Қызға нәзіктік, ұлға батылдық

«Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»

Тақырыбы: «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық»

Білімділік мақсаты: Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.

Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін пайдаға асырып өздігінен әрекет ете алатын, алған білімдерін өмірлік жағдайға қолдана білетін жалпы азаматтық, ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген өзіндік көзқарасы бар, отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық», бейнематериалдар, плакаттар және т. б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Шаттық шеңбері. (Музыка ойнап тұрады)

- Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.

-Қайырлы күн!

-Сабағыңды жақсы оқы!

-Әрқашан жүзіңнен күлкі кетпесін!

-Адал бол!

-Қайрымды бол!

-Жүрегің жақсылыққа толы болсын!

-Алланың нұры жаусын!

(Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады)

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Қызға нәзіктік, ұлға батылдық» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. ( Оқушылар түстерді таңдап, орындарына отырады)

ІІІ. Тренинг. Берілген қағазға топтастыру стратегиясын пайдалана отырып, адамның жақсы және жаман қасиеттерін жазыңыз

Топтастыру стратегиясы

І топ. ІІ топ

Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен. Қыздарың ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін жаман қасиеттер жазылған парақтарды жыртып тастайық.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық, нәзіктік, батылдық қағидаларына тоқталамыз. Ал, енді өз пікірлерімізді ортаға салайық . (Балалар пікірі тыңдалады)

ІҮ. Жаңа ақпарат

Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяндық, ер балаларға - батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады.

Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.

Ү. Ойланайық пікірлесейік.

Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине

сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді ? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,

бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай

кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие

қалай болса, өскенде солай қалыптасады. )

3. Қызға қандай қылық жараспайды ? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,

өтірік айтқаны)

4. Қыздарға арнап мақал айт .

( Қыз өссе елдің көркі; Таудың көркі тас, Қыздың көркі шаш; Қызға қырық жерден тыю; Анаға қарап қыз өсер)

5. Сендерге қыздардың қандай мінезі ұнайды ? (қылықты, әдепті болса,

сыпайы, биязы болса )

Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды ? ( бұзақылық, сотқарлық, қорқақтық)

2. Ұлдарға арнап мақал айт

(Атадан жақсы ұл туса,

Қар үстінде от жанар,

Атадан жаман ұл туса,

Ат үстінде ит қабар

Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді )

3 . Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды ? (салмақты, кішіпейіл,

адамгершілігі мол),

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет

етуі тиіс. Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп

ойлаймын)

5 . Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

(Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

Хор ( бәріміз бірге ән шырқайық)

Қазақ қызы. Сөзі- И. Сапрбаевтікі

Әні- Р. Таймановтікі.

ҮІ. Ситуациялық жағдаяттар.

1- топ

1 сұрақ. Сіз автобуста отырсыз. Келесі аялдамадан қарт адам кірді. Бос

орын жоқ. Не істер едің?

2 сұрақ. Көшеде қарт әже құлап қалды. Сен не істер едің?

3 сұрақ. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз? Қандай әрекет

жасар едіңіз.

ІІ топ

1 сұрақ. Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт

адам келіп тұрды. Қайтер едіңіз?

2 сұрақ. Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп,

басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не

айтар едің?

3 сұрақ. Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу

керек?

ҮІІ. «Жалғастыр» ойыны

Енді, балалар, біраз сергіп алайық.

Не істеуге болмайды?
Не істеу керек?
Не істер едім?
Не істеуге болмайды?: Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды
Не істеу керек?: Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек.
Не істер едім?: Адамдарға қамқор болар едім.
Не істеуге болмайды?: Сабақтан кешігуге болмайды
Не істеу керек?: Кішілерге қамқор болу керек
Не істер едім?: Туған жерімді көркейтер едім.
Не істеуге болмайды?: Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды
Не істеу керек?: Сабақты жақсы оқу керек
Не істер едім?: Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім.
Не істеуге болмайды?: Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды
Не істеу керек?: Тәртіпті болу керек
Не істер едім?: Иманды ұл.
Не істеуге болмайды?: Тәртіпсіз болуға болмайды
Не істеу керек?: Әдептілік қағидаларын сақтау керек
Не істер едім?: Инабатты қыз болар едім.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ қызы
«квадраттық үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу» - тақырыбына есептер шығару
Қызым-қызғалдағым, ұлым-ізгі арманым жайлы ақпарат
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
Ақұштап Бақтыгерееваның Сіңіліге сыр өлеңі
Қазақ қыздары
Отбасы және қоғам
Азамат ердің баласы
Сұрақ таңда
Квадрат үшмүше тақырыбына есептер шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz