Сабақ жоспары :: Математика
Файл қосу
Математика фирманың ашылуы
Конкурс-сабақ: «Фирманың ашылуы»
Тақырыбы: Білімді тиянақтау сабағы
Мақсаты:
1.Көп таңбалы сандарды көп таңбалы сандарға көбейту мен бөлу
тәсілдерін, есептерді теңдеу құру арқылы шығара отырып, оқушылардың
білімдерін бекіту;
2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту;
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымды бірлесе бірге жұмыс істеуге
тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана
білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Сабақ типі: Білім, білік дағдыларын тиянақтау, жүйелеу
Сабақ әдістері: Жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар
Сабақ көрнекілігі: Дәптер, қалам, микрокалькулятор, эмблемалар фирманың
аттарыменен, приздар, слайдтар, «лицензиялар», интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, өмірмен (дүниетанумен)
Өткізілетін орны: математика кабинеті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
3. Сабақтың тақырыбымен таныстыру
4. Фирма президентін таңдау
5. Ауызша есептеу: «Банкте шот ашу»
6. Дәптермен жұмыс
7. Офистың размерін анықтау
8. Сергіту сәті
9. Есепті теңдеу құру арқылы шығару
10. Бағдарламалық сұрақ: Калькулятор көмегімен есепте
11. Көзге жаттығу
12. Тізбектеп шешу: «Қамқорлық акция»
13. Сыйлықтарды ойынға жіберу
14. Қорытынды
15. Үйге тапсырма
16. Рефлексия
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару:
--------Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр,
өзіміздің дәстүріміз бойынша сәлем берейік:
Слайд №1: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз,
Бар адамға ниетпен
Бас иеміз біз.
2.Психологиялық дайындық:
Слайд №2: сәттілік тілегі:
-----------Балалар, бір-бірімізге бұрылып, қолдарымыздан ұстайық. Жақсы
тілек айтайық:
-мен саған ашық аспан тілеймін;
-мықты денсаулық тілеймін;
-нұрлы күн тілеймін!
Қараңдар, нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай
нұрын төгіп тұр.
3.Сабақтың тақырыбымен таныстыру:
Слайд №3
-----------Балалар, сендер көріп тұрғандай бүгінгі біздің сабағымыз ерекше:
счендер жай ғана оқушы болмай, фирма жұмыскерлері боласындар. Біздің
мемлекетімізде неғүрлым әр түрлі бағыттағы фирмалар мен кәсіпорындар,
заводтар мен фабрикалар болса және онда білімді және сауатты адамдар жұмыс
істесе соғұрлым біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті болады.
Әрбір фирма жұмысын бастар алдында лицензия (рұқсат хат) алуға
құқығы бар екенін дәлелдеуі керек, себебі бұл құжатсыз ешбір фирма шынымен
өмір сүріп дами алмайды.
Слайд №4
Бүгінгі сабағымызда сендер әртүрлі көбейту және бөлу әрекеттерді істей
отырып, есептерді теңдеу арқылы шығара отырып, логикалық тапсырмаларды
орындай отырып, сендердің фирмаға лицензия алуға құқықтарын бар ма екенін
анықтаймыз.
«Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең
басты жұмысымыз, байлығымыз – берекелі бірлігіміз»,- деп Еліміздің басшысы
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауында» айтқан. Енді осы сөздерді біз
іске асыру үшін жұмысымызды ұқыпты, қызыға отырып істеу керекпіз.
4.Фирма президентін таңдау:
---------Әрбір фирманың фирма мүшелерімен сайланатын басшы – президенті
бар. Қанекей, ақылдасып, президентті таңдандар.
Ал енді әріптестерінің сенімін ақтау үшін және фирмаға атау
алуды жету үшін, келесі тапсырмаларды орындауларын керек.
Слайд №5: Фирманың аттары «Достық», «Отан», «Наурыз».
-Орысшаға аударыңыздар
Президенттерге тапсырмалар:
Слайд №6: 3-ке бөлінбейтін...
Слайд №7: 6-ға бөлінбейтіңдер
Слайд №8: 4-ке көбейту кестесінде қандай жауап жоқ?
5.Ауызша есептеу: «Банкте шот ашу»
Слайд №9: 1-тапсырма Тез есепте
1800+1200 3700-400
7500-1500
2500*2 5000:5
402*2
8100:9 720:8
6400:8
Слайд №10: 2-тапсырма
-----------Әрбір фирма жұмыскері үшін жылдам ойлау операцияларын жасау өте
маңызды. Есептерді орындандар:
1) Ханның қоржынында 150 ділдә, ал Алладинде одан 5 есе ділдә кем.
Алладинде неше ділдә бар?
2) Азаматта 1200 теңге ақшасы бар, оған ол 4 доп сатып алды. Бір допқа
неше теңге ақша жұмсады?
3) Асханаға 50 жәшік алма әкелінді. Әр жәшікте 15 кг алмадан бар.
Асханаға барлығы неше кг алма әкелінді?
Слайд №11: Санның квадратын табу
6.Дәптерлермен жұмыс
-----------Келесі біздің кезеңіміз: дәптерлермен жұмыс. Әрбір фирма
жұмыскерінің жазуы өте әдемі болу керек және де тез ойлау операцияларын
жасау керек.
Слайд №12: Күнді, айдың атын жазу
Слайд №13: Көркем жазу минутасы
Слайд №14: Арифметикалық диктант: өрнек түрінде жаз және оның жауабын тап.
155-пен 6-ның көбейтіндісінен 300-ді азайт:
155*6-300
690-бен 3-тің бөліндісіне 770-ті қосу:
690:3+770
2750-ден 250-мен 50-дің бөліндісін азайту:
2750-250:50
7.Офистың размерін анықтау
--------------Әр фирмада өзіннің офисы бар. Бұл бөлме, ол жерде фирманаң
жұмыскерлері отырады және де түрлі операцияларды жасайды.
Қазір біз көреміз, тексереміз, сендер офистың ауданын. Көлемін таба
алаласыңд ма?
Слайд №15:
Берілді: Берілді: Берілді:
а = 12 м а = 12м а = 6 м
__________ в = 14м в = 10 м
S -? кв. м. ________ с = 3 м
S - ? кв.м. V - ? куб. м
8. Сергіту сәті ағылшын тілінде
Слайд №16
9.Есепті теңдеу құру арқылы шығар
Слайд №17:
1 - №3 бет 210 х-64*9=143
2 - №4 бет 210 х-879=42*16
3 - №5 бет 210= х-3*20=10
10.Бағдарламалық сұрақ: Калькулятор көмегімен есепте
Слайд №18.
(88101-9870):17=
19776:309*207=
3870:43*184=
11. «Көзге жаттығу»
-------------Құрметті фирма жұмыскерлері! Сендер көп есептеу операцияларын
жасадыңдар, көздерін шаршады.
Слайд №19.
12.Тізбектеп шешу: «Қамқорлық акция»
Слайд №20.
---------------Фирмалардың сәттілігі олардан қамқорлықты қажет ететін
адамдарға көмек көрсетуіне байланысты.
Әр фирманың қандай мөлшерде көмек көрсететінін анықтайық.
869*174+8640:40*36-146020= 12962
5400-(8460:90+354)*10+5700= 6620
3870:43*18:3+314*18= 6192
13.Сыйлықтарды ойынға жіберу:
Слайд №21.
-----------------Алдымызда 22 наурыз келе жатыр. Бұл қандай күн, қандай
мереке?
Ал енді осы 22 наурызға қарсы сыйлықтарды ойынға жіберейік: Салыстыру
567*28 567*(7*5)
367*(10*7) 367*17
614*29 614*(9+20)
14. Қорытынды: Баллдарды есептеу және лицензия беру
Слайд №22
----------қосымша: балалар, қорытынды толық болу үшін әр фирманаң
президенті өз жұмыскеріне баға беру керек
15.Үйге тапсырма
Слайд №23: бет 210 №8,9
Лиана, Фархат «ойлан, тап»
17.Рефлексия
Слайд №23
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz