Жеңіл атлетика: 100 метрге жүгіру - 8-в сыныпқа арналған ашық сабақ (№13 орта мектеп, 2014)

№13 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Жеңіл атлетика» (100 метрге жүгіру) .
8 «В» класс
Өткізген: Кулкашев Е. А.
Ақтөбе қаласы - 2014жыл
Сабақ жоспары
Күні : 22. 04. 2014ж Класы : 8 «В» Сабақтың тақырыбы : Жеңіл атлетика. (100 метрге жүгіру) . Сабақтың мақсаты :1. 100 метрге жүгіру арқылы, оқушының жүгіру жылдамдығын анықтау. 2. Адамның басты байлығы денсаулық. Сондықтан оқушыларға денсаулықты сақтап, нығайтып, салауатты өмір салтын ұстануға, ағзаның дұрыс дамуына ықпал жасайтын гигиеналық ережелерді үнемі орындауға дағдыландыру. 3. Оқушыларды ептілікке, төзімділікке, достыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Денелерінің түзу және сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Өткізу әдісі : Жеке, дара Өтетін орны : Спорт алаңы Қажетті құралдар : Секундомер, ысқырық, жалауша, кегли, кубик, секіртпе.
Түзу сызық бойына сапқа тұрғызу. Спорттық киімдерін қадағалау.
Аралықты сақтау
Сапқа тұрғызып, оқушылырды әр станцияға бөлу. Жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру. Жүгіру техникасын және әдіс-тәсілдерін түсіндіру, көрсету. 1) Сөреде тұру техникасы 2) Сөреден шығу техникасы 3) Жүгіру кезіндегі жылдамдықты өзгерту 4) Мәре сызығын кесіп өту техникасы 5) Осы үйреткен тәсілдерді қосып шағын эстафеталық ойын ұйымдастыру (эстафеталық таяқшамен жүгіру)
6) Сертпелі доппен белгілі мәреге жету.
7) Батпақтан өту.