Сау болыңдар

Шартыкбаева Маржан Кеулимжаевна Жамбыл облысы, Байзақ ауданы С. Абланов атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
«Сандықтың бес кілті» атты жаңа жылдық кештің сценарийі
Қатысушылар: Ер Төстік, Кенжекей, Мыстан кемпір, Бапы хан, Алдар көсе, Қарақшы, Мұз ханшайымы
Жаңа жылдық сыйлықтар салынған сандықтың 5 кілті ертегі кейіпкерлері Мыстан кемпір, Бапы хан, Алдар көсе, Қарақшылар, Мұз ханшайымы екі жүргіз Сахнада сандық бес құлппен құлпталған.
Ер Төстік (сахнаға жүгіріп шығады) : - Ой, Кенжекей, мына әдемі шыршаны қарашы! Көздің жауын аларлық бұл сұлу шырша кім үшін деп ойлайсың?
Кенжекей: - Бұл біздің кішкентай достарымыз үшін! Орман сұлуы солар үшін бүгін ерекше сәнделіп тұр. Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Біздің ертегі әлемімізге қош келдіңдер!
Ер Төстік: - Ой, Кенжекей, мына бір затқа қарашы. Сырт, сырт, сырт, бұл не?
Кенжекей: - Бұл - сиқырлы сағат қой! Бұл біздің ескі жылымыздың соңғы минуттарын санап тұр. Уақыт өтіп жатыр. Алайда мереке қашан басталар екен?
Ер Төстік: - Мына бір сандыққа қарашы! Неткен байлық!
Кенжекей (жылайды) : - Ер Төстік, бұл Жаңа жылдық шыршаға Аяз атаның бізге жіберген сыйлықтары емес пе? Алайда, ертегі кейіпкерлері сыйқырлап, сандыққа бес құлып салып, кілттерін өздерімен бірге алып кетіпті? Енді қалай біз мерекені қарсы аламыз?
Ер Төстік: - Кенжекей, жыламашы, сен ақылдысың ғой. Көздің жасымен ештеңене шеше алмайсың? Уақыт өтіп жатыр. Одан да осы сандықты ашудың амалын қарастырайық.
Кенжекей: - Дұрыс айтасың. Мен бір амалын тапқан сияқтымын. Балалар, сендер бізге көмектесесіңдер ғой?
Балалар: - Ия!
Кенжекей: - Олай болса, біз жолға аттанайық!
(Осы кезде барлық балалар аяқтарымен қадам жасап шыршаны айналады. «Жаяу» әні орындалады. Кенет музыка үзіліп, жарық сөніп, қорқынышты әуенмен Мыстан кемпір шығады. Мыстан кемпірдің мойынында кілт бар. Бәрі қорқып тұрады. )
Мыстан кемпір: - А, а, а! Неге бәрің үрпиіп қалдыңдар! Жаңа ғана көңілді ән шырқап жатыр едіңдер ғой! Қайда бара жатырсыңдар, а?
Кенжекей (Ер Төстіктің артынан тығыла қарап) : - Сізден қорқып тұрғанымыз жоқ. Біз сандықтың кілтін іздеп шығып едік.
Ер Төстік : - Сіздің мойныңыздағы кілт бізге жарап қалатын сияқты. Бүгін біздің балақайлар сыйлықсыз қалатын түрі бар. Еш болмаса бізге бір мүмкіндік беріңізші, кез келген шартыңызды орындауғы дайынбыз, қадірлі Мыстан апа!
Мыстан: - Мен сынағанды жақсы көремін. Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешсеңдер, кілт сендердікі. Жауабын таппасаңдар, мен сендерді жеп қоямын! Келісесіңдер ме?
Балалар: - Иә.
(Жұмбақтар жасырады)
Мыстан: - Қазіргі заманның балалары шетінен білгіш, бұрынғыдай емес. Бүйте берсеңдер, мен аш қалып, арықтап кететін боламын ғой! (Кілтті беріп, музыкамен кетіп қалады. )
Кенжекей: - Ух, неткен қорқынышты еді! Келесі кілтті іздеуге аттанайық!
Ер Төстік: - Онда біз жер асты патшалығы Бапы ханның еліне аттанамыз.
(Жарық сөніп, шығыс музыкасы ойнап тұрған шақта Бапы хан шығады )
Бапы хан: - Жер асты менің патшалығыма қош келдіңдер, балалар. Мен әбден зерігіп отыр едім. Қандай шаруамен жүрсіңдер? Айта беріңдер!
Ер Төстік: - Қадірлі жер асты патшасы Бапы хан! Бізге кілтіңізді бересіз бе? Біздің балақайлар сыйлықсыз қалатын болды.
Бапы хан: - Мен әбден зеріктім, ішім пысты. Көңілімді көтерсеңдер, бәлкім, кілтті берермін.
(Барлық балалар жаңа жылға арналған биді билейді, бапы хан да қосылып билейді. )
Бапы хан: - Жарайсыңдар, балалар! Үш жүз жыл өмір сүріп, бүгінгідей көңілім көтерілген емес! Өнерлерің үшін кілтті ала қойыңдар! Сау болыңдар!
Кенжекей: - Балалар, жердің үстіне шығайық.
(Музыкамен сахнаға Алдар көсе шығады. Домбыраның мойнында кілт бар. )
Алдар көсе: - Мен Алдармын, Алдармын!
Астанаға барғанмын,
Ақтауға да барғанмын.
АҚШ -қа да барғанмын,
Жапонға да барғанмын.
Шаршаңқырап қалған соң,
Байзаққа келіп қалғанмын.
Ер Төстік: - Ассалаумағалейкум, алдар ата! Біздің ауылға қош келдіңіз. Біздің іздеп жүрген кілтіміз сізде екен ғой? Мерекелік сыйлықтар салынған сандықты ашуымыз керек.
Алдар көсе: - Балақайлар, менің сендерге бір шартым бар. Орындасаңдар, кілт сендердікі. Келісесіңдер ме?
Балалар: - Келісеміз!
Алдар көсе: - Менің шартым, өлеңнің жалғасын тауып айту. Дайынсыңдар ма? («Қошақан», «Айгөлек» әндерін жалғастырып айту)
(Алдар көсе кілтті береді. )
Кенжекей: - Бізге әлі екі кілт керек. Алдымызда ну орман. Қарақшылар болуы мүмкін.
(Музыкамен қарақшылар шығып, «Лизгинка» биін билейді, біреуінің аузында кілт бар. )
Қарақшы: - Мені сақырдыңдар ма?
Ер Төстік: - Сақырдық. (қалжыңмен)
Қарақшы: - Неге сақырдыңдар?
Кенжекей: - Бізге кілт керек. Балаларға сыйлық беруіміз керек.
Қарақшы: - Жоқ, кілтті тегін бермеймін. Маған ақша крек. Ақшаларың болмаса, кілт те жоқ.
Кенжекей: - Мүмкін, мен тәжімді берейін?
Қарақшы: - Сендерде ақша болмаса, мерекеге келген ата-аналарыңда бар шығар? Онда менің ата-аналарға екі шартым бар. Бірінші шартым: Жаңа жылға тілек айтулары керек. (Ортаға 3 ата-ананы шығарып, ауыздарына шоколад салып, тілек айтқызу)
Қарақшы: - Екінші шартым: маған лесіп билесеңіздер, кілтті беремін. (барлық ата-ананы, оқушыларды ортаға шығарып билетеді. )
Кенжекей: - Сонымен төртінші кілтке де қол жеткіздік. Енді соңғы кілтіміз қалды.
( Аязды күнгі боран дауысы қойылып тұрады. Балалар үнсіз тұрады. )
Ер Төстік: - Бұл кім? Айнала суып кетті ғой!
Кенжекей: - Тоңып барамын!
(Сахнаға Мұз ханшайымы шығады. )
Мұз ханшайымы: - Ха, ха, ха, мені күткен жоқсыңдар ғой деймін! Неге үндемей қалдыңдар?
Кенжекей: - Мұз ханшайымы, сізде біздің бесінші кілтіміз бар. Бәріміз Жаңа жылдық мерекені күткенімізге көп болды.
Ер Төстік: - Сізге ән айтып берейік?
Мұз ханшайымы: - Мен әнді сүймеймін. Керегі жоқ!
Кенжекей: -Бәлкім, билеп берерміз?
Мұз ханшайымы: - Биді мүлдем ұнатпаймын!
Ер Төстік: - Жұмбақ жасырып көрейік?
Мұз ханшайымы: - Жоқ, доғарыңдар! Мереке болмайды.
Кенжекей мен Ер Төстік: - Балалар, біз Аяз ата мен Ақшақардың көмегінсіз бесінші кілтті ала алмайтын сияқтымыз. Аяз ата мен Ақшақарды барлығымыз бірге қосыла шақырайық!
Барлығы: - Аяз ата, Ақшақар! (3 рет шақырады. Көңілді жаңа жылдық әуенмен Аяз ата мен Ақшақар ортаға шығады. )
Аяз ата: - Мұз ханшайымы, сен неге балаларды ренжітесің? Менің күшім сенен де мықты. Тұр менің жолымнан! (Үрлеп, қуады. )
Мұз ханшайымы: - Жоқ! - деп артқа шегініп, қашады. Сол кезде қолындағы кілт түсіп қалады.
Аяз ата: - Аяз ата: ау, амансың ба ұлдарым,
Ау, амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады. )
Кенжекей: - Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен қуаныштымыз.
Аяз ата: - Біз де сендерді көруге,
Халдеріңді білуге,
Асулардан асып,
Аппақ қарды басып жетіп қалдық.
Ақшақар: - Жаңа жылмен құттықтап,
Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!
Ер Төстік: - Қане балалар, Аяз атаның құрметіне ән салайық!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz