Екатерина картиналары

Тақырыбы: ХҮІІІ ғасыр. Ресей

Мақсаты: ХҮІІІ Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамуы болғандығын атап көрсету. Сондай-ақ Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінен артта қалу себептерін ашып беру.

І Петр тұсындағы мемлекеттің өнеркәсібінде маңызды өзгерістер болғандығы және Солтүстік соғыстың салдары шаруаларға ауыр міндеткерлік тудырғаны жайлы баяндау. І Петр енгізген әлеуметтік-экономикалық өзгертулер мен реформалардың мәнін түсіндіру. ІІ Екатерина билік құрған уақыттағы І Петр реформасының жалғастырылғаны туралы және Ресейдің ұлы державаға айналғандығы туралы түсінік беру.

Көрнекілігі: ХҮІІ - ХҮІІІ ғ. ғ. Ресей картасы; кесте, сызба, І Петр, ІІ Екатерина картиналары; хронологиялық кесте.

І Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сәлематсыздарма, оқушылар, отырыңыздар.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабағымызды қайталаймыз. Бүгінгі сабағымыз НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? ойын түрінде өткізіледі.

Ойынымызға келіп отырған 2 топ өздерін таныстырады.

  1. Ойын шартымен таныстырып өтейін.

Алдарыңыздағы сұрақтарды бір- бірмеп алып жауап беріңіздер. Қай топ бастауын анықтау үшін топтарға сұрақ беремін. Дұрыс жауапқа 1 ақылдан беріп отырамын.

Сұрақ: ХҮІІІ ғ. Ресейде мануфактура неше түрге бөлінді?

(3-ге қазыналық, көпестік, помещиктік)

ІІ НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? ойыны

1 Патшаның жеке мұралық туралы жарлығы қай кезде қабылданды және онда не туралы айтылған?

(1714ж Қ. Жер дворяндар меншігіне беріліп жермен бірге шаруалар да помещиктің жеке меншігіне айналды)

2 ХҮІІІ ғ. Ресейде алым салықтың қандай түрі алынды? (жер өңдеуге қолайсыз, қара топырақты емес аудандарда феодалдар шаруалардан ақшалай алым жинаса, ал Оңтүстіктегі құнарлы жерлерде айдалатын жер көлемі кеңейтілді және баршина алынды) .

3 Кәсіптік алым дегеніміз не?

(балық аулау, монша, диірмен)

4 Солтүстік соғыстың негізгі шайқас болған жерлерін картадан көрсет

1. 1700ж 19 қараша Нарва түб

2. 1702ж басы Эстфер қыстағы маңы

3. 1702ж маусым Гуммельсгоф түбінде

4. 1709ж 27 маусым Полтава шайқасы

5. Қара жәшік сұрағы: Мына жәшіктің ішінде жасырылған заттың авторы мектеп мұғалімі. Бұл кім? (Н. Хабиқызы)

6. Ресейдегі алғашқы басылымдарды ата (Ведомости 1703ж)

7. І Петр қашан Ұлы Император атағын алды? (1721ж 20 қазан)

8. Петербургтегі алғашқы орыс мұражайын ата? Ұйымдастырушы кім? (Кунсткамера, І Петр) Л. Тажмұқанқызы

9. Санкт - Петербург қаласының іргетасы қашан қаланды? (1703ж)

10. ХҮІІІ ғ. Ресейдің экономикалық жағынан Батыс елдерден артта қалу себебі неде? (Мемлекет Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан анағұрлым артта қалды. Ресейде әлі де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды, капиталистік өндірістің элементтері енді ғана ене бастады. )

11. Ресей Швецияға қашан соғыс жариялады және соғыс мақсаты қандай болды?(1700ж 9 тамыз Балтық теңізіне шығу)

12. І Петр реформаларын ата? (Әскери реф. Салық реф. Басқару және өкімет орындары реф. Шіркеу реф. Мәдениет тұрмыс саласындағы реф. ) Ермекова Л. Ж.

Топтың жеңімпазын анықтау.

ІІІ Енді біздер жаңа сабақ қаласының жағалауына келіп жеттік. Жаңа сабақ қаласына ену үшін жолдама алуымыз керек. Желкендегі сұрақтарға жауап берсек жаңа сабақ қаласына жолдама аламыз. Енді сұрақтарға жауап берейік.

  1. І Петрдің туған күні - 30 мамыр 1672 жыл
  2. Солтүстік соғыс - 1700-1721ж
  3. Полтава шайқасы - 1709ж
  4. Сенаттың құрылуы -1711ж
  5. Қайтыс болған күні - 28 қаңтар 1725 жыл

Жаңа сабақтың тақырыбы: ХҮІІІғ. Ресей ІІ бөлім


Ұқсас жұмыстар
20 ғасырдың 50-70 жж. Қазақстандық суретшілер
Сәкен Гұмаров - суретші, театр қайраткері, журналист, режиссер
Ақ шаш
Көтерілістің барысы
Менің досым. 3-сынып
Сергей васильевич рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы
Сен .....апар
Герман империясының құрылуы
Туған өлке өлеңі
Достық өлкесінің заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz