5-сынып әдебиеті: С. Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіндегі Шоқан бейнесін талдау

Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: С. Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқан бейнесін ашу

2. Тәрбиелік: шыдамды болуға, жанашырлыққа, уәдеге беріктікке, өнерді сүюге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Сабақтың типі: бекіту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, ұжымдық жұмыс, топтастыру, салыстыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

Сабақ мақсатын түсіндіру

VІІ. Сабақты бекіту.

Топтастыру әдісі:

Төре баласы Шоқан күзекке келгенде кімді кездестірді ?

Мысық пен Шоқанның арасында қандай әңгіме өрбіді?

Мысық Шоқанның үйінде өзін қалай сезінді ?

Қандай қорқынышты сезімдер болды?

Шоқанның бай отбасынан екендігін жазушы қалай суреттейді? Мәтін ішінен тауып оқиық.

Шоқанның адамгершілік қасиеттерін қандай әрекеттерінен байқадық ?

Мысықтың зеректігін Шоқан неден байқады ?

Шығармада басқа қандай кейіпкерлер бар ?

Олар қандай кейіпкерлер деп ойлайсыңдар ?

Шоқанның бойындағы қасиетті әкесі мен анасы қалай бағалады ?

Суреттер
Оқиғалар
Мінездеме
Суреттер:

1-сурет

2-сурет

3-сурет

4-сурет

Оқиғалар:

Мысық Шоқанды неге асыға күтті?

Осы оқиға үстіне Шоқанға қандай мінез сай келеді?

Мысық Шоқан аулына баруға неге қорқады?

Жақып Мысықты неге соға алмады?

Шоқан тағы қай қырынан көрінді?

187-беттегі диалогты рөлге бөліп оқу.

Мына суретте кімдер бейнеленген? Олар қайда бар жатыр?Шоқан әкесінен неге бөлініп кетті?

Әңгіме қалай аяқталып еді? Шоқан күзектен көшерде Мысықты үйіне неге әкелді?

Мінездеме:

Өнертанығыш, аңғарғыш.

Блиц - турнир. (сұрақ - жауап) .

Бала Шоқанның өнерге қызығушылығы болашақ өміріне қалай әсер етті?

Шоқан бабамыздың өмірінен үлгі алуға бола ма?

1-қатар. Шоқан мен інісі Жақыпқа салыстыру мінездеме жаз.

2-қатар. Мысыққа мінездеме бер.

3-қатар. Автордың айтар ойын жинақтап жаз.

VІІІ. Үйге тапсырма.

«Уәде еттің орында » Шығарма жазу


Ұқсас жұмыстар
Сапарғали Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Алтын сақа ойыны негізінде 5-сыныпқа арналған С. Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесі бойынша ашық сабақ
Сапарғали Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіне арналған Алтын қақпа зияткерлік сайысы
7-сынып қазақ әдебиеті: Жүсіпбек Аймауытовтың Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесін талдау
Қазақ ауыз әдебиеті: Қорқыт, Бала Шоқан және Жиренше туралы аңыздарға арналған сабақ жоспарлары
Шоқан Уәлиханов - тұңғыш ғалым: сатылай кешенді талдау әдісімен қазақ тілі мен әдебиеті сабағының жоспары
Ғ. Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесіндегі ана бейнесін талдау
5-сынып: М. Мағауиннің Бір атаның балалары әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесін талдау бойынша сабақ жоспары
5-сынып: Шоқан Уәлихановтың өмірі, шығармашылығы және ғылыми қызметі
С.Бегалиннің Бала Шоқан әңгімесіне арналған 6-сынып ашық сабағы: мазмұн, композиция және тұлға талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz