Химиялық диктант

Бакитова Венера, химия пәнінің мұғалімі 091008
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Екінші Шежін ауылы.
10-сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыты
Cабақтытың тақырыбы: Металлургия. Өндірісте металды алу әдістері.
Сабақтың мақсаты: 1. Металдарды алудың негізгі тәсілдері және
металлургия туралы түсінік беру.
2. Металдардың алу жолдарын химиялық
реакция теңдеулермен сипаттай білу
және өндірісті есептер шығару
дағдыларын қалыптастыру.
3. Өз бетімен жеке жұмыс жасуға,
бірін-бірі бағалауға тәрбиелеу. Кәсіптік
бағдар беру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, география.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: Химиялық диктант, сұрақ-жауап, тірек- сызбамен талдау, СТО стратегиясының элементтері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Бекіту
Ү. Үйге тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Химиялық диктант. ( оқушыларға жеке парақтағы тапсырманы толтырады, бірі-бірін бағалайды)
Химия өнеркәсіптің ғылыми негізін химиялық технология құрайды. Технологиялық процеске өнеркәсіптік масштабта енгізілген химия ғылымын өндірістік химия деп атайды. Жалпы технологиялық принциптерге жатады: процестің үздіксіз принципі, қарсы ағыс принципі, жалға қайнайтын қабат принципі, реакция жылуын іске жарату принципі, өндірістік қалдықтарды қолдану принципі. Химиялық өнеркәсіп шикізаты болып есептеледі-бұл пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалардың жер қыртысында немесе бетінде жинақталуы-кен орындары деп атайды. Пайдалы қазбалар қатты, сұйық, газтектес болады. Пайдалы қазбаларды әр түрлі бөгде заттардан тазартып, бағалы компоненттердің үлесін арттыру процесін байыту деп айтады. Байыту процесі үш сатыдан тұрады. І саты-майдалау, ІІ саты-ұнтақтау, ІІІ сатысы-бөлу. Байытудың ең көп таралған жолы флотация. Флотацияның басты жетістігі кеннен кез келген минералды бөледі. Қоршаған ортаға бөлінген қалдықтарды міндетті түрде заласыздандыру қажет. /12 сөйлем дұрыс-5, 11-8 сөйлем дұрыс-4, 7-5 сөйлем дұрыс-3/
2. Теориялық сұрақ-жауап :
* Технологиялық принциптердің мағынасы неде?
а/ процестің үздіксіз принципі,
б/ қарсы ағыс принципі,
в/ жалға қайнайтын қабат принципі,
г/ реакция жылуын іске жарату принципі,
д/ өндірістік қалдықтарды қолдану принципі
*Ђ*Жердің қандай ресурстары қалпына келетін, қайсылары қалпына келмейтін ресурстарға жатады?
- Қалдықтар, екіншілік ресурстар, техногендік кен орындары деген терминдерді қалай түсінесіз?
- Егер сіз болашақта химиялық өнеркәсіппен айналассаңыз қандай принциптерді басшылыққа алар едіңіз?
- Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қандай халықаралық және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары бар?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
1. «Металлургия» сөзіне ассоцияация құру.
Слайдта: Грекше metallon -кендік, металл және erqon-жұмыс.
Металлургия-кеннен металды жасанды балқыту (алғашқы)
Металлургия-бұл металдар, құймалар және олардан бұйымдар алудың барлық процестерін қамтитын ғылым мен техниканың және өнеркәсіптің саласы.
Металлургияның қара және түсті болып бөлінуі: қара металлургияда темірдін құймалары - шойын мен болот өндіру іске асырылады, ал тусті металлургияда темірден баска барлық металдар мен олардың құймалары өндіріледі. (слайд)
Металдарды алу әдісі (слайд)
1. Пирометаллургия:
1. 1. Металлотермия (алюмотермия, магнийтермия)
1. 2. Сутекпен тотықсыздандыру
1. 3. Кокспен немесе кремниймен тотықсыздандыру
1. 4. Көміртек /ІІ/ оксидімен тотықсыздандыру
1. 5. Оксидтерді ыдырату
1. 6. Галогенидтерді ыдырату
2. Гидрометаллургия
3. Электрометаллургия:
1. 1. Балқымалардың электролизі
1. 2. Ерітінділердің электролизі
Пирометаллургиялық (грекше "пир" - от, металлургия металдарды өндеу) әдістер тобы. Оған металдарды жоғары температурада тотықсыздандыру процестері жатады.
1. Металлотермия / темір, хром, марганец, вольфрам/
Алюминтермия тотықсыздандыргыш ретінде алюминий қолданылса
Cr2O3+2AI=2Cr+AI2O3
Магнийтермия
MnO2+2Mq=2Mqo+Mn
2. Сутекпен тотықсыздандыру суте-термия деп аталады ( қорғасын, мыс, вольфрам, марганец, темір, кобальт, молибден, хром, титан)
WO3+3H2=W+3H2O
3. Кокспен немесе кремниймен тотықсыздандыру (мыс, мырыш, қалайы, висмут, темір, кобальт, никель)
4. Көміртек /ІІ/ оксидімен тотықсыздандыру ( темір, феррокұймалар)
Fe2O3+3Co=2Fe+3Co2
5. Оксидтерді ыдырату (сынып, күміс)
6. Галогенидтерді ыдырату (титан, алтын, т. б галогентудырушы тұздар)
2. Гидрометаллургия Күміс, мыс, мырыш, кадмий, молибден, ванадий
3. Электрометаллургия
1. Балқымалардың электролизі / сілтілік, сілтілік жер металдар, алюминий, магний, мыс, т. б/
2NaCI= 2Na+CI2
- Ерітінділердің элетролизі ( э/х кернеу қатары бойынша магнийден күміске дейін)
Mn Eu Ti AI Li La U Ge ( химиялық элементтердің бірінші әріпінен сөз құраңыз)
Металлург-бұл мамандықты Жұбанов атындағы Актөбе қаласындағы Мемлекеттік Университетте инженер-технолог факультетінде оқып игереді. 240140 «Қара металдар металлургиясы», 050709 «Металлургия» және Қарағанды қаласындағы металлургиялық институтта, мамандығы «Шойын металлургі» және «болатты және металдарды қысым арқылы өндеу». ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мамандығы металлург.
- ІҮ. БекітуӨндірістік
Өндірістік мағынасы бар есептер шығару:
1) 1т магнетиті (Fe3O4) тотықсыздандырғанда 624 кг темір алынған болса, шығымын есептеңдер. (86, 19%)
2) 19, 6 г мыс /ІІ/ гидроксидін термиялық жолмен айырғанда түзілген мыс /ІІ/ оксидін тотықсыздандыруға сутектің қандай көлемі ( қ. ж. ) жұмсалады
3) Металдардың алу әдістеріне мысалдар келтіріңіз.
- Ү. Үйге тапсырма: Сабақта қолданылған терминдерді орыс, ағылшын тіліне аудару
- Параграф 9. 3.
- Өндірістік мазмұны бар 2-3 есептер шығару ҰБТ тестерінен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz