Шығарма кейіпкерлерін талдау

Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу. Қысқа мерзімді жоспар

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті

Күні, уақыты:

Сабақ ұзақтығы:45

Сынып/Топ: 6

Оқушылар саны: 8

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті: Оқушы жөнінде ақпарат: (Мысалы: SEN; EAL нөмірлері)
Оқу салалары: Қазақ әдебиеті: Сабақ конспектісі (оқу бағдарламасы құжаттарына сілтемелер қамтылу керек) :Мұхтар Мағауин "Бір атаның балалары" повесті. Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу. Шығарма кейіпкерлерін талдау
Оқу салалары: Қазақ әдебиеті:

Оқу мақсаттары

· Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.

· Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.

· Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.

Күні, уақыты:Сабақ ұзақтығы:45:

Табыс өлшемдері

Кейіпкерлерді тани алады, адами қарым-қатынастарын таниды, олар туралы сыни пікір айтады, бірлесе жұмыс атқарып, қорытынды шығарады.

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті:

Бағалау мүмкіндіктері:

Қай балалар бағаланады?

Барлық топ бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға қатысады

Оқу мақсаттарының қайсысы бағаланады? Бірін- бірі бағалау / /, ойларын бағалау, көршіңізге айтыңыз, стикер /топтың жұмысына пікір білдіру/

Күні, уақыты:Сабақ ұзақтығы:45:

Бағалау мүмкіндіктері: Әдістер

Дәлелдер қалай жиналады?

-топпен жұмыс -флипчарт толтыру

-топпен бірлесе жұмыс істеп үйрену

-

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті:

Негізгі лексика

бауырмалдық, Зигфрид- Зекен, Ахмет шал

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті:

АКТ мүмкіндіктері

М. Мағауин туралы оқушы презентациясы

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті:

Сыныпты ұйымдастыру

-Амандасу;

-Сергіту сәтін өткізу. "Ассосация телефон"

-Сыныпты топқа бөлу :Жұп және тақ сандар арқылы топқа бөлу

Күні, уақыты:Сабақ ұзақтығы:45:

Ресурстар:

Смайликтер

Оқу салалары: Қазақ әдебиеті:
Күні, уақыты:Сабақ ұзақтығы:45:
Сынып/Топ: 6Оқушылар саны: 8:

Уақыты
Тапсырма
Мұғалім ролі және басқалардың ролі
Уақыты:

3 минут

2 минут

Тапсырма:

Кіріспе. М. Мағауин өмірбаяны, шығармашылығы туралы оқушы презентациясын тамашалау.

Үй тапсырмасын тексеру.
1. РАФТ бойынша арнау хаттарын тыңдау;
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы

Мұғалім ролі және басқалардың ролі:

Оқушы жұмысы

Оқушы өз ойын ұсыну

Оқушы шығармашылығы

Уақыты:

7 минут

10 минут

Тапсырма: Негізгі тапсырма :1. Шығарманың мазмұны мен кейіпкерлерін тереңірек ұғыну үшін проблемалық-бағыттаушы сұрақтар ұсынылады. Үш қадамнан тұратын сұхбат бойынша сұрақ - жауап жұмыстары;
1. Шығармада Ахмет шалдың мақтануынан нені байқауға болады?
2. Шуылдасып, таласып тұрған балалар неге тына қалды?
3. Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады?
4. Ахмет ақсақалдың отбасына Зигфридтің бауыр басып кетуіне кімдер ықпал етті?
5. Ахмет өз ұлдары мен Зекеннің қандай мінез-құлықтарын ұқсастырады?
2. Мағынаны тану
2(1) М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі
шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары
«Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар
1 - топ Зигфрид;
2 - топ Ахмет; бірге-Дәуренбек
Берілетін тапсырмалар: Портреті
Мінез - құлқы
Қасиеттері
Түрлі іс - әрекеттері
Ұстанымы
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Тапсырмалар Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау: «Бәріміз бір өзеннің арнасы,
Бір атаның баласымыз» «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» «Жауды аяған жаралы»
Мұғалім ролі және басқалардың ролі:

Мұғалім сұрағы

Оқулықпен жұмыс

Өз ойларын, пікірлерін айту

Мұғалім тапсырмасы

Топпен жұмыс

Өз жауаптарын айту

Уақыты: 10 минут
Тапсырма: 2(2) Шығармашылық тапсырма:
Басты кейіпкер Зигфрид іс - әрекетін саралау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау;
• Тілін кәлимаға келтірді
• Сүндетке отырғызды.
• Асық жілік ұстар тойы өтті.
• Зекен Бегімбетов атанды.
• Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
• 3 - 4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.
• Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп - тұрды.
• Шашы ұстарамен алынған тақырбас.
• Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.
• Нарымбеттің інісі атанды.
• Асық ойнап, суға шомылды.
• Малды қайырысуға көмектесті.
• Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды
Мұғалім ролі және басқалардың ролі:

Топтық жұмыс

саралау

Бағалау

Уақыты:

3. Ой - толғаныс
Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы.

- Сонымен, балалар, шығармаға арқау болып отырған соғыс жылдарындағы жетім балаларды жатсынбай бауырына басып, тәрбиелеп, азамат етіп өсірген пейілй кең қазақтың бауырмал халық екеніне тағы бір көз жеткізгендейміз. Оның дәлелі бүгінде көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқандығын айтуға болады.
Бағалау. Бағалау парағы арқылы бағалау, стикер арқылы пікір білдіру

Үй тапсырмасы: «Біз - бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.


Ұқсас жұмыстар
Тәжірибелік сабақты бағалау
Шығарманың кейіпкерлерін ата
Ертегіні оқыту
Танып білу стратегиясы
Жалпақ палуан
Кейіпкерлер стратегиясы
Қар қызы повесі
Кім тапқыр
Ұшат сұрақ
Бір табақ ұн, бір табақ арпа. 8 сынып. орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz