Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлпа сұйықтығы

| |
| |
|«Ауызша сабақ-1 » технологиялық картасы |
| |
|Сабақтың тақырыбы : Ұлпа сұйықтығы. Лимфа. |
|Сабақтың мақсаты: |
|Оқу материалын оқушыларға 63% өз бетінше шығармашыл-ізденіс жұмысы арқылы меңгерту, оқу |
|техникасының көлемін,сапасын және шапшаңдығын арттыру,ойлау шапшаңдығын, жады мен |
|зейінді дамыту. |
|Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау. |
|ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру; |
|есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау; |
|пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету; |
|өз бетінше білім алуға үйрету,ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру; |
|өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету,өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту. |
|Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету |
|Көрнекілігі ,дидактикалық материалдар:тірек-конспект,интерактивті тақта, |
|ООМ, |
|Сабақтың барысы: |
| |
|Сабақтың |
|құрылымы |
|Технологиялық картаның жұмыс тәртібі |
|Түсініктеме |
| |
|1кезең. |
|Ұйымдастыру |
|кезеңі. |
|Оқушылардың зейінін жинақтау: |
|ООМ |
|А |
|Б |
|В |
|С |
|Д |
|Е |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
| |
|Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі |
| |
| |
| |
| |
| |
|2кезең. |
|Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. |
|Жетекші білім метод амалдарын өзектендіру кезеңі |
| |
|Үй тапсырмасы бойынша қарама –қарсы сұрақтар: |
|1.Қан жасушаларына не жатады. |
|(эритроциттер,лейкоциттер, тромбоциттер.) |
|2.Лейкоциттер дегеніміз не. |
|(қанның түссіз, ядролы,амеба тәрізді, қозғалғыш жасущалары). |
|3.Адамның 1куб мм қанында қанша лейкоциттер болады. |
|(4-9 мың ) |
|4.Лейкоциттер құрылыс ерекшелігіне сәйкес қандай топтарға бөлінеді |
|(түйіршікті, түйіршіксіз) |
|5.Түйіршікті лейкоциттерді атаңдар. |
|(нейтрофильдер,эозинофильдер,базофильдер). |
|6. Түйіршіксіз лейкоциттерге не жатады. |
|(лимфоциттер, моноциттер) |
|7.Лейкоциттер қайда түзіледі. |
|(сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде,айырша безде, көкбауырда) |
|8.Лейкоциттер қалай қозғалады. |
|(«жалған аяқтарының»көмегімен) |
|9.Микробтарды ерітетін «обыр жасушаларды» қалай атайды. |
|(фагоциттер) |
|10.Лимфоцит жасушаларында қандай қабілеті бар антиденелер түзіледі. |
|(қорғаныштық) |
|11Лейкоциттердің қызметін зерттеген физиолог ғалым. |
|(И.И. Мечников) |
|12.Тромбоциттер дегеніміз не. |
|(қан пластинкасы) |
|13.Жүрек қан тамырларында қанның ұюынан жүрек бұлшықеттеріне қанның баруы әлсіреуінен |
|болатын аурудың аталуы (инфаркт миокарда) |
|14.Мидағы қан тамырлардың жарылуы. |
|(инсульт) |
|15.Фибриногеннің фибринге айналуы қандай нәруызға байланысты.(протромбин) |
|16,Қан ұйымайтын ауру (гемофиля) |
|. |
|Жаңа тақырып тірек-конспект арқылы түсіндірілді |
| |
|ООМ бойынша бірінші реттік белгілеу |
|Кіріспе жасауға-5 мин |
| |
|3кезең. |
|Стандарттық |
|және өзгермелі жағдайларда білімді қолдану үлгісін құру |
| |
|Мәтінмен және тірек сөздермен жұмыс. |
|Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, тірек сөздерді табады: |
|Мұғалімнің тірек сөздерімен сәйкес келген сөздердің маңыздылығы анықталынып, тақтаға |
|жазылады. |
|Тақтадағы тірек сөздерді оқушылар есте сақтайды,уақыт біткен соң сөздер жабылып, есте |
|қалғандарын дәптерге жазады. |
|Сөздер ашылып, салыстырылады,ұмытып кеткен сөздермен толықтырады |
| |
|Мәтінді оқу жылдамдығы 1бетке 3мин.ООМ-да оқушылардың тапқан сөздері «+», «- » таңбамен|
|белгіленеді. |
|Тірек сөздерді дәптерге жазу.7 сөзге 30 сек уақыт беріледі.ООМ-да |
|Неше сөз жазғандығы тексеріліп. бормен сөз саны жазылады |
| |
|4кезең.Білімді өз бетінше қолдану |
| |
|Аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында,қиылыс сұрақтар қойылады |
|1.Қан сарысуынан түзілетін,түссіз, мөлдір сұйықтық. қалай аталады. |
|(Ұлпа сұйықтығы) |
|2.Ересек адам ағзасындағы ұлпа сұйықтығының мөлшері .(14-20л ) |
|3.Қылтамырлар мен жасушалардың арасындағы байланыс не арқылы жүзеге асады (Ұлпа |
|сұйықтығы ) |
|4.Ұлпа сұйықтығынан не түзіледі(лимфа) |
|5 «.Лимфа»латын сөзінен қазақшаға аударғанда қандай мағына береді (таза су, ылғал) |
|6.Адам денесінде бір тәулікте шамамен қанша литр лимфа түзіледі.(2-4л) |
|7. Лимфаның ұйығыштық қасиеті қандай нәруызға байланысты (фибриноген) |
|8.Лимфада болатын лейкоциттер қалай аталады.(лимфоциттер) |
|9.Лимфаның қызметі қандай (ұлпа сұйықтығын қан айналым жүйесіне қайтарады,ағзаға енген |
|зиянды микробтар мен басқа да бөгде заттарды сүзіп қалады, аш ішектің бүрлеріндегі майды|
|сіңіреді) |
|10. Қан сарысуы дегеніміз не |
|(қан ұйығының сығындыс) |
|11.Қан, ұлпа сұйықтығы,лимфа нені құрайды.(ағзаның ішкі ортасы) |
|12.Адам ағзасының микробтарға, түрлі ауруларға қарсы тұруы қандай жүйеге |
|байланысты.(иммундық жүйе) |
|13.Иммундық жүйеде қандай мүшелер болады (орталық, шеткі) |
|14.Дүние жүзінде кеңінен таралған, «ғасыр дерті» атанған ауру(ЖИТС) |
|15.ЖИТС-тің қоздырғышы (АИВ адам иммунтапшылық вирусы) |
|16.Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне не жатады.(кемік майы,айырша без) |
|17.Шеткі мүшелеріне не жатады |
|(бадамша бездер,лимфа түйіндері,көкбауыр,соқырішек.) |
|18.Көкбауыр қай жерде орналасқан(құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде) |
|Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.5баллдық шкаламен түрлі түсті бормен баға қойылады |
| |
|5кезең. |
|Бақылау және өзін-өзі бағалау |
| |
| |
|Оқушыларға сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын |
|ашатындай сыни сұрақтар қойылады. |
|1Ұлпа сұйықтығы қан жасушаларынан түзіледі.(жоқ, ол қан сарысуынан түзіледі) |
|2.Зат алмасу өнімдерінің концентрациясы әртүрлі болғандықтан олар алдымен ұлпа |
|сұйықтығынан жасушаларға бөлінеді.( жоқ, керісінше ). |
|3.Қан –адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын түссіз,мөлдір сұйықтық |
|.(жоқ,ол-лимфа) |
|4.Эритроцит- адамдағы лейкоциттердің 18-20 пайызын құрайды(ол-эритроцит |
|емес,лимфоцит,-лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі). |
|5.Күн сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады.(күнсәулесінің емес, рентген |
|сәулесінің әсерінен). |
|6Иммундық жүйеніңорталық мүшелерінебадамша бездер мен лимфа |
|түйіндері,көкбауыр,соқырішекжатады. (жоқ,оған сүйек кемігінде болатын кемік майы,айырша |
|без-тимус жатады) |
|7.Қысқа және жалпақ сүйектердің кемігінде сары түсті кемік майыболады (жоқ онда тек |
|қызыл түсті кемік майыболады ) |
|8.Ересек адамның сүйектеріндегі кемік майының мөлшері 5-7кг.(жоқ, 2,5-3кг). |
|9Иммундық жүйенің орталық мүшесіне жататын айырша без-жұтқыншақта орналасады.(жоқ |
|төссүйектің ішкі бетінде , қолқа доғасына жақын орналасады) |
|10.Жұтқыншақта 10 бадамша без шоғырланған,оны жұтқыншақ лимфа түйіні деп атайды, ( |
|Жұтқыншақта 10 емес,6 бадамша без орналасқан,оны жұтқыншақ лимфа сақинасы деп атайды) |
|11.Адам ағзасында 700-ге жуық лимфа түйіндері бар. (460-қа жуық) |
|12.Көкбауырдың салмағы-10-14г. (150-200г) |
|13.Лимфоцит жасушаларын атқаратын қызметіне байланысты 5-ке бөледі (2-ге бөлінеді) |
|14.В-лимфоциттер айырша безде жетіледі,( лимфа ұлпаларында жетіліп, лимфа арқылы |
|таралады) |
|15. Ағзаға түскен микробтарды , олар бөліп шығарған улы заттар –қарсы денелер ,анти |
|денелер.( қарсы гендер-антигендер) |
|16.Жасушалық иммунитетті қалыптастыратын В-лимфоциттер.( Т-лимфоциттер) |
|. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді. |
| |
| |
| |
|6кезең.Түзету және рефлексия |
| |
|Сабақ барысында жауап ала-алмаған сұрақтарға жауап іздестіру.Жіберілген қателерді |
|талдау.Өтілген тақырып бойынша ТСҚ негізінде эссе жазу. |
| |
|Жіберілген қателерді талдау. |
| |
|7кезең.Қорытындылау |
| |
|Тез және сапалы жұмыс жасаған ,толық жауап берген оқушыларды мадақтау.Сабаққа қатысып |
|отырған әр оқушыны назардан тыс қалдырмау,барлық оқушыларды еңбегіне қарай бағалау. |
|Барлық оқушы мадақталады.ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы 5 баллдық шкаламен |
|бағаланады |
| |
| |

Ұқсас жұмыстар
Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер
Иммундық жүйе мүшелері топтастыру
Биология. 8-сынып. "қан жасушасы"
Өкпедегі газ алмасу
Табиғат және оның экологиясы
Қанның қызметі
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері туралы ақпарат
Интерактивті тапсырма
Ұлпалардағы газ алмасу
Қанның құрамы мен қасиеттері. 8-сынып
Пәндер