Қазақша күрес. таңдау курсы

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы

Тақырыбы:

Қазақша күрес

Кайырбеков Сагдат Исламғалиевич

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

2012-2013 оқу жылы

Түсінік хат

Күрес өнері. Спорттың бұл түрі - қай халықта да бар деуге болады. Олардың бәрі де бұл спорттың түрін жан-тәнімен сүйіп ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, оны байытып жаңғырта келіп, бүгінгі күнге жеткізіп отыр. Әр халықта да өзіндік арнамен дамыған ұлттық күрес өнері бар.

Қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына бір есімді - Қажымұқанды білеміз. Кезінде әлемді аузына қаратқан аты аңызға айналған қазақтың сол алып ұлының өзі де алаш халқының төл өнерімен сусындап содан үйренері хақ. Ендеше бүгінгі өркенді өнеріміздің Қажымұқандарының да тұсауларын алаш қазақша күресі кесті. Өйткені қазақша күрес бүгінгі әлемдік ареналардағы күрес түрлерінің қай-қайсысына болмасын жақын да ұқсас.

Қазақ палуандарының қай-қайсысы болмасын ауылда ә дегеннен шаңдақта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын.

Күрес әліппесі . . . Осыған орай тағы да бір шындық атойлап алдымыздан шығады. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді-енді парақтап ашып ауылда жүруі әбден мүмкін. Бірақ олардың өздігінен үйреніп талпынуы мүлде жеткіліксіз. Бұл қиындықтан құтылудың бір жолы - күрес өнерін үйренем деген жастарға таңдау курстары ашылып, өз пайдасын тигізеді. Сондықтан бұл таңдау курсы арқылы жастар күрес әлеміне жол ашылары сөзсіз.

Аптасына 1 сағат,

барлығы 34 сағат

6 сынып

Тақырыптың атауы
Сағат саны
күні
Өткізу түрі
Нәтижесі
№: 1
Тақырыптың атауы: Күреске кіріспе
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: конспект
№: 2
Тақырыптың атауы: Секция жұмысын қалай бастау керек?
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: семинар
Нәтижесі: реферат
№: 3
Тақырыптың атауы: Талапкерлерді күрес секциясына қабылдау
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: өзіндік жұмыс
Нәтижесі:
№: 4
Тақырыптың атауы: Жаттығу кезеңдері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: жаттығу
№: 5
Тақырыптың атауы: Спорт құрал-жабдықтары және жаттығу орны
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: семинар
Нәтижесі:
№: 6
Тақырыптың атауы: Палуандардың салмақ дәрежесін анықтау
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: салмақ анықтау
№: 7
Тақырыптың атауы: Бапкер жайлы бірер сөз
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: реферат
№: 8
Тақырыптың атауы: Палуанның дене шынығуы
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі:
№: 9
Тақырыптың атауы: Қазақша күрестің әдістері
Сағат саны: 2
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: жаттығу
№: 10
Тақырыптың атауы: Тік тұрып күресу және қозғалыс
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: сынақ
№: 11
Тақырыптың атауы: Ұстасу және ара қашықтық
Сағат саны: 2
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: сынақ
№: 12
Тақырыптың атауы: Күрестің аяқтан қағу әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: жаттығу
№: 13
Тақырыптың атауы: Қолтықтың астынан және жеңнен ұстап, аяқтан іліп тастау
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: жатығу
№: 14
Тақырыптың атауы: Салмақ қуу деген не?
Сағат саны: 2
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: сынақ
№: 15
Тақырыптың атауы: Жарысқа дайындық және жарыс сәті
Сағат саны: 2
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: жаттығу
№: 16
Тақырыптың атауы: Спортшы және дене күтімі
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: конспект
№: 17
Тақырыптың атауы: Тазалық аса маңызды шарт
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: конспект
№: 18
Тақырыптың атауы: Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап, дайындау
Сағат саны: 2
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: жаттығу
№: 19
Тақырыптың атауы: Үйіріп тастау әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: сынақ
№: 20
Тақырыптың атауы: Белдіктен және жеңнен ұстап, шалқалай іліп кеудеден асыра лақтыру әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: жаттығу
№: 21
Тақырыптың атауы: Аяқты іштен іліп, кеудеден асыра шалқайып лақтыру әдістері
Сағат саны: 2
күні:
Өткізу түрі: жаттығу
Нәтижесі:
№: 22
Тақырыптың атауы: Кеудеден асыра лақтыру әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: жаттығу
Нәтижесі: сынақ
№: 23
Тақырыптың атауы: Шалып жығу әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: жаттығу
Нәтижесі: сынақ
№: 24
Тақырыптың атауы: Қорғаныс әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: жаттығу
Нәтижесі: сынақ
№: 25
Тақырыптың атауы: Іліп тастау әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: жаттығу
Нәтижесі: сынақ
№: 26
Тақырыптың атауы: Өзін-өзі қауіпсіздендіру әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: сынақ
№: 27
Тақырыптың атауы: Психологиялық дайындық әдістері
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі: лекция
Нәтижесі: семинар
№: 28
Тақырыптың атауы: Қорытынды
Сағат саны: 1
күні:
Өткізу түрі:
Нәтижесі: сынақ

Теориялық бөлім

1-сабақ (1 сағат) Күреске кіріспе. Қазақша күрестің қысқаша тарихына тоқталу. Қазақ палуандарының өмірі мен күрес жолдары жайлы мәлімет беру. Күрестің негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру.

2-сабақ (1 сағат) Секция жұмысын қалай бастау керек? Басқа күрес түрлері сияқты қазақша күресті де өнер ретінде үйретуге өзіндік мектебі бар секция керек. Ол секция, әрине, бір топ үйренушілерден, жас талапкерлерден тұрады. Оны басқарушы осы өнерді бүге-шігесіне дейін білетін адам болса, нұр үстіне нұр. Секцияға жиырма шақты, тіпті одан да көп жас талапкерлерді тартуға болады. Секция ол өз алдына жеке ұжым.

3-сабақ (1 сағат) Талапкерлерді күрес секциясына қабылдау. Талапкерлер норматив тапсыруға тиіс. Біз одан оның күшін, жылдамдығын, батылдығын, әйтеуір бойындағы жылт еткен барлық қасиетін білуіміз керек.

4-сабақ (1 сағат) Жаттығу кезеңдері. Күрес - үлкен өнер. Оны жалықпай үйренген адам ғана меңгеріп, сан қилы құпияларына қаныға алады. Әрине, мұнда табиғи күштің рөлі ерекше. Дегенмен, сол бір күш қайнарын аялай біліп, әрдайым көзін ашып, ширықтырып тұрмаса, күндердің күнінде ол сарқылып қалуы да мүмкін. Сондықтан күресті жақсы меңгеру үшін жаттығу кезеңдерін жақсы білу керек.

5-сабақ (1 сағат) Спорт құрал-жабдықтары және жаттығу орны. Күрес үшін спорт жабдықтары керек. Арнайы сайыс кілемі немесе гимнастикаға арналған кілем, штангалар, гирлер, гантельдер болса палуандар үшін жақсы жағдай жасалған деген сөз.

6-сабақ (1 сағат) Палуандардың салмақ дәрежесін анықтау. Күресте салмақ зор рөл атқарады. Палуан жарыс кезінде өзіне тән салмақта ғана сайысқа түсуге үйренеді. Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты түрліше топтарға бөлінеді.

7-сабақ (1 сағат) Бапкер жайлы бірер сөз. Шәкірттің нағыз шебер болуына ең бірінші септігін тигізетін, жатпай-тұрмай көмектесетін, үйрететін адам - жаттықтырушысы немесе бапкері.

8-сабақ (1 сағат) Палуанның дене шынығуы. Бұл тактикалық, психологиялық әзірлік пен жылдамдық, төзімділік тәрізді қасиеттердің жиынтығы. Дене шынығуы ұзақ еңбектенудің нәтижесінде қамтамасыз етіледі.

9-сабақ (2 сағат) Қазақша күрестің әдістері. Қазақша күрестің әдіс-айлалары күрделілігімен, сан қилы оралымдығымен ерекшеленеді. Әрине, бұл ұлттық спорт түрінің кейбір әдіс-тәсілдерінің басқа туысқан халықтардың ұлттық күрестерінің әдістеріне ішінара ұқсастықтары да жоқ емес. Алайда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері өте көп.

10-сабақ (1 сағат) Тік тұрып күресу және қозғалыс. Палуан кілем үстінде қандай да бір жағдайға да дайын болуы тиіс. Кез келген сәт . . . Жойқын шабуыл жасауға қас-қағым сәтте даяр тұру. Аяқтардың тұру жағдайларына қарай денені тік ұстау қалпында күресудің мынадай түрлері болады: бетпе-бет, оң және сол қырынан тұрыс.

11-сабақ (2 сағат) Ұстасу және ара қашықтық. Ұстасудың өзі мынадай түрлерге бөлінеді: 1) Ұзақ ұстасу. 2) Тез арада немесе бірден ұстасу. Ұзақ ұстасу деп палуанның кілем үстінде қарсыласымен ұзақ ұстасып жүріп, әдісті тиімді қолданып, жеңіске жетуін айтамыз. Ара қашықтық деп қос палуанның кілем үстіндегі ара қашықтығын айтамыз.

12-сабақ (1 сағат) Күрестің аяқтан қағу әдістері. Бұл әдіс негізінен қарсыласыңды кілемге сүріндіріп, тепе-теңдік қалпынан шығарып, қағып жығу үшін қажет. Белдескен кезінде қарсыласыңды тізесінен, аяқтың ішінен немесе сыртынан қағуға болады.

13-сабақ (1 сағат) Қолтықтың астынан және жеңнен ұстап, аяқтан іліп тастау. Бұл әдісті қарсыласының алға қарай еңкейген сәтінде қолдануға болады. Сол қолымен қолтықтың астынан, ал оң қолымен жеңінен ұстап, сәл бүгіліп, оң жаққа бұрыла бере, сол аяқпен бәсекелестің санынан іле, жоғары қарай шалт көтеру керек. Сол сәтте тепе-теңдік қалпын сақтай алмаған қарсыласың кілемге құлайды.

14-сабақ (2 сағат) Салмақ қуу деген не? Палуандар өз салмақ дәрежесі бойынша ғана жарысқа түсе алады. Дегенмен кейде команданың қамы үшін немесе палуанның өз күрес нәтижесіне байланысты салмақ қууына тура келеді. Мысалы, палуанның ә дегенде өз бойынан 1, 5 - 3, 5 кг дейін салмақты лақтырып тастап, біршама жеңілденуі керек. Бұған жарыстың басталуына 3-4 күн қалғанда да үлгіруге болады.

15-сабақ (2 сағат) Жарысқа дайындық және жарыс сәті. Жарыс . . . Төреші ысқырығынан кейін-ақ сенің осыған дейінгі жиған-терген тәжірибең, бар күшің, әдіс-айлаң, шеберлігің сынға түседі. Жарыс сенің өзіңе және жаттықтырушыңа да ең әділ сын.

16-сабақ (1 сағат) Спортшы және дене күтімі. Ауыр жекпе-жектерден кейін моншаға түсу қандай ғажап болса, массаж жасау палуан үшін соншалықты тиімді. Ол бойкүйез денеңді ширатып, сірескен бұлшық еттеріңді қалпына түсіреді. Бойы жадырап, денесі ширығады. Жарыс алдында болсын, жарыс кезінде болсын массаж жасап тұру пайдалы.

17-сабақ (1 сағат) Тазалық аса маңызды шарт. Спортшыға қойылар аса маңызды шарттардың бірі - тазалық. Әсіресе палуанның әрбір жекпе-жегінен кейін ерекше бір қажу, шаршау пайда болады. Адам денесі таза болып жүргенде көңілі де көтеріңкі, сергек болады.

18-сабақ (2 сағат) Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап, дайындау. Жаттығудың немесе кез-келген жарыстың далада өтуі өте пайдалы. Мұндай жағдайда арнайы кілемнің қажеті жоқ. Оны қалаған жерден қазып, қолдан жасауға болады. Тереңдігін 60 см, көлемін 8*8 немесе 10*10 м етіп кәдімгі шұңқыр қазылады. Шұңқырдың ішкі қабырғаларын матамен қаптап, қалыңдығы 20-25 см етіп көк шыбық салынады, оның үстіне ағаш ұнтағын салуға болады. Мұның үстіне березентпен қапталған көрпелер немесе киіз төсеуге болады.

19-сабақ (1 сағат) Үйіріп тастау әдістері. Бұл әдіс қазақша күресте өте ертеден қолданылып келеді. Шабуыл жасаушы палуан қарсыласының белбеуінен мықтап, ұстап, қолдың және белдің күшімен оны кілемнен жоғары көтеріп алып, өзіне қарай тарта, үйіріп әкетуі керек.


Ұқсас жұмыстар
Қазақша күрес
Қазақстанның климаты
Барлық сағат саны сағат саны мерзімі
Курстың мақсаты
Тригонометриялық теңдеулер жүйелерін шешу әдістері
Күрес тәсілдері
Тұрмыстағы химиялық заттарды дұрыс қолдану ережелерін білу
Жігіт сұлтаны жайлы ақпарат
Дене мүшелері, қазақ тілі
Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz