Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы
Қазақ әдебиеті сабағында оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру
Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім беріп, сауатты ұрпақ тәрбиелеу - негізгі міндеттердің бірі. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты.
Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін оқу ошақтарында елжандылық тәрбие идеяларын баланың санасына дарытуда әдебиеттің алатын орны ерекше.
Әдебиет - сөз өнері. Барлық сөзді тізе берсең әңгіме, жыр шықпайды. Адам жүрегі тербетіп, ақыл таразылап, тіл кестелеп айтқан
сөз өз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.
Ғылыми тұжырымда әдебиет <<адамтану құралы>>, ал әдебиет пәні <<адам тәрбиелеу құралы>> - делінген. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқақ арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Өйткені ғылыми педагогикалық ұстаным бойынша әдебиет пәні философиялық, педагогикалық, негізінен ұлттық ізгілікті, психологиялық, тұғырламалық мәдени-рухани көзқарастарға, құндылықтарға құрылған. Әдебиет пәнін оқыта отырып: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің қатысымдық, эстетикалық және этикалық қызметін меңгеруін қамтамасыз ету, оқыту үрдісі арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиеті шығармаларын оқу, түсіну, баяндап айту деңгейіне жеткізу.
Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
Әдебиет пәнін оқытудағы мақсат: Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалы, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;оқырмандық тұрақты ынта ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады, көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдебиет пәнін оқытуда басшылыққа алатын негізгі міндеттер:
- Оқушының көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем-дағдыларын қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Қазір мұғалімдер <<оқушылар көркем әдебиет оқымайды>> деп зар илейді. Қайдан оқиды, жас ұрпақтың қас дұшпаны - теледидар бар. Одан көрсетіліп жатқан неше түрлі қулық-сұмдық, қантөгіс, триллер т.б. баланың жан дүниесін жаулап алып барады. Оған компьютерді қосыңыз. Эфирден түспейтін даңғаза музыка тағы бар. Жаһандастыру идеясының астарында үстемдік алып бара жатқан осы зұлматқа қарсы қояр не бар? Қандай іс-шара, амал-әрекет жасау керек? Әсіресе қалалық жерлерде. К.Маркс <<Сананы тұрмыс билейді>> деп өте дұрыс айтады. Бүкіл адамзаттың гуманизм идеяларына негізделген биік мақсат-мұраттардың орнын қайткен күнде де бай болу, қала берсе тоғышарлық ой-сана билеп бара жатыр. Бір араб ғұламасы <<бала мінез жағынан тұқымына да, әке-шешесіне де тартпайды, бала заманына тартады>> деген екен. Нарықтық заман, капиталистік қоғам құрып бара жатқан жас ұрпақ санасын тек түрмыс билеп кетпеуі үшін оған қарама-қарсы қоятын бір ғана амал бар. Ол - білімді маман ғана емес, жақсы адам да тәрбиелеу.
Осы айтылғандардың барлығына апаратын алғашқы баспалдақ мектептегі әдебиет сабағында жатыр. Бұл әдебиетке қатысты екі түрлі іргелі мәселеге келіп тіреледі. Біріншісі - әдебиет оқулықтарының жазылуы мен құрылымдық сапасы болса, екіншісі пәнді оқытудың болмыс-бітімі.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
<<Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру>> - деген болатын әдебиет зерттеуші ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Білім алушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл - оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол - оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Қандай жақсы көркем шығарма болмасын, оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жан күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.
Оқушыдағы осы сезімді ояту - мұғалімнің қолында, яғни оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамегршілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс-тәсілдерді орнымен қолдануы қажет.
<<Әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнына қарай>>,- деп А. Байтұрсынов айтқандай қандай әдісті алсақ та баланың шығармашыл, өз ой-пікірі бар, зерттеу қабілеті дамыған, тәжірибеде теориялық білімін пайдалана алатын жеке дара тұлға болып қалыптасуына ықпал тигізуі керек.
Шығармашылық дегеніміз - адамның белсенділігі мен дербес іс әрекетінің ең жоғарғы формасы. Тәжірибелі әдіскер, әрі ғалым Қ.Тасболатов: <<Проблемалық ситуация тудыру - оқушыларға сұрақ қойып, оны шешу ғана емес. Мүндағы сұрақ әдетте қойылып жүрген сұрақтардан мүлде өзгеше. Ол сұрақ - оқушыға бейтаныс, өздігінен ізденіп, өзінше қорытынды жасай білетіндей сұрақ болуға тиіс>>. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар. Бұл - Блумның сұрақ қою жүйесі. Спандияр Көбеевтің <<Қалың мал>> шығармасын өтуде бұл жүйені қалай пайдаланғанымызды кесте арқылы дәлелдейміз.
С.Көбеев <<Қалың мал>>
Білім: Автордың <<Қалың мал>> романын жазуына себеп болған жағдайлар. Әңгіменің <<Қалың мал>> деп аталуы нені меңзейді?
Ең басты негізгі себеп - қазақ әйелінің қас жауы, әйелдердің теңсіздікте, қорлық-зорлықта туып, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес жүргізу мақсат еді. Шірік салтты әшкерелеу, қалың халық бұқарасын одан бездіру, әйелдерді азаттық күреске шақыру.
Түсіну: Ғайша рухын жазушы неге шырылдатып көкке көтереді?
Жазушының бағыты айқын. Ол феодалдық салт шырмауынан босатып, әйелді сүйгеніне қосуды, қалың малды жоюды армандайды.
Қолдану:
Әй, аға, шыныменен шалға беріп,
Ғайшаның теңін таппай малға беріп, - деп Ғайшаның сөздері арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды? Әңгіменің идясын ашуда эпизодтың маңызы қандай?
Бұл үзіндіде жазушы басына іс түсіп, не істерін білмей дал болған шерлі адамның ауыр күрсінісін көрсетеді. Осы эпизодта өзегі өртенген, қасірет пен өксікке тұншығып, қараңғылыққа батып бара жатқан Ғайшаның әдет-ғұрып заңына қарғыс айтып, бұлай өмір сүргісі келмейтіні аңғарылады.
Анализ: Автордың: <<байлық - ол үшін жақсы, беделді болудың кепілі>> деп, нені айтқысы келіп отыр? Қазіргі таңда мұндай адамдар бар ма?
С.Торайғыровтың <<Кім жазықты?>> шығармасымен салыстыр. Ұқсастығын дәлелде.
Шығармадағы Тұрағұл өзінен гөрі малға көбірек сенеді. <<Маған бермесе де, малға береді>> деп сеніммен айтады.Бәріміз де жұмыр басты пендеміз. Сонда да, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дегендей, Тұрағұл секілді адамдар бірен-саран болса да бар. <<Заманға таң қалма, адамға таң қал>>,- деп босқа айтылмаса керек.
Екі шығарманы салыстыру арқылы Венн диагрммасы жасалады.
Синтез: <<Өмір. Махаббат. Өлім>> деген тақырыпта ойтолғау жазу.
Нұр құятын, жыр құятын көңілге,
Махаббат бар, махаббат бар өмірде.
Сол сезіммен нұрлы сенің ғұмырың,
Айналайын, асықпашы өлімге.
Бағалау: Әңгімедегі қай адаммен кездескіңіз келеді? Осы романды оқи отырып мен өзіме не ала алдым?
Сырт қарағанда романның негізгі мәселесі қалың малшылдықтың дерті сияқты. Ал шығарманың ішкі мазмұнына, мәніне ой жүгіртсек, негізгі мәселе қалың малдан әлдеқайда әріде жатыр. Ол қазақтың ерекше қадірлеп, қасиет тұтып өсірген қыз баласының тағдыры екен. Мен егер мүмкіндік болса, Итбаймен кездесер едім. Ондағы мақсатым, қызын қорғай алмаған әкенің бұрынғы мейірімінің жалған болғаны ма? Оның мысын құртқан қандай дерт екенін өз аузынан естісем деймін.
Мұндағы басты міндетіміз - оқушының шығарма мазмұны арқылы, образдар жүйесі, ондағы көтерілген негізгі мәселелермен білім алушының сана - сезіміне қозғау салу. Зер сала қарасақ, оқушының білімді меңгеру деңгейі анализден бастап синтез, бағада жоғарылай түседі. Технологияның негізгі ерекшелігі де, тиімділігі де осында.
Мұғалім білім алушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады. Шәкәрім Құдайбердиевтің <<Еңлік-Кебек>> романын өткенімізде, оқушыларды жан-жақты іздендіре отырып <<Екі түрлі түсініктеме күнделігімен>> жұмыс жасағанда мынадай нәтижеге жеттік.
Мәтіннен үзінді
Үзінді жайлы пікір
Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел
Ел қамы үшін өлуге жанын салып,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап.
Жауға батыл, жақынға және әдепті,
Кішіні де, үлкенді ағатайлап.
Бұл шумақта Кебектің ел қамы үшін жанын салып, өлімге даяр екендігін баяндайды. Кебектің сегіз қырлы, бір сырлы екендігі осында болар.
Батыр - жауда сыналады, Жуас - жайда сыналады.
Ердің ұлы - соғыста.
Не күшті, ойласаңыз, тағдыр күшті,
Кім тоқтатар әзелде болмақ істі.
<<Өлсең бірге өлмекші сертім бар>> - деп,
Мінгестіріп алуға аттан түсті.
Кебектің махаббатқа беріктігі, оның сабырлылығы, сын көзбен қарап, махаббаттан өмір туатынын көрсетеді.
Жаның түгел шықса да, үлкен үмітті жоғалтпа.
Кебек мұны естіп көп ойланды,
Асықпай біраз ғана еп ойланды.
Түні бойы қыз мені сынапты ғой,
Мен де мұны сынайын деп ойланды.
<<Сын айтылма, мін түзелмес>> дегендей, Кебектің түні бойы айла ойластыруы айтылады.
Сынамаған - алданар,
Ойламаған - ұтқызар.
Сабақ барысында оқушылардың барлығы да белсенділік танытты, бірінің ойын бірі тыңдады, шығармашылық ізденістің көзін ашты, оны көрсете білуде ойтолғаныс негізінде олардың білімдері бекіді. Оқушы өзінің оқыған шығармалары бойынша қорытынды шығарады, кейіпкер әрекетіне баға береді, әр түрлі көзқарасы қалыптасады. Кейіпкердің тағдыры, оқиғадағы іс-әрекеті оқушы ойына қозғау салып қана қоймай, шешімдердің түйінін шешуге жол ашатын бағыт сілтеді.
Қорыта келгенде, әдебиет жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделілігі де осында жатса керек.
Халқымыздың өмірінде сөз, сөйлеу өнері ең басты шешуші рөл атқарады. Бүгінгі уақытта шешен, ұтқыр, ойлы сөйлеудің қажеттілігі күн санап артып келеді. Олай болса, тіл мәртебесін көтеруге, өз тілімізді көркем де кестелі сөйлеуге, сауатты жаза білуге жас ұрпақты тәрбиелеу - әдебиет пәнінің басты мұраты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. <<Жалын>> журналы, № 1, 2004 ж.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті №7, 2003 ж.
3. <<Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесі: өзекті мәселелері мен озық технологиялар>> мақалалар жинағы. 2009ж.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz