаның сенбі күні.
:
Сұрақтар: Кеше аптаның қай күні болды?
Жауаптар: Кеше аптаның бейсенбі күні болды.
:
Сұрақтар: Ойыншықтарды ата
Жауаптар: Ойыншықтар: доп, қуыршақ, робот, секіртпе.
:
Сұрақтар: Жаңа жылда кім келеді?
Жауаптар: Жаңа жылда Аяз ата мен ақшақар келеді.
:
Сұрақтар: Дүкенде не бар?
Жауаптар: Дүкенде азық-түліктер бар.
:
Сұрақтар: Жемістерді ата
Жауаптар: Жемістер: алма, алмұрт, шабдалы, өрік, алхоры, анар.
:
Сұрақтар: Көкөністерді ата
Жауаптар: Көкөністер: сәбіз, қияр, пияз, сарымсақ, асқабақ.
:
Сұрақтар: Сенің сүйікті тамағың қандай?
Жауаптар: Менің сүйікті тағамым-палау.
:
Сұрақтар: Көктем айларын ата
Жауаптар: Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
:
Сұрақтар: Сенің сөмкеңде не бар?
Жауаптар: Менің сөмкемде оқулықтар, дәптерлер, қаламсауыт, қайшы, қалам, қарындаш, желім, бояу, түрлі түсті қарындаштар, күнделік бар.
:
Сұрақтар: Таңертең не істейсің?
Жауаптар: Таңертең ерте тұрамын, бетімді жуамын, төсек жинаймын, жаттығу жасаймын, тамақ ішемін, тісімді тазалаймын.
:
Сұрақтар: Демалыс күні не істейсің?
Жауаптар: Демалыс күні қонаққа барамын, кітап оқимын, тауға барамын.
:
Сұрақтар: Сен қандайсың?
Жауаптар: Мен әдемімін, ақылдымын, күштімін, көңілдімін.
:
Сұрақтар: Сенің анаңның аты кім?
Жауаптар: Менің анамның аты- . . .
:
Сұрақтар: Сенің әкеңнің аты кім?
Жауаптар: Менің әкемнің аты- . . .
:
Сұрақтар: Сенің атаңның аты кім?
Жауаптар: Менің атамның аты- . . .
:
Сұрақтар: Сенің әжеңнің аты кім?
Жауаптар: Менің әжемнің аты- . . .
:
Сұрақтар: Сенің атаң не істейді?
Жауаптар: Менің атам газет оқиды, теледидар көреді, суға барады, қойға барады, отын жарады, мал жайлайды, дала сыпырады.
:
Сұрақтар: Сенің әжең не істейді?
Жауаптар: Менің әжем тамақ пісіреді, кітап оқиды, ән айтады, кір жуады, дүкенге барады.
:
Сұрақтар: Тазалық заттарын ата
Жауаптар: Тазалық заттары: сабын, ысқыш, сабынсу, тіс пастасы, тіс щекасы.
:
Сұрақтар: Қазақстанның мемлекеттік тілі қай іл?
Жауаптар: Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
:
Сұрақтар: Қазақстанның астанасы қай қала?
Жауаптар: Қазақстанның астанасы-Астана қаласы.
:
Сұрақтар: Астанада не бар?
Жауаптар: Астанада «Думан», «Бәйтерек» бар.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі бойынша бақылау жұмысы: морфология, синтаксис, фонетика және лексика (1 және 2 нұсқа, әрқайсысы 25 сұрақ)
Химия пәнінен көп таңдаулы тест (30 сұрақ) және жауаптар кілті
Бастауыш деңгейдегі қазақ тілі тесті: дыбыстар, лексика және мәтінге түсіну
5-сынып қазақ тілі: Лексика әлеміне саяхат - ойын сабақпен лексика қайталау
1-сыныпқа арналған қазақ тілі: тесттер жинағы (фонетика, лексика, морфология, синтаксис, емле)
Дүниетану, Әдебиеттік оқу және Қазақ тілі: сұрақтар мен жауаптар жинағы
10-11 сыныптарға арналған қазақ тілі тест тапсырмалары (I-III нұсқалар) және жауаптар кілті
3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Негізгі және туынды сын есім
Қазақ тілі: лексика тарауын қайталау - сайыс түріндегі сабақ жоспары
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі: Тіл және сөйлеу орта мерзімді жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz