Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Мақсаты:

Энергия туралы түсініктерін тереңдету.

  • «Күй» ұғымын қалыптастыру.
  • Күй параметрлерімен таныстыру.
  • Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.
  • Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.

. Білімдік мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.

Дамыту мақсаты: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты : Ғылыми дүниетанымын арттыру, а лған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютер,

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.

Үй тапсырмасын сұрау . 1. Зымыран қалай қозғалады?

2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

3. Реактивті қозғалысқа мысалдар келтір?

4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?

5. Ғарышты зерттеудегі қандай шамаларға байланысты?

  • Қызығушылықты ояту
  • Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.

металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.

Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?

Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.

2. Мағыныны тану.

Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.

І топ тапсырмасы

  • Сіз, күйлі - қуаттысыз ба?
  • Энергия - қандай ұғым?
  • Механикалық күй дегеніміз не?

ІІ топ тапсырмасы

  • Механикалық энергия дегеніміз не?
  • Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

ІІІ топ тапсырмасы

  • Толық механикалық энергия деп нені айтамыз?
  • Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?

Топты құрастыру

Жұптаса отырып шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне айтып беруі, дайындығы.

Әлеуметтендіру (социология) кезеңі .

  1. Оқушылардың алған тапсырмасы бойынша араласып отыруы.
  2. әр топтан келген оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық әңгіме құрастыру.

Энергия - дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т. б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.

Күй- дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.

Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:

1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны

2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек .

Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.

Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.

Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады .

Энергияның өлшем бірлігі - ( Е) Джоуль( Дж)

  • Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергиядеп аталады.
  • Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-потенциялық энергиядеп аталады.

Бір - бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша) .

Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.

Е толық = Е k + E p =const

Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.

  • Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар?
  • Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында кинетикалық энергия туралы сөз болады: иілген серіппеде; соққан желде; сарқырамадан құлап аққан суда; сығылған ауада; үй шатырының шетінде жатқан таста?

3. Ой толғаныс. а) Венн диаграммасын толтыру

Е n ортақ қасиет Е k

.

Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:

  1. Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не ?
  2. Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай

тұжырымдалады?

Анықтама кестесі.

р. с
физикалық шаманың атауы
белгіленуі
Формуласы
өлшем бірлігі
р. с: 1
физикалық шаманың атауы: Дене импульсі
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:
р. с:

2

физикалық шаманың атауы: Күш импульсі
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:
р. с:

3

физикалық шаманың атауы: Күш жұмысы
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:
р. с:

4

физикалық шаманың атауы: Ауырлық күші
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:
р. с:

5

физикалық шаманың атауы: Серпімділік күші
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:
р. с:

6

физикалық шаманың атауы: Кинетикалық энергия
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:
р. с:

7

физикалық шаманың атауы: Потенциалдық энергия
белгіленуі:
Формуласы:
өлшем бірлігі:

Деңгейлік есептер.


Ұқсас жұмыстар
Энергияның сақталу заңы
Энергияның сақталу қасиеті
Энергияның формуласы
Энергия. энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы. 9 cынып
Кинетикалық энергия
Механикалық энергияның сақталу заңы
Энергия
Шеберхана кезеңдерін қолдану
Энергия. энергияның түрлері
Потенциалдық энергия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz