11-сынып қазақ әдебиеті сабақ: Зейнолла Қабдолов және Менің Әуезовім романы бойынша оқу-әдістемелік жоспары

Қатысқандар саны
19
қатыспағандар саны
0
Оқушылар Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік алып, «Менің Әуезовім» романымен танысады. Оқушылар өзара тақырыпты талдайды.
Топтаса, ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Оқушылар мәтіннен ашық сұрақтар дайындайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолынан «Менің Әуезовім» романының мазұнын талдай алады.
Оқушылар Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романының мазмұнын меңгереді.
Оқушылар топтаса, ынтымақтаса жұмыс жасап сөйлеу мәдениеті жетіледі
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг «Атомдар мен малекулалар» арқылы топтарға бөлу
Топ басшыларын анықтайды.
Оқушыларды түгендеу
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқушылар Зейнолла Қабдолов өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік алып, «Менің Әуезовім» романымен танысады. Оқушылар өзара тақырыпты талдайды.
Топтаса, ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Оқушылар мәтіннен ашық сұрақтар дайындайды.
ІІІ. Жаңа сабақ:«Менің Әуезовім» романы
Оқушылардың қызығушылығын ояту:Мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың «Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаңда-сондай даналық мектебі. Ол мектептен дәріс алу-әр қазақтың абыройлы борышы»
Оқушыларға түсінік беру: «Менің Әуезовім» автордың ұзақ толғанысынан туған. Жазушы өз шығармасын осы толғанысының айтудан бастайды. Роман-эссе авторы М. Әуезовтен бес жыл оқыған, М. Әуезовпен он жыл бірге қызмет еткен. Романның бас кейіпкері-ұстаз, авторы-ұстазын іздеп тапқан шәкірт. Романның тақырыбы-М. Әуезовтің өмірі мен қызметі, идеясы- М. Әуезовтің өмірі мен қызметіінің өнегесі.
М. Әуезов жайлы бірқатар шығармалар бар. З. Қабдолов Мұхтар Әуезов туралы өзінше, тек өзінше жазды:жаңа сыр ашты, соны түр тапты. З. Қабдоловтің «Менің Әуезовім» роман-эссесі-ішкі мазмұны сырлы, сыртқы түрі нұрлы шығарма.
Аудиодыбыс арқылы оқушыларға романнан үзінді тыңдату
1-тапсырма«Жигсо» әдісі бойынша жұмыс жасайды.
1-топ Романның жанрлық сипаты
2-топ Романдағы ұстаз Әуезов
3-топ Жазушы Әуезовтың қызметі жайында
Топ ішінде тақырыпты талқылап, келесі топтарға «Диалогты оқыту» арқылы түсіндіреді.
«Оқы-ойлан-бөліс» әдісі бойынша оқушылар кітаппен жұмыс жасайды.
Ашық және жабық сұрақтар дайындау.
Дыбыстық жазба
Слайд 2, 3
Слайд 4