Суретті тіз

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабі
лет
ін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуынша «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойын кезінде нашар оқитын оқушылар сабаққа деген қызығушылығы артып, сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Оқушы сабақта ойнап қана қоймайды, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын көрсете біледі.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Ойынға қойылатын талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Дидактикалық ойындар - оқушының ой - өрісін дамытып, есте сақтаумен қатар, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге өте әсер етеді. Сауат ашу сабағында дидактикалық ойын түрлерін пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың ой - өрісін, тілін, сөздік қорын дамытуға әсер етеді.
Математика
сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Мектеп оқушыларының көпшілігі
математика
пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.
Бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру», «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т. б. түрлері кеңінен қолданып келеді. Шығармашылық тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен.
Бейнені құрастыр
Ойынның тәрбиелік мәні : Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.
Қажетті көрнекіліктер : Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін бағыттауға арналған үлгі суреттер.
Ойын ережесі:
а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;
ә) бейнені белгелі бір затқа ұқсата құрастыру;
б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?
Ойынға басшылық:
Мұғалім желкенді қайық, аққара т. б. формалар мен түрлі-түстерден жасалған қиықтардан жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.
Тапсырма:
Алдыларыңда жатқан қағазда және тақтада ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар бар (пішіндер) .
Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатыны ойланыңдар.
Осы және басқа фигураларды құру арқылы баланың бейнелік, бейнелі - сюжеттік т. б. ойлау түрлері қалыптасады.
Заттар мен құбылыстардың ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы т. б. көптеген ұғымдарды меңгеруіне мүмкіндік туады.
Осы жерде мысалы ретінде балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.
Осы сияқты көптеген фигураларды жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса бастайды. Ол ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т. с. с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді.
Шығармашылық ойындарды қолдау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады. Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.
Ойынның тәрбиелік мәні:
- әдемі гүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;
- қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру;
- гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру;
Қажетті көрнекіліктер:
- әдемі гүлдер суреттері;
- қиылған әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;
- құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет;
- тақта
Ойын ережесі:
а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау;
ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;
б) гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, өсімдікті әсерлеу.
Ойынға басшылық:
Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.
Сабақтың басында бұрынғы сабақтарда суретін салған заттардың формаларын, оларды үйлесімді құру тәсілдерін ойға түсіріп, қайталау жүргізу қажет. Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.
Тапсырманы орындау барысында балалардың шығармашылығын одан әрі дамыту үшін тек берілген фигураларды ғана қолданбастан, әр бала өз қиялындағы табиғаттың көптеген көріністерін есіне түсіріп, тіптен тәжірибесінде болмаған, фантастикалық өсімдіктердің гүлдерін де салуына мүмкінішілік берген дұрыс. Нәтижесінде кейбір балалардың суретінде ғажайып бақ, онда өсіп тұрған гүлдер табиғатта кездесетіндерге ұқсағаны мен өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталатын болып шығуы әбден мүмкін.
Шығармашылық тапсырмалар ата-аналарының шаруашылық жұмыстарымен, орындайтын қызметімен, отбасында қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың көркемделуімен байланысты болуы да мүмкін. Тақырыбы қанша қилы болса, оның баланың шығармашылық ойын дамытуға тигізетін әсері сонша әсерлі болып келеді. Осы мәселені ескере отырып сабақтағы тапсырмаларды сабақтан тыс өткізуді жалғастырып, баланың ойлау қабілетін одан да терең дамытуға болады.
Мысал ретінде балалар орындаған жұмыстың үлгісі.
Бұл тапсырма арқылы балалар заттың құрамды бөліктің кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдауы және бейнелі ойлау қабілеті дамиды.
Қазақ тілі сабағында дыбысты дұрыс қабылдауы және оның жазылуын ұштастыру үшін:
1. «Дыбысқа саяхат жасау» тәсілін қолдануға болады. Осы тәсіл арқылы баланың ойлау қабілетінің тағы бір көрінісін дамытамыз.
2.
шо. . . ер, ши. . . ер, . . . утбол, т. с. с. сөздерді қолдану арқылы ф дыбысын дұрыс айтуға үйрету жұмысы жүргізіледі.
Ойынның шарты :
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті тауып қою.
Мақсаты: Жаңа әріпті қолданып, үйрену.
«Ақсүйек» ойыны (Белгісіз санды табу) .
Дидактикалық мақсаты:
Белгісіз санды табуға, өрнектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.
Мазмұны:
Ойынға сынып толық қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, ол бала «ақсүйекті» көрмей одан әрі қарай аттап кетеді. Сабақтың үстінде жүргізгенде бұл ойынды ойша шешетін болса, бұл ойынды қолдану арқылы балаланың қимыл әрекеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік туады.
«Поезд құру»
Поезд - паравоздан және мысалдар жазылған вагондардан тұрады. Мұғалім мысалдарды есептен шыққанда ол вагонның номерлері болатынын түсіндіреді.
Ойынның мақсаты:
Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және баланың ауызша есеп шығаруға қабілетін дамыту.
Бірінші сыныпта онға дейінгі сандармен Математикалық амалдарды үйрету барысында «Баскетбол» ойынын, «футбол» ойынын тағы басқа топпен ойнайтын қызықты ойындар түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол.
Ойын шарты:
Сандарды есептеп, «10»-шы доптарды қызылмен, «9»-жасылмен боя. Қай доп қай сеткаға түседі?
Доп пен сетканың түсі бір-біріне сәйкес келуі керек. Бірінші тапсырма орындалғаннан соң екінші ретте сегізінші допты қызылмен, жетінші допты жасылмен бояу керек. Ол доптағы есеп шығарылып, балалар ұпай жинайды.
«Алма теру» ойыны.
Мақсаты: Бір таңбалы сандарды қосу және азайтуды үйрету, ауызша есепке дағдаландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Керекті құралдар: Алма бағының суреті, магнит тақтасы, жеке-жеке орналасқан бірнеше алма жемісінің суреттері және оларды теріп салуға арналған себеттер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz