Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі: шығу себептері, барысы және тарихи маңызы

Сынып: 8
Пән: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры-Сырым Датұлының өмірі, ол бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, барысы, нәтижесі, маңызы туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Оқулықпен, мәтінмен жұмыс жасай білушіліктерін, сөйлеу тілдерін, сөйлеу мәдениетін, әр түрлі тапсырмаларды орындай білу дағдысын дамыту .
Тәрбиелік :Баба рухын құрметтеуге, шешендік өнерге, Отансүйгіштік,
патриоттық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ- жауап, ой-қозғау, топтастыру,
ассоциация, мәнерлеп оқу, тест тапсырмалары.
Сабақтың көрнекілігі : карта, суреттер, көрнекіліктер, тірек- сызба,
қосымша кітаптар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс :Қазақ әдебиеті, география.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі :- амандасу;
- түгендеу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару;
I-бөлім. Үй тапсырмасын пысықтау:
1 . Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған не? - жер мәселесі.
- кіші жүздің ханы Нұралы, Жайық бойында мал жаюға
тыйым салған патша үкімін жоюды талап етті.
- Жайықтың оң жағасына көшіп - қонуға тыйым салды.
- патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы
өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға
бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың
наразылығын туғызды.
2 . Е. Пугачев көтерілісінің жеңілу себептері:
- Қазақ жасақтарының арасында өзара келісілген жоспар болмады.
- Көтеріліске қатысқан, бір жағынан қазақтардың, екінші жағынан
қалмақтардың, башқұрттардың, Жайық қазақтарының арасында
бұрыннан келе жатқан ескі кикілжің бар болатын.
- Патша үкіметінің әскерлері жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен
өткен еді.
3 . 1773-1775 жылғы көтерілістің тарихи маңызы:
-Орыс және қазақ шаруаларын біріктірді.
-Сырым Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.
-Көтерілістің барысында Еділ - Жайық аймағындағы орыс, башқұрт, қазақ
және қалмақ сияқты халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына
бірлескен күресінің мүмкіндігі айқын көрінді.
-Қазақтардың бұл шаруалар көтерілісіне қатысуы көшпелі халықтың өз
тәуелсіздігін қайтадан қалпына келтіруге, Қазақстанды әскер күшімен
басып алуға жол бермеуге деген ұмтылысының күшті екенін көрсетті.
-Кіші жүзде хан билігінің беделі төмендегенін көрсетті.
II-бөлім. Жаңа сабақтың жоспары:
- Көтерілістің шығу себептері мен қозғаушы күштері;
- Көтерілістің барысы;
- Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы;
Көтерілістің алғышарттары:
-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.
-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын колдамауы.
-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп,
Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына
бағындырылуы.
-Орыс помещиктері мен Жайық қазақ әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.
-1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын қазақ әскерлері
жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.
Көтеріліс аумағы: Еділ-Арал теңізі.
Көтерілісшілердің басты мақсаты:
- Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
- Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
- Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек кою.
Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802 ж. ж. ) . Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А. Суворов граф Панинге жазған хатында (1775ж 22 маусым) : «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.
Сырымның мақсаты - хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.
1802 жыл - Хиуада қайтыс болды.
Жеңілу себептері:
- Қазақ феодалары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.
- Руаралық қайшылықтар.
- Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.
- Қару-жарақтардың аздығы.
- Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
Тарихи маңызы:
- Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.
- Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.
- Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.
- Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды
Көтерілістің нәтижесі:
-1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге,
мал жаюға рұксат берді.
III-бөлім. Қорытындылау. Бағалау.
- Үйге тапсырма беру:§ 11 оқу, мазмұнын білу;
- 1 топ “Сырым - батыр тұлға” шығарма жазу;
- 2 топ Сырымның шешендік сөздерін жинастыру;
- 3 топ тест сұрақтарын құрастыру
Тест
1. 1782-83ж. ж. кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды?
а) С. Датұлы балаларының өлтірілуі;
ә) Жұт (малдың қырылуы) ;
б) С. Датұлының қазақтар тұтқынында азапталуы.
2. 1784ж. қарашада Сырым тобындағы қөтерілісшілер саны:
а) 1000-нан асты; ә) 1500-ге жуық; б) 2000-дай.
3. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім?
а) Императрица ІІ Екатерина;
ә) Князь Потемкин:
б) Барон Игельстром.
4. 1790ж. басында Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?
а) Кіші жүзде екі хандықтың орнауы;
ә) Қазақ отрядының Сырымға тірек болған ауылдарға шабуылы;
б) Патша өкіметінің көтерілісшілерді жазалау туралы жарлығы.
5. Жайықтың оң жағалауына қазақтардың қөшіп-қонуына рұқсат берген патша жарлығы қашан шықты?
а) 1797ж. ә) 1800ж. б) 1801ж.
Тест
1. 1782-83ж. ж. кіші жүз жерінде қандай ауыр жағдай болды?
а) С. Датұлы балаларының өлтірілуі;
ә) Жұт (малдың қырылуы) ;
б) С. Датұлының қазақтар тұтқынында азапталуы.
2. 1784ж. қарашада Сырым тобындағы қөтерілісшілер саны:
а) 1000-нан асты; ә) 1500-ге жуық; б) 2000-дай.
3. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отарлауды тездету және әкімшілік билеуді іске асыру туралы реформаның жобасын дайындаған кім?
а) Императрица ІІ Екатерина;
ә) Князь Потемкин:
б) Барон Игельстром.
4. 1790ж. басында Сырым көтерілісінің қайта өрлеуіне не түрткі болды?
а) Кіші жүзде екі хандықтың орнауы;
ә) Қазақ отрядының Сырымға тірек болған ауылдарға шабуылы;
б) Патша өкіметінің көтерілісшілерді жазалау туралы жарлығы.
5. Жайықтың оң жағалауына қазақтардың қөшіп-қонуына рұқсат берген патша жарлығы қашан шықты?
а) 1797ж. ә) 1800ж. б) 1801ж.