Сайыстың көрнекіліктері

МШОБ №3 орта мектеп

Математикалық -физикалық

көңілді тапқырлар сайысы

(9 сынып)

Пән мұғалімдері: Таяубергенова З. Н.

Математикалық -физикалық көңілді тапқырлар сайысы

Мақсаты: Математика -физика пәндері бойынша оқушылардың ауызша

есептей білуге, логикалық сұрақтарға жауап беруге, белсенділікке, жауабын талдай білуге, алған білімдерін жүйелеп, топтық сайыстарда білімдерін көрсетуге үйрету.

Тәрбиелік: Ұжымдық еңбектенуге, тапқырлыққа, табандылыққа,

ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу,

Дамытушылық : Ой -өрісін, зейіндерін арттыру

Сайыстың көрнекіліктері: Зертханалық құралдар, Нақыл сөздер, алдын -ала

дайындалған жетондар, безендіру шарлары, карточкалар, плакаттар.

Сайыстың барысы:

І. Сайыстың ашылуы

ІІ. Сайыстың бөлімдері.

  1. Сәлемдесу /топтар таныстыру, эмблема қорғау, ұрандары/
  2. Үй тапсырмасы. /Топтардың дайындаған көрністері/
  3. Сұрақ -жауап
  4. Әдебиет маусымы. /Математика -Физика жайлы өлеңдер құрастыру

ІІІ. Сайыстың қорытындысы

Сайыстың жүрісі:

Сахнаға жүгізушілер шығып, оқушылар мен ұздарға сайыстың ашылуын айтады. Әділқазылар сайланып, таныстырылады.

1-Жүргізуші:

Уа халайық!

Бәріңе бірдей жар салайық,

Математика -Физика тілін үйренем деушілерге,

Математика -Физика тілін білмек ойы барларға,

Математика -физика құмарлығын арттыруға талпынушыларға

Бүгін болатын сайысымызды арнаймыз

ІІ жүргізуші:

Құрметті оқушылар мен ұстаздар. Бүгінгі Математика және Физика пәндері бойынша 9-шы сыныптар арасында өтілетін «Көңілді тапқырлар сайысына» қош келіпсіздер.

Сайыстың бөлімдері:

  1. Сәлемдесу /топтар таныстыру, эмблема қорғау, ұрандары/
  2. Үй тапсырмасы. /Топтардың дайындаған көрністері/
  3. Сұрақ -жауап. /Логикалық сұрақтарға жауап беру/
  4. Әдебиет маусымы. /Математика -Физика жайлы өлеңдер құрастыру

І жүргізуші:

Басталық ақыл -ойдың дара кешін

Халайық сендер бізге жақын келші

Математика ғылымына ұмтылшы

Сен егер кім екеніңді білгің келсе?

  1. Сәлемдесу /топтар таныстыру, эмблема қорғау, ұрандары/

Мұнда әр топ таныстырылады, эмблемаларын қорғап, ұрандары айтылады.

«Пифагор»тобы, «Сұңқар» тобы, «Эвклид»тобы.

ІІ жүргізуші:

Ақыл -ойды тәртіпке келтіретін математика

  1. Үй тапсырмасы. /Топтардың дайындаған көрністері/

І жүргізуші:

Сонау -сонау алысқа,

Жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлар ғарышқа,

Ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика -ғылым бұл

Жасау үшін бәрін де

Физика -ғылым бұл

Сондықтан да сондықтан

Сол ғылымның тілін біл.

  1. Сұрақ -жауап /алдын ала дайындалған сұрақтарды әр топ таңдап алып кішкене уақыт беріліп, жауап береді/

Сұрақтар

  1. А/ Ұзындығы 135 см, сымды біріншісі, екінші бөлігінен екі есе етіп екі бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап

Б/ Диномометрмен неі өлшейді. Және мына құралдардың қайсысы? Күштің түрлерін ата.

/45 см, 90см/

  1. А/ Шолпанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр, Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шолпанда барлығы қанша қой бар?

/400 қой/

Б/ 2л ыдысқа 1, 8л су құйылды. Массасы 200г металл дене сол ыдыстағы суға батырылды. Судың көлемі өзгере ме? /жоқ өзгермейді, бірақ судың банкадағы деңгейі өзгереді/

  1. А/ Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? /үште/

Б/ Мензурка қандай аспап? Онымен нені өлшейді? /Сұйық құятын аспап. Сұйықтың көлкмін анықтайды/

  1. А/ Бес адам кездесіп қалып бір -бірімен қол алысып амандасты. Барлық қол алысу саны қанша? /10/

Б/ Заттың тығыздығын қалай анықтайды. Оны анықтау үшін қандай құралдарды пайданады? /Заттың массасын сол заттың көлеміне қатынасын алады. Таразы, ұзындық өлшегіш. /

  1. А/Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қанша? //1 метр/

Б/ Деформация деген не? Мысал арқылы көрсет. /Денелердің өлшемі мен пішінінің өзгеруі. Шардың немесе доптың сығылуы, созылуы/

ІІ. Жүрізуші:

Білмеймін деп қысылма

Талабың болса бойыңда

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында

  1. Әдебиет маусымы. /Математика -Физика жайлы өлеңдер құрастыру

І. Жүргізуші:

Шыдамды еңбек алғыр ой,

Көңілге оны тоқып қой.

Ғылымдардың патшасы,

Анық оны біліп қой,

-деп сайысымызды аяқтаймыз. Ойларыңыз толысып, математика -физика саласынан жетістікке жете беріңіздер. Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет.

Қорытынды: Әділ- қазылар жеңімпазды анықтап бағаларын береді. Топтарды марапаттап, сайыс аяқталады. Осы сайыстан бір әсер алды деп ойлаймыз.


Ұқсас жұмыстар
Ғажайып ғылымдар патшалығы. сыныптан тыс сайыс бағдарламасы
Табиғат - тіршілік бесігі танымдық географиялық сайысы
Жарыс заңы ежелден - Жеңімпазды анықтау
Әжелер сайысы
Өнер- өмір жемісі
Әлемді география арқылы таны (сыныптан-тыс) 7 сынып
«тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» танымдық-отбасылық сайысы
Сөз тіркесі жайлы ақпарат
Бүгінгі сабақтың айдары
Әжелер сайысы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz