Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері

Пәні: Химия

Сыныбы: 11 «А»

Күні: 24. 11. 2011 ж

Сабақтың тақырыбы:

§6. 2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Көмірсутектердің галогентуындыларының физикалық және химиялық қасиеттерімен таныстыру олардың жеке өкілдерімен таныстыра отырып, олардың қолданылуы туралы білімді меңгерту.

ә) дамытушылық: Оқытудың технологияларын пайдаланып, тақырып мазмұнын талдауға, салыстыруға білу қабілетіне дамытуға, танымдық қабілеттерін арттыруға, оқушының іскерлігін, өзбетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамытуға бағыт

б) тәрбиелік: Көмірсутектердің галогентуындыларының қолдану саласын, пайдасы мен зиянын айыра білуге наихаттау, оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге, мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, тірек-сызбалар арқылы оқыту, түсіндіре-әңгімелеу, демонстрациялау

Сабақтың пән аралық байланысы: математика, физика, биология

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, шар өзекті моделдер, периодтық кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау

Тапсырма №1

Тренинг өткізу: «Сенесің бе, сенбейсің бе?»

Тапсырма №2 «Формуласын жаз»

Хлорэтан

Бромэтан

Иодэтан

Фторэтан

2- хлорпропан

1-хлорпропан

Хлорбензол

2-бром 1-метилпропан

Тапсырма №3 «Реакцияны аяқта»

H 2 C= CH 2 + HCL

этилен хлорсутек

Тапсырма №4

«Түзу ме, қиғаш па?»

CH 3 J
C 6 H 6
CH 2 ═CH 2
CH3J: CH 4
C6H6: CCL 4
CH2═CH2: CH≡CH
CH3J: C 6 H 5 -C 3 H 7
C6H6: C 6 H 5 -CH 3
CH2═CH2: C 2 H 5 Br

§6. 2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.

Физикалық қасиеттері:

  1. Алкил радикалы мен галогеннің массасы өскенде, галогеналкилдердің қайнау температураларыда артады.
  2. Галогеналкалдардың бастапқы мүшесі газ тектес, ортаңғылары сұйық заттар.
  3. Өздеріне тән тәтті иістері болады
  4. Суда нашар ериді, органикалық еріткіште жақсы ериді.

Химиялық қасиеттері

Галогеналкилдер

І орынбасу реакциясы ІІ айырылсу реакциясы ІІІ тотығу реакциясы

Орынбасу реакциясы

Галогенакилдердің сілтімен әрекеттесуі

C 2 H 5 CL +NaOH C 2 H 5 OH +NaCL

Хлор натрий гидроксиді этанол натрий хлориді

ІІ. Айырылу ыдырау реакциясы :

А) Егер гологеналкилдің құрамында галогеннің бір атомы болса, алкен түзіледі спирт

H 3 C-CH 2 CL+NaOН H 2 C = CH 2 +NaCL+H 2 O

хлорэтан этилен

ә) Егер сілтінің спирттегі ертіндісімен диагологентуындылар әрекеттесе, ацетилин қатарындағы көмірсутектер түзіледі:

спирт

CHCL 2 - CH 3 + 2KOН HC≡CH+2KCL+2H 2 О

1, 1 дихлорэтан

ІІІ. Вюрц реакциясы:

t

2CH 3 CL+2 Na C 2 H 6 +2NaCL

Хлорметан этан

ІҮ. Галогеналкандар металдармен әрекеттесіп, циклоалкандар түзеді:

1 2 3 4

CH 2 -CH 2 -CH 2 -CH 2 +Zn H 2 C-CH 2 + ZnCL 2

CL CL H 2 C- CH 2

1, 4 дихлорбутан мырыш циклобутан мырыш хлориді

«Артықпын мен»

А) CH 4 , C 4 H 10 , CH 3 I, C 2 H 6

Ә) C 2 H 4 , C 3 H 7 Br, C 5 H 10 , C 7 H 14

В) C 2 H 2 , C 3 H 4 , C 2 H 2 CL 2 , C 4 H 6

Есептер

7. Массасы 101 г хлорметан алу үшін метанның қандай массасы мен көлемі қажет болатындығын есептеңдер

8. Тоңазытқыш қондырғыларда салқындатқыш ретінде сұйық күйге оңай айналатын газ тәрізді зат - фреон-12 (дифтордихлорметан) жиі қолданылады. Осы заттың ауамен және көмірқышқыл газымен салыстырғандағы тығыздығын табыңдар.

(4, 2; 2, 75. )

9. Төртхлорлы көміртек буының тығыздығы, ауаның тығыздығынан неше есе ауыр екенін есептеп табыңдар. Бұл заттың өрт сөндіру үшін қолданылатынын қалай түсіндіресіңдер?

(5, 3)

11. Құрамындағы көміртектің массалық үлесі-51, 89%, сутектің массалық үлесі -9, 73%, хлордың массалық үлесі -38, 38% болатын, сутек бойынша буының тығыздығы 46-ға тең қосылыстың формуласын есептеп шығарыңдар.

(C 4 H 9 CI)

Мына заттардың шар өзекті модельдерін жасаңдар

а) хлороформаның;

ә) дихлорэтанның;

б) дифтордихлорметанның;

Үйге тапсырма

§6. 2. Көмірсутектердің галогентуындыларының қасиеттері.

  1. Тапсырма №10 есеп: Монохлорметан, дихлорметан, трихлорметан және тертахлорметандардың құрамындағы көміртектің массалық үлестерін табыңдар. Салыстырмалы молекулалық массалары мен көміртектің массалық үлестерінің арасындағы байланысты бейнелейтін график сызыңдар.
  2. Тапсырма. Көмірсутектердің галогентуындыларының пайдасы мен зиянын зерттеу.

№197 қазақ орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: §6. 2. Көмірсутектердің галогентуындыларының

қасиеттері.

Сыныбы: 11 «а»

Пән мұғалімі: Әбдиева А.

Қызылорда 2011 ж


Ұқсас жұмыстар
Алкадиендер. жалпы сипаттамасы, изомериясы, номенклатурасы. табиғи каучук және синтетикалық каучук. резеңке
Ароматты көмірсутектер .Бензол
Тас көмір
Мұнайдың құрамындағы көмірсутектері
Мұнай құрамы, қасиеті, өңдеу әдістері, өнімдері
Метан қатарындағы көмірсутектер туралы түсінік
Көмірсутектер мен олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс
Оттекті органикалық қосылыстар. спирттер
Қаныққан көмірсутектер Қанықпаған көмірсутектер
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz