Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мамандық сөзіне анықтама беру

сынып: 9 Пән:қазақ тілі
Тақырыбы: Мамандыққа көзқарас өзгерді.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
Шаттық шеңбері.( Балалар бір-бірлеріне жақсы тілектер. Жылы сөздер айтады)
oo Бір мен екі алмаңдар,
Үшке алданып қалмаңдар.
Ал, төрттік алғаңдарын,
Бесті ғана армаңдандар!
oo Балалар, Бүгін сабақта сендер екі топ болып жұмыс істейсіңдер!топ басшыларын бағалау парақшаларына сендерді бағалап отырады.Енді бағалау критерияларын еске түсірейік ! ( Презентациядан оқиды)
Бағалау критериялары: 1.Үй тапсырмасын дұрыс орындалуы 2.Жаңа сабаққа қатысуы 3.Оқушы жауабының дұрыстығы мен толықтығы 4.Сабаққа деген қызығушылық 5.Өз ойын еркін айта алуы 6.Сабақта қазақ тілінде сөйлеуі. 7.Сөздік қоры 8.Тапсырмаларды меңгеруі
ІІІ.жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады? сабақта нені білуіміз керек? Осы сұрақтарға жауап беру үшін тақтаға назар аударыңыздар! - (Бейне метериалды қарайды)
БЕЙНЕ МАТЕРИАЛ
oo Ос ы бейне материалда не туралы айтылған? Сабағымыздың тақырыбы қандай?
ПІКІР - ТАЛАС.(Оқушылар өз ойларын айтады)
Кіріспе сөз.
oo Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Яғни, бүгінгі сабақта біз мамандық жайлы және қазіргі кездегі ең қажетті мамандықтар туралы әңгімелесеміз, жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
<<Мамандық>>сөзіне анықтама беру.
Профессия -- латын сөзінен шыққан, "professio"- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
oo Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз да жастар",- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек! Жуырда біз елбасымыздың Жолдауын тыңдадық... Осы Жолдауда мамандыққа қатысты не айтып кетті?
oo ЖОЛДАУ (Оқушылар өз ойларын айтады)
oo Қостанай облысы бойынша Кәсіпкерлік Палатаның жетекшісі Жұмабаев Болат Бекқазыұлына сөз берілді. Қазіргі кездегі ең қажетті мамандықтар туралы айтып кетті...
Тапсырмаларды орындау.
1.Акроөлең
2.Акромәтін
3.Диаманта.
4. <<Домино>> ауызша тест. (Оқушылардың ОЖСБ-ға дайындықтарын көрсету)

Өте қиын және керекті мамандық
Ғарышкер
Шахтер
Мұңайшы
Тәрбиеші
Аудармашы
Сәулетші
Күйші
сазгер
Болу үшін
Көп оқу керек, мамандық алу керек,балаларды сүю керек,еңбек ету керек,домбыра шерте білу керек,
шет тілін білу керек,жақсы сурет салу керек

Әкемнің , шешемнің ,ағамның (мамандығы)

Өмірде мамандытың түрі өте көп.Олар:.............

1.Біздің өмірімізде кездесетін мамандықтың түрі көп.
2. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек.
3.Кеден,заң қызметкері болу үшін арнаулы жоғары оқу орнында оқу керек.
4.Мұғалім,дәрігер,тілші,экономист-есепші болу үшін университет пен институтқа, академияға түсуге болады.
5...... мамандығы-өте керекті және қиын жұмыс

А)Ой еңбегі саласы-сфера умственного труда(мұғалім,ғалым,есепші,ұшқыш,жазушы)
Ә)Өндіріс саласы-сфера пройзводства- (кенші,металлург,жүргізуші,құрылысшы,тігінші)
Б)Ауыл шаруашылық-сфера сельского хозяйства(бақташы,егінші,мал дәрігері,бағбан,сауыншы)
В)Тұрмыстық қызмет көрсету саласы-сфера обслуживания(сатушы,шаштараз,аяқ киім жөндеуші
Г)Өнер саласы-сфера искусства(әнші,биші,музыкант,режиссер)

Бекіту.
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл------------(эколог, бақташы, орманшы, гүл өсіруші)
Ең тәтті------------------(аспаз, кондитер)
Ең ақшалы---------------(банк қызметкері, экономист)
Ең күлкілі-------------------(клоун, әзілкеш)
Ең жауапты ----------------- (сот, бухгалтер)
Ең салмақты------------------- (мұғалім, заңгер)
Рефлексия.
Оқушылар шардың ұзын ленталарын ұстап сабақта не туралы білгенін, неге үйренгенін айтады, <<Ұстаз>> өлеңін орындайды.
Үйге тапсырма. Эссе жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Мамандыққа саяхат
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз
Тіл дамыту. <<кім болғым келеді?>>
Мамандықтар саласы
Тәрбие сағат тақырыбы
Топ ережелері
Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Тәрбие сағат барысы
Интерактивті әдіс
Тақырып - Мамандықтың бәрі жақсы
Пәндер